Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет54/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

— Қонақ келеді.
— Қандай қонақ?
— Камисар, кеп камисар.
— Мен де қонақ болам,— деді күліп.
— Жарайды. Арақ кеп, шошқа бар, — деп матүшке қалжыңдады.
— Қой, шошқаң құрысын!
Матүшке күлді. Бекболат кер-жерді айтып тұрып, арғы ас үйге
қарай жөнелді. Матүшке:
— Ей, аяғың сүрт! — деп жеңінен тартты. Өйткені тақтайды
жаңа жуып қойған екен.
—   О,   құрып   қал!   Аяғым   таза,—   деп   босағада   жатқан   дымқыл
кенепке аяғын сүйкеп, арғы бөлмеге кірді.
Тап-таза   екі   бөлме.   Ауыз   бөлме,   ортада   үлкен   үстел.   Жағалай
орындық. Бұрышта ілуі Төлегеннің киімдері, екі шалбар, бірі қара
шұға бірі  көк диягнал,  күзен ішік, брезент  сулық, шолақ камзол,
сырма   шалбар.   Соңғы   екеуі  Төлегенге   киюге   лайық   емес.   «Мұны
қайтеді екен», — деп ойлады.
Бұл   бөлмеде   біраз   отырып,   киімдерді   көтеріп   көріп:   —   осының
бәрін бір өзі кие ме — дегендей басын бір шайқады да, жоғарғы
бөлмеге кірді.
Қос   әйнектің   арасында   көк   шұға   жазу   үстелі   тұр;   ортасында
төрт   бұрышты,   бұрыштары   былғары   қалың   қызыл   қағаз,   жез


қақпақты,   төрт   қырлы   тас   дәуіт;   оның   екі   жағында   екі   жез
шамдал; қалам қыстыратын,  шылым салатын тағы бірдеңелер;
үстелдің   ірге   жағы   қаттаулы   кітаптар,   қарсы   қабырғада,
бұрышта   жалтыраған,   солқылдақ   крауат,   ақ   жастық,   мауыт
көрпе,   крауат   алдында,   жерде   кішірек   қызыл   масаты;
қабырғаларда   үлкен-үлкен   үш-төрт   сурет;   крауаттың   аяқ
жағында айналы шкаф, жұмсақ барқыт қаптаған алты орындық.
Мұнша аспаптар қайдан келген? Осының бәрін Төлеген ақшасына
сатып   алған   деп   ойлайсыздар   ма?   Жоқ.   Төлеген   мұның   бәрін
кеңседен   алған;   кеңсе   қаланың   байларынан   жиналған;   өйткені
қызылдар   келісімен   байлардың   мүлкін   қазынаға   көшірген   ғой.
Төлеген   сияқты   есебін   тапқан   қызметшілер   қазынадан   пайда
қылмай тұрсың ба? Төлегеннің  алатын да жөні бар ғой.  Ол өзі
протком   (азық-түлік)   деген   кеңседе   кемесардың   орынбасары.
Өйткені   Төлеген   жылы   жерді   біледі   ғой.   Жақсы   киім,   жақсы
тамақ проткомшілерден табылады ғой.
Бұлардың   қайдан  келгенін   Бекболат   қайдан   білсін?   Төлеген   қара
басына құнтақты жігіт екен деп ойлайды. Анығында да Төлеген
құнтақты жігіт еді. Жақсы тұрғанды кім жек көреді? Сонда да
Төлеген «Ел пайдасы» деген сөзді аузы айтқаны болмаса, ар жағы
өз   пайдасын   көбірек   қарастырушы   еді.   Ол   қазаққа   обал   болар
демеуші   еді:   елден   лау,   азық-түлік,   салық   жинайтын   болса,
кемесардың айтқанын екі қылмауға жанын салар еді. Жиналыста
еш   уақытта   айтысып,   тартыспаушы   еді;   өз   ойын   жарыққа
салудан   өлгенше   сақтанар   еді.   Өзінен   үлкен   әкімге   жағынудың
ілімін әбден білген еді. Бірақ өте ақ жарқын, жайраңдаған жігіт
еді. Анамен де, мынамен де «Ә, табарш»— деп өтірік күлгенсіп,
иыққа қағып сөйлесер еді.
Өзіңдей   жастар   партияға   жазылып   жатса   да,   Төлеген   әлі
жазылған жоқ еді. Жазылмауында есеп бар еді: қызылдар құлап
қалса, кім біледі... одан да байқай тұрайын деп ойлаушы еді.
Алайда   партияға   кірген   жолдастарымен   пікірі,   қызметі,   ым-
жымы   бір   еді.   «Пікір»   дерлік   Төлегенде   пәлендей   пікір   де   жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет