Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет14/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

темекі   сасыған,   елді   қыран   жапқандай   қылып,   қамшы,   қылыш,
мылтық ойнататын, мейірімсіз, шадыр мінез орыс осы емес пе?
Шынымен   сол   орысты   иіскегені   ме?   Шынымен   ақ   төсіне   арам
денені   ойнақтатып,   ашылмаған   қауынын   арам   пышаққа
жарғызғаны ма?
Соны   ойлаған  кезде   ақ   торғын   маңдайына   екі   тік   сызық   көріне
қалады.   Апасы   есіне   түседі   де,   көзінен   екі   моншақ   домалап
кетеді... Жан апасы бұл үшін өліп кетті-ау! Тым болмаса бір ауыз
тіл   қатуға   да   мұршасын   келтірмеді-ау!   Жан   апасынан   мәңгілік
айырылып, басы қаралы, жүзі жаралы болып отырып, не бетімен
бай іздегені? Апасын өлтіріп кеткен, өзін тартып әкелген, ауылын
шапқан, талаған орыстың тұқымына не ғып өз еркімен көнгені? Ел
қайда? Бұл қайда? Әкесі, ауылы не күйде? Ақбілек туралы олар не
ойлап   жатыр   десейші?..   Сорлы   қызымды   өлтіріп   тастады   ма,
әлде не қылды?.. деп, әкесі не ғып жаны шыдап отыр екен?.. Күйеуі
келмек еді, түндегі қуған, оққа ұшқан әлде сол емес пе екен? Тірі
қалып,   құдай   жазып,   көретін   күн   болса,   күйеуіне   не   бетімен
жолықпақ!..   Ойпырмай!   Мұндай   да   сорлы,   мұндай   да   масқара
болған қазақта әйел бар деймісің? Бұл қорлықты кім көрді дейсің.
Осының   бәріне   шыдап,   не   ғып   өлмей,   тірі   отыр?..   Түндегі   оқ
апасына тигенше, бұған тимегенін қарасайшы...
Алды-арты   тұйық,   қараңғылық,   не   болары   белгісіз...   сонда   да
Ақбілек тірі, Ақбілек сұлу... Ол елден асты: қазақ тұрсын, атағын
орыс   естіп,   іздеп   келіп,   алып   қашты...   орыс   біткен   бұған   бола
қырқысты...   Кім   біледі,   тірі   болса,   үмітсіз   сайтан...   өз   еркімен
келіп   отырған   жоқ...   Қара   күшке,   тағдырға   не   шара?
Жамандығынан   мұндай   болған   жоқ.   Ақбілекті   кім   жазғыра
алады? Малына, жанына ие болып отырған қай қазақ бар? Әзер
болса,   жазықсыз   құрбан   болып   жатқан   көп   қорғансыздың,   көп
сорлының бірі шығар...


Ойдан ой туып, басы даң боп, шапанының етегіндегі тамған майға
қадала қарап отырғанда, тым-тырыс күте қалған, қара мұрттың
ыстық қолы қолына келіп тиді. Ақбілек ауыр бір қағып, «Менде не
ерік бар?..» дегендей, терең қасіретпен оның бетіне қарады. Қара
мұрт   тілмашына   иек   қағып,   шығарып   жіберді   де,   Ақбілектің
қолын ептеп өзіне таман тартып, мұртын ерніне апарды. Ақбілек
қарысқан жоқ.
Түндегі   айқай-сүрең,   ала   сапыранда   Мұқаштың   қолында   —
жетектеулі екі ат, ойында — аман құтылу, көзге түспеу ғана бар
еді.   Аттарды,   нәрсені,   қызды   аман-есен   орыстарға   әкеліп,
тапсырып,   «Мукашке   маладес!»   дегізіп,   ала   кеуімде   ауылына
қайтып келе жатқанда, ойына әлденелер келді.
Мамырбайдың баласына егесіп, қарындасын орысқа шығарып беріп
оп-оңай кек ала қоймақ еді, қызды алам деп жүргенде, бұл иттер
шешесін атып өлтіріпті, мұның арғы үлкен сүреңге шаппасын кім
біледі?..   Қуғыншылардан   да   кісі   өлген   болу   керек.   Бұл   шіркіндер
жүрген жерін қызыл-жосын қылмай кетпейді. Кім біледі, түндегі
оққа   ұшқан  әлде   өз  ағайындарының,   өз  тілеулестерінің   бірі   ме?
Елді осынша қырғынға ұшыратқан Мұқаш неткен қанішер? Япыр-
ау,   мен   қазақпын   ба?   Қазақ   болсам,   өз   қаныма   неден   мұнша
өшіктім? Өзгем өзге ғой «Ағатайлап» жалынып, қолын созып келе
жатқан   Ақбілектің   білегін   көкке   созғызып,   жүйкесін   құртып,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет