Байланысты: Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org
2. Синапстар, олардың түрлерi және физиологиялық қасиеттерi. Синапс – дегенiмiз жүйке талшығы мен бұлшық еттердiң, немесе екi нейронның түйiскен жерiнде импульстi өткiзетiн арнайы ұласуды айтады. Бұл ұғымды физиологияға енгiзген ағылшын физиологы Ч.Шарингтон.
Синапстардың түрлері жалғасқанына қарай нейрон аралық ет – жүйкелiк, ал қызметiне қарай қоздырғыш және тежеушi, сонымен қатар қозуды өткiзу жолына қарай – химиялық, электрлiк, аралас болып бөлiнедi. Бөлетiн медиаторларға қарай – холинэнергиялық және адрено-энергиялық, ал орналасу орнына қарай орталық және шеткi деп бө-лiнедi.
Синапс үш бөлiктен тұрады: пресинапстық, постсинапстық мембранадан және синапстық саңлаудан.
Пресинапстық мембранада медиаторға толы көпiршiктер (везикулалар) мен митохондриялар болады, постсинапстық мембрана медиаторға өте сезiмтал болады. Осы екi мембрананың арасындағы саңылау клеткаарлық не плазма тәрiздi сұйықтыққа толған. Саңылау диаметрi 200-500 А0-дей.
Синапстардың физиологиялық қасиеттерi : 1.Синапс арқылы қозу бiр бағытта өткiзедi. Себебi пре-синапстық мембранада медиаторлар бөлiнуi арқылы қозу пост-синапстық мембрананың натрий мен калий иондарына деген өт-iмдiлiгiн жоғарылатады. Сондықтан деполяризацияланады, қоздырушы постсинапстық потенциал туындайды.
2.Қозу толқынының өту жылдамдығы синапста баяулайды, Қозу бөгеледi (0,2-0,5 м/с-тей). Синапстық кiдiру де қозу процесiнiң өту механизмiне байланысты.
3.Синапс тез қажиды, себебi медиатордың бөлiнуiнiң азаюына байланысты.
4.Синапстың қозғыштық қасиетi жүйкеге қарағанда көп төмен, лабильдiлiгi төмен (100-125 гц), рефрактерлiк кезеңi ұзақ.
5.Синапста алғашқы қозу толқыны келесi қозудың өтуiн жеделдетедi және қозу жинақталады.
6.Қозу синапс арқылы көбiнесе медиаторлардың қатысуымен өтедi. Қоздырушы медиаторлар: ацетилхолин, норадреналин, адре-налин, АТФ қышқылы, серотонин.
Тежеушi медиаторлар: гамма-амин қышқылы (ГАМК), глицин, энкефалин, самотостотин т.б. жатады. Холенергиялық, адренергиялық серотонинергиялық, пуринергиялық рецепторлар, синапстар болады.
Орталық жүйке жүйесiнде қозу тек химиялық өткiзгiштер арқылы ғана өткiзетiн синапстармен қатар тек физикалық жолмен өткiзетiн бiрен-саран синапстар-эфепстар бар. Бұл синапста әрекет потенциалы синапстық саңылаудан тез өтедi, диаметрi бар жоғы 2-4 нм. Әрекет потенциалы белоктан тұратын көпiрше арқылы жылжып пресинапстық мембранадан постсинапстық мембранаға өтедi. Қозудың бұлай өтуiн электротониялық деп, ал синапстың өзiн электрлiк деп атайды. Электрлiк синапстар сонымен қатар жүрек етiнде, салалы етте, бауырда кездеседi.
Бұл синапстардың физиологиялық қасиеттерiнiң ерекшелiгi қозу баяуламайды, екi жақты өтедi, iз қалдырмайды, жинақталмайды, тек қозуға ғана өтедi және оның өтуiне t0 әсер етпейдi.
lшкi және сыртқы орта тiтiркендiргiштердiң әсерiн қабылдап, оларды жүйке импульстерiне айналдыратын арнаулы сезiмтал жүйке ұштарын рецепторлар деп айтады. Рецепторлардан қозу орталық жүйке жүйесiне, онда талдау жүреді.