Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша


Еттiң жиырылу және босаңсу механизмi



бет12/124
Дата12.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#184989
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   124
Байланысты:
Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org
Реферат та ырып Б лшы еттерді ж не бас а оз ыш лпаларды физ
4. Еттiң жиырылу және босаңсу механизмi.
Бұлшық еттердiң жиырылу механизмiн түсіндiру мақсатында бiрнеше теория ұсынған.
Актомиозиндiк теория. В.А.Энгельгардт пен М.Н.Любимова 1889 жылы миофибрилдер құрамындағы миозин белогына АТФ–тi ыдырататын АТФ-аза ферменттердiң қасиеттерi тән екенiн анықтаған. АТФ әсерiмен миозин жiптерi қысқарып, ет жиырылады. Соңынан Венгрия биохимигi А.Сцент-Дьорди ет талшығының құрамында екiншi-актин белогын анықтады. Ол миозинмен әрекеттесiп актомиозин комплексiн тұзедi. Бұл теория бойынша актомиозин АТФ-тi ыдыратып, бөлiнген қуат есебiнен өзi жиырылады.
Мицелярлық теория. Бұл теорияны Мейер ұсынған. Миозин
молекуласы өзара пептидтiк байланыс арқылы бiрiккен амин қышқылдарының ұзын тiзбегiнен құралған- мицелаларға топталады. Тыныштық жағдайында мицелалар спираль тұрiнде орналасады. Қозған жағдайда ортаның РН өзгергендiктен оң және терiс зарядталған бүйiрлiк иондар тобы пайда болады. Олардың электростатикалық тартылуы нәтижесiнде ет талшығының ұзындығы қысқарады, ет жиырылады.
З.А.Хакслидiң протофибрильдер жылжу теориясы.Бұлшық еттер қозған кезде кальций ретикуломы цистерналарынан шығып, миофибрильдердiң iшiне ауысады. Бұл жағдайда кальций миозиндегi АүФ пен актиндегi АДФ-ты байланыстырады. Актин протофибрильдерi миозин протофибрильдерiне жақындап, олардың арасымен жылжи бастайды. АүФ, АүФ-аза ферментiнiң орталығына келiп АДФ пен фосфор қышқылына ыдырап, химиялық қуат бөлiнедi. Осы себептен протофибрильдер арасындағы байланыс үзiлiп, олар бiр-бiрiнен ажыраса бастайды.
Қорыта айтсақ, бұлшық еттiң жиырылуы мен босаңсуы бiрнеше сатыда өтетiн күрделi процесс тiтiркенiс, ә.п. туындауы электромеханикалық түйiсу, көлденең жiпшелердiң пайда болып, актин жiпшелерiнiң миозин бойымен жылжуы-миофибрильдердiң жиырылуы-кальцийлiк сораптың қызметi нәтижесiнде саркоплазмада кальций иондарының азаюы- жиырылғыш белок жүйесiнiң өзгеруi-миофибрилдердiң босаңсуы.
Бұлшық ет жиырылу кезiнде қуат көзi ретiнде АүФ-тi пайдаланады.
Бұлшық етте АүФ қоры 5 ммоль/л шамасында. Ал АүФ қайта тұзiлуi үшiн негiзгi материал мен қуат көзi болып креатинфосфаттың ыдырауы, анаэробты гликолиз және субстраттардың (митохондрияда) тотыға фосфорлануы.
К реатин фосфат + АДФкреатиназа АТФ + креатин.

Креатин фосфаттың мөлшерi бұлшық етте қайта тұзiлiп отырады.



Креатин + Р + тотығу энергиясы --- креатин фосфат.
Бұлшық ет жиырылған кезде көп мөлшерде жылу бөлiнедi, бұны
алғаш болып Гельмгольц және В.Д.Данилевский ХlХ ғ. екiншi жартысында ашқан. Соңынан Хилл өзiнiң әрiптестерiмен өте жоғары сезiмтал аспабымен бұлшық ет пен нервтiң тыныштық және қозған кезiнде тұзiлген жылудың мөлшерiн тiркеген. Хилл жылудың түзiлу тегi мен даму уақытына қарай екi кезеңге бөлдi. Жылу түзудiң бiрiншi кезеңi екiншi кезеңiмен салыстырғанда 1000 есе қысқа болады, бастапқы жылу тұзу кезеңi деп аталады. Ол бұлшық ет қозғаннан басталып, ол жиырылған және босаңсыған кезде де жалғаса бередi. Бұл кезеңнiң өзi бiрнеше сатылардан тұрады а) белсендiлiк жылу; б) жиырылғандағы жылу; в) босаңсығандағы жылу.
Негiзiнен мұнда жылу АүФ-тың ыдырауымен байланысты реакциялар нәтижесiнде түзіледі.
Жылу түзудiң екiншi сатысы ет босаңсығаннан кейiн бiрнеше минут iшiнде жүредi, оны жылу түзудiң кешiккен немесе қалыптастыру кезеңi деп атайды. Бұл құбылыс АүФ-тi қайта тұзу, гликолиз және тотыға фосфорлану процестерiмен байланысты.
Бұлшық етте тұзiлетiн жылудың 40% бiрiншi, 60 % екiншi кезеңде түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет