экономика ілімі тарихы пәнін, оның әр кездегі экономикалық проблемаларын және шешілу реттерін, экономикалық жүйе элементтерінің өндіріс құралдарының меншіктік ерекшеліктерін.
орындай алу:
экономикалық заңдарды және экономикалық даму заңдылықтарын тарихи игеру және кәсіби іс-әрекет процесінде оларды тарату жолдарын табу.
дағдысының болуы:
экономикалық заңдарды және экономикалық даму заңдылықтарын тарихи игеру және кәсіби іс-әрекет процесінде оларды тарату жолдарын табу.
құзыретті болу:
экономикалық теориядан алған білімдерін толықтыра отырып, олардың осы пәнді оқу арқылы өмірде болып жатқан экономикалық құбылыстарға кәсіптік тұрғыдан қарауына себебін тигізеді.
2 Кіріспе Экономикалық ғылымдар жүйесінде экономикалық ілімдер тарихы ерекше орын алады. Экономика ілімдер тарихы экономикалық ойлардың алғашқы шыға бастаған кезінен бастап, дәл бүгінгі күнге дейінгі даму процесін көрсетеді. Бұл курстың негізгі ерекшелігі - орасан зор шындық материалдардың қолданылуында. Экономикалық ойларды зерттеу ежелгі дүниеден бастап, осы дәуірге дейінгі кезенді қамтиды.
Экономикалық ілімнің дүниеге келуі адамзат қоғамының аяққа тұруымен қатар жүреді. Өйткені, қандайда халық болмасын қоғамның келесі сатысына көтерілген соң, өз күн көрісін ойламай өмір сүре алмайды. Сондықтан экономика ілімдерінің тарихы белгілі ежелгі өркениетті елдердің экономикалық теориямен, ағымдармен жалғасады.