Мал организміне буаздықтың әсері. Буаздық кезеңінде ұрғашы мал оргнизмінде көптеген функционалдық өзгерістер байқалады. Ең алдымен ішкі секреция бездерінің қызметі өзгереді, олардың өзара байланыстарында ерекшеліктер туындайды. Фолликулалардың дамуы барысында аналық безден бөлінген эстроген гормоны жатыр еттерінің өсуін күшейтіп оның кілегейлі қабығында торшалардың көбейе өсуін күшейтіп оның кілегейлі қабығында торшалардың көбейе өсуін туындатады. Ал сары денеден бөлінген прогестерон гормонының әсерімен ұрық жатырға бекиді. Бұл гормон жатыр етінің окситоцинге сезімталдығын төмендетіп, жатыр қимылын баяулатады, аналық безде фолликулалардың жетілуін, овуляцяны тежейді. Буаздық кезеңінде жолдас та көп мөлшерде эстроген және прогестерон гормондарын бөледі. Сонымен қатар тақ тұяқты жануарларда көбею үдерісін нейрогуморальдық реттеуде түліктік ерекшеліктер де байқалады. Мысалы, биелерде буаздықтың алғашқы айында гипофиздің гонадотроптық гормондар бөлу қабілеті күшейіп, сары дене онша көп белсенділік көрсетпейді. Осымен байланысты биелерде буаздықтың алғашқы айларында аналық безде фолликулалар жетіліп, овуляция жүруі мүмкін. Сонымен қатар қанда фолликулаларда түзілетін эстрогендер концентрациясы өседі де, жатырға ішіндегі бластоцистаға ерекше әсер ісетді. Осыдан жатырдың кілегейлі қабығында эндометриялық ойыс деп аталатын арнаулы құрылым пайда болып, ол уақытша эндрокриндік без қызметін атқарады. Бұл құрылым торшалары гонадотропин түзіп, оны қанға бөледі деі, қосымша фолликулалардың өсіп дамуына ықпал етеді. Олар жарылған соң орындарда пайда болған сары денелер көп мөлшерде прогестерон гормонын бөледі. Бұл ұрықтың жатырға бекуіне мүмкіндік туғызады. Прогестеронның әсерімен эндометриялық ойыстар бөзылып, жатыр гонадотропиннің бөлінуі тиылды. Буаздықтың осыдан жатырдың кілегейлі қабығында эндометриялық ойыс деп аталатын арнаулы құрылым пайда болып, ол уақытша эндрокриндік без қызметін атқарады. Бұл құрылым торшалары гонадотропин түзіп, оны қанға бөледі деі, қосымша фолликулалардың өсіп дамуына ықпал етеді. Олар жарылған соң орындарда пайда болған сары денелер көп мөлшерде прогестерон гормонын бөледі. Бұл ұрықтың жатырға бекуіне мүмкіндік туғызады. Прогестеронның әсерімен эндометриялық ойыстар бөзылып, жатыр гонадотропиннің бөлінуі тиылды. Буаздықтың 3-3,5 айлық кезеңінен бастап прогестерон мен эстрогендердің арақатынасын жолдас реттей бастайды.
Буаздықтың алғашқы жартысында асқорыту ағзаларының қызметі күшейіп, азық жақсы қорытылады, оның сіңімділігі артып, малдың қоңы жақсарады. Бірақ буаздықтың екінші жартысында мал арықтай бастайды. Буаздық кезінде бауырда гликоген көп жинақталып, қан құрамында бейтарап майлардың, липидтермен холестериннің кқнцентрациясы жоғарылайды. Буаздықпен байланысты қанның жалпы мөлшері көбейіп, бірақ оның морфологиялық құрамы айтарлықтай өзгерістерге ұшырамайды, қанның ұйғыштығы артып, эритроциттердің тұну жылдамдығы шапшаңдайды, гемоглобин деңгейі көп ауытқымайды, қанда кальций мен фосфор мөлшері төмендеп, калий деңгейі жоғарылайды. Іштөлдің мұқтаждығын қамтамасыз ету үшін жүректің жұмысы күшейеді, тыныс жиілейді, бүйрек қызметі жанданып, зәр мен нәжіс бөлу жиілейді. Желінде де күрделі өзгерістер байқалады.
№30 лекция Төлдеу және оның реттелуі
Жоспар:
1. Төлдеудің басталуы.
2.Туу үдерісі.
Достарыңызбен бөлісу: |