3. Көмiрсулардың алмасуы
Адам мен жануарлар үшiн көмiрсулар негiзгi қуат көзi болып табылады. 1г көмiрсу тотықса 4,1 ккал қуат бөлiнiп шығады. Жануар-лар денесiнiң құрғақ затының 2% көмiрсулардың үлесiне тиедi. Көмiрсулар организмге жеңiл ыдырап, оңай тотығады. Көмiрсулар организмде қуат көзi (глюкоза) ретiнде пайдаланады, қуат қорында болады (гликоген), сонымен қатар олар түрлі күрделi қосылыстардың (нуклеопротеидтер, гликопротеидтерi құрамына кiредi.
Көмiрсу организмге азықпен бiрге келiп түсуi, кейде маймен белоктан түзiлуi мүмкiн. Адамға тәулiгiне 450-500г-дай көмiрсу қаж-ет. Көмiрсулар амилаза, мальтоза, лактоза, сахороза ферменттерiнiң әсерiмен ыдырап, моносахаридтерге айналады.
Моносахаридтер (гликоза,фруктоза) фосфорлану процесiмен өткен соң қанға сiңедi. Қанға өткен моносахаридтер қақпалық венамен бауырға тасымалданады да, онда гликогенге айналып, қорға жиналады. Бұл процестi гликогенез деп атайды. Гликоген бұлшық еттерде де түзіледі. Бауырдағы гликогеннiң мөлшерi 2-8%, ал еттерде 1% шамасында. Бауырда углеводтар май мен белоктың ыдырау өнiмдерiнен, сүт қышқылынан, ҰМҚ, амин қышқылдарының ыдырау өнiмдерiнен түзiлуi, мұны глюконеогенез деп атайды. Бауырдың күрделi қызметiнiң арқасында қанның құрамындағы қанттың мөлшерi (гликемия) бiр деңгейде сақталады. Егер қандағы глюкоза деңгейi жоғарласа, гликоген түзу процесi күшейедi, ал ол төмендесе-гликоген глюкозаға айналады. Қалыпты жағдайда қанның әрбiр литрiне 3,5-5,8ммоль глюкозадан келедi. Ал егер 8-10ммольге жетсе, зәрде қант пайда болады-глюкозурия, ал егер қант деңгейi 2,8-2,2ммольге дейiн азайса, гипогликемия дейдi. Бұл жағдайда гипогликемиялық кома басталады, адам есiнен айырылып, сандырақтайды, өзiнен-өзi құры-сып тырысады.
Организмдегi қаныттардың ыдырауы екi кезеңде өтедi:
Анаэробтық кезеңде Кребс циклының 14 реакцияларының арқасында пирожүзiм қышқылы пайда болады.
Аэробтық кезеңде пирожүзiм қышқылынан пайда болған сүт қышықылының 4/5 бөлiгi (85%) қайтадан гликогенге айналады да, тек 1/5 бөлiгi (15%) алдымен пируватқа айналып, соңынан толық тотығып көмiр қышқыл газы мен су түзедi. Осы көрсе-тiлген екi кезеңдеде қуат бөлiнедi.
Көмiрсулардың алмасуының реттелуi. Қан құрамында глюкоза мөлшерi салыстырмалы тұрақты деңгейде сақталады. Бұл процесте маңызды рольдi бауыр атқарады. Бауыр глюкозаның артық мөлшерiн гликогенге айналдырып, ал егер жетiспесе гликогендi глюкозаға айналдырып толықтырып отырады. Бұл күрделi процестi нерв жүйесi мен түрлі гуморальдық заттар бағыттап отырады.
Гипоталамуста көмiрсуларды реттейтiн орталықорналасқан. Бұл орталық гипофизбен тығыз байланысты. Гипофиз арқылы қан құрамындағы глюкоза деңгейiн реттеуге тiкелей қатынасатын iшкi секрециялық бездердiң әрекетiн өзгертедi. Инсулин, гликоген, кар-тизол, адреналин, соматотропин, тироксин гормондарының бөлiнуi қарқыны қандағы глюкоза деңгейiне байланысты болады. Мысалы, қанда глюкоза мөлшерi өте төмендеп кетсе, инсулин гормонының бөлiнуi жоғарлайды.
Көмiрсудың алмасуына үлкен ми жартышарларында әсер етедi. Эмоция стресс жағдайларында қандағы глюкоза деңгейiнiң жоғары-лауы дәлел. Сонымен қорыта айтсақ, көмiрсу алмасуына ми қыртысы, гипоталамус,сопақша ми, iшкi секреция бездерi реттеп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |