Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет132/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

планды,   —   бәрін   айтыстық.   Аяғында   сүйісіп   айырылдық.   Ол
сөзінің аяғын ағасына сілтей берді: Мені оқытқан сол еді. Оның
еңбегін зая қылғандай болам ғой,— деді. Және оқи түсемін деді.
Мен екеуін де себеп емес дедім. Шын жүрегіңнен шыққан бір ауыз
сөзің   керек   дедім.   Оған   келесі   жолы   жауап   бермек   болды.   Өзі
ұялып,   қысылған   іспетті,   қызарды,   терледі.   Мен   де   құшақтап,
қысып, терлеттім білем: көңілде тәтті әсер қалдырды.
«Еңбекшіл қазақ» келді. Бернияз бір қызбен екеуі атылып өліпті.
Қайғылы   хабар.   Жігерлі   жас   ақын   еді:   аяныш!..   Қандай   себеп
болды   екен?   Қазақта   өзін   өлтіру   сирек   болушы   еді.   Мынау   бір
таңданарлық іс. Әлде мастық, әлде махаббат, әлде алдану, әлде
жауыз тұрмыс... Әйтеуір бір ауыр күйік биледі ғой. Өмір шіркін
қалай шолақ (?)».
«Март — 28.
Белинский   айтқан   екен:   «Қиялдан   шыққан   махаббат   таза
жүректен   шыққан   махаббаттан   ауыр,   жаман   болады.   Қиял
махаббаты   жүрекке   түссе,   ауыр   тас   түскен   секілді,
қозғалтпайды, жанышады, улайды деп. Сол рас па деймін. Сарғаю,
күйіну, — жүрек қатты ауырады».
«Март — 29.
Кешке   Қадиша   жеңгейде   болдық.   Ай   жарық,   күн   жылы   еді.
Көшеде   қыдырдық.   Күләнмен   сөйлестім.   Өз   пікірі   жоқ:   «Мария
Алексей қызы не айтар екен?» деген секілді, аға-жеңгем не айтар
екен,   қалай  қарар  екен  дей   береді.   Жарымадым.   Оқыған   қыздың
оқымаған  қыздан айырмасы  болмағанына   кейідім.  Бір  қыс  ораза
ұстап, босқа әуре болған екем деп, қынжылдым».
«Апрель — 4.
Қапай хат жазып, ғашық боп жүретін Марияш деген қыз Күләнға:
Ақбала   маған   хат   жазды,—   деп   мақтаныпты.   Мен
жазбағанымды, жазбайтынымды дәлелдедім. Қапай менің сырлас
жолдасым.   Ол   Марияшты   алам   деп   жүретін.   Қапаймен   оның


жүргенін Күлән өзі де көрген. Мен: ол өсек болар; сенімен арамызға
жік   салмақ   ойы   бар   шығар;   әйел   күншіл   келеді   ғой.   Маған
нанбасаң,   менің   оған   жазған   хатымды   көр,   сұрап   ал...—   дедім.
Әйтседе нанбағандай  болды.  Күлән өтірікке, өсекке нанғыш  көп
қыздың бірі екен деген күдік пайда болды».
«Апрель — 6.
Ыбырай   мұғалімде   қонақта   болдық.   Әйелдерді   де   шақырыпты.
Әйелдер бөлек бөлмеде отырды. Ойын бастамақ болды. Орыстың
белбеу соқ (жгут) деген ойынын ойнадық. Әйелдердің белгілегенін
тауып   қоя   бердік.   Олардың   кімі   кім   болғанын   уақ   балалар   бізге
жеткізіп   тұрып   еді.   Таба   алмағанды   ескен   белбеумен   ұратын
ойын еді. Қыздар белбеу жеген соң, ашуланып, ойнамады. Ойынды
бұзған Күлән болды.
Әбікен   маған   сыбырлап   сыр   айтты.   Әнеугі   ойында   Күлән
Сарбаламен   оңаша   жерде   сөйлесіп   тұрғанын   Мақан   деген   бала
көріпті.   (Мақан   өтірік   айтпайтын   таза   бала).   Сарбала   жай
сөйлеспепті, қолы бір жұмсақ жерде тұрыпты. Жәкімнің түнде
ағаш   ішіне   бозбаламен   қыдырып   кететінін   айтты.   Жәкім   мен
Күлән   қосақтаулы   тайыншадай   бірінен-бірі   айырылмайды.
Күләнға   «Онымен   неге   жүресің»   дегенде:   «Сабақтас,   жолдас
болғасын...» дейтін. «Сарбаламен неге жүресің?» дегенде де үндей
алмай қап еді; безерленіп еді, ұялмап еді.
Марттың жиырма жетісінде Күлән Сарбаламен екеумізге кезек
қарап,   қызараңдап   отырғанын   ішім   жек   көріп   еді.   Екеумізді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет