Тақырыбы : Аурушаңдықтың көрсеткіштері. Аурушаңдықты зерттеу әдістері. Стационарлар мен емханалардың жұмысын ұйымдастыру


Аурулардың және өлім себептерінің номенклатурасы мен жіктелуі



бет3/10
Дата02.01.2022
өлшемі39,17 Kb.
#107902
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Аурушаңдықтың көрсеткіштері. Аурушаңдықты зерттеу әдістері

Аурулардың және өлім себептерінің номенклатурасы мен жіктелуі

Аурулар номенклатурасы – медициналық ғылымның анықтап, қабылдаған, топтар мен кластарға біріктірген аурулар тізімі. Медициналық практикада шамамен 5 мыңға жуық диагноздар қолданылады. Бұл ретте бірдей ауру бөлекше аталуы мүмкін. Тұрғындар аурушаңдығын зерттеу үшін тиімді құрылған аурулар номенклатурасы қажет, оның мақсаты сан мыңдаған диагноздарды шағындаған аурулар атауына жіктеу. Аурулар номенклатурасынсыз бір ел аумағында аурушаңдық пен өлімді жеке облыс, аудан, қала шеңберінде салыстыру мүмкін емес. Әртүрлі елдердегі тұрғындардың аурушаңдығы мен өлімін салыстыру үшін біртұтас халықаралық номенклатура қажет. Тұрғындардың аурушаңдығы мен өлімін зерттеуде алдыңғы тізбек диагноздар атауын дұрыс анықтап, ауруларды тіркеу болып саналады. Медициналық ғылымның дамуына және тұрғындардың аурушаңдығы мен өлімін зерттеу мақсатына қарай аурулар номенклатурасы әлсін-әлсін қайта қарастырылып, жетілдіріліп отырады. 1965 жылдан бастап Кеңес Одағы халықаралық аурулар номенклатурасына көшті. Ол үш сатылық құрылыстан тұрады. Бәрәншә саты – аурулар номенклатурасы, оның әр қайсысы өз нөміріне ие және номенклатураның бөлек рубрикасын құрайды. Екінші сатыға біріктірілген рубрикалар топтарынан тұрады. Үшінші жалпыланған саты топтардан құрылған кластардан тұрады. Номенклатура барлығы 17 класс пен 999 рубрикадан тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет