Тағыда бір ауыл үлкендерінен естіген ашаршылық шындығы төмендегідей



Дата08.02.2022
өлшемі13,68 Kb.
#120705
Байланысты:
Документ Microsoft Word (4)


Төңкерістен кейінгі большевиктер билік құрған 15 жыл ішінде Қазақстан халқы уш алапат ашаршылықты бастан кешірді, орны толмас демографиялық апатқа ұшырады. Елге арқау болып отырған байлардың, басқа да азын-аулақ күнкөрісі барлардың қолдарындағы малдарын зорлықпен тартып алып, өздерін жер аударып, түрмеге жауып, атып өлтіріп нәтижесінде қолдан ұйымдастырылған ашаршылық орнады.
Бүгінде ол кездегі ашаршылық куәгерлерін табу қиын, тек баспасөзден ғана мағұлмат ала аласың. Мысалы, ашаршылық жылдары академик, абайтанушы,Мекемтас МЫрзатметұлының анасы ұлын бауырана қысып, қызын қолына жетелеп жапан түзде жолда келе жатқанда ананы қасқырлар қаумалаған, соңы аш қасқырлардан аман қалу үшін, ұрпағын сақтап қалу үшін, қызын бөрілерге тастап, ұлын құшақтап қашып құтылған екен.
Ашаршылық жылдары жыбырлаған жәндіктерге дейін жеп, улы шөпті жер ісініп өлгендер, мүлде адам етін жегендерге дейін болған екен.
Елбасының жарлығымен 1997 жылы 31 мамыр «Саяси қуғын –сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» күні болып жарияланып аталып келеді

Тағыда бір ауыл үлкендерінен естіген ашаршылық шындығы төмендегідей.


1932 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданы аумағында Сырдария өзенінің арғы бетіндегі Жуантөбе елдімекенінде Орынбай деген кісі жол жүріп бара жатып шыңғырған мақұлық даусын естиді де, бұл не даыс деп жан-жағына қараса аштықтан репіті қашқан әйел бір таспақаны ұстай алмай жүр екен, шыңғырған дауыс сол таспақаның дауысы екен. Жағдайды түсінген Орынбай таспақаға жетіп барып оны аударып тастап әйелге ұстауға көмектескен. Сол әйел таспақаны жеп аман қалған. Осы Орынбай өз баласында аштықтан аңшылығымен аман алып қалып жүрген. Бірде баласы жылай береді, әйелі емізейін десе емшегінен сүт шықпайды, балаға беретін ештеңе жоқ. Осылай қиналып отырғанда жақын жердегі бір бұтаққа сауысқан келіп қона қалыпты. Орынбай дереу мылтығын алып сауысқанды атып түсіріп, соны ыстық суға қайнатып, езіп баласына берген екен. Бұл ашаршылық жылдардан қалған бір естелік.

Менің әжем айтып отыратын. Әжемнің атасы, яғни үлкен бабалары Арқа жақтан ашаршылық заманда осы сыр еліне көшіп келген екен. Жолда қиналып, қаншасы қырылып қалыпты. Атасынң бір бала бір қызы, бауыры үй ішімен жоқ болған. Қанша адамдардан сол бір әулеттен 3 ата ғана келіпті. Содан біз өніп отырмыз дейтін. Үлкен бабамыз Атабай, одан Тайман, одан Төлеген, одан менің әжем Бегайна. Осы әңгімелерді айта келіп, біз де соғыстан кейінгі аштықты көрдік деп есте қалғанын айтып отыратын. Бірде әжемнің әкесі ауырып қалады. Мен баламын, ашаршылық кез, ішерге тамақ жоқ, қант жоқ. Әкем ауырып жатқанда, бізді құлыптап кеткенде біреу терезенің көзін ашып сұраса, мен беріп қойып, шешем ренжіген. Сондай жоқшылық заманында көрдік, масықпаңдар деп отыратын.


Қазір әжемнің руынан «Сары-қыпшақ» сол көшіп келген әулет қана дейді. Біздің руластар Арқа жақта екен деп айтады. Тайман бабамыз балықшы болған екен. Сол балық арқасында кейінгі ашаршылықта қиындық көрмегені жан-жағына балығын беріп, орыстардан да достары көп болған екен.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет