Тақырыбы : Еңбекті қорғау нормаларын бұзған үшін жауапкершіліктің түсінігі


Қызметкердің материалдық жауапкершілігі



бет2/2
Дата20.04.2020
өлшемі23,21 Kb.
#63125
1   2
Байланысты:
Еңбек тәртібін бұзу

Қызметкердің материалдық жауапкершілігі. Жауапкершіліктің негіздері жəне жағдайлары. Қызметкердің материалдық жауапкершілігі өзімен бірге еңбек құқығы қатынастарының қатысушысы болып табылатын жұмыс берушіге өзінің кінəсімен келтірілген мүліктік зиянды өтеу міндетінен тұрады. Қызметкердің материалдық жауапкершілігі келесі шарттар бір мезетте орын алған жағдайда туындайды:

1) жұмыс берушіге келтірілген шынайы зиян. Тікелей шынайы зиян ретінде қолдағы, шынайы мүлікке оны (немесе оның бөлігін) жоғалту, өз бетімен иемденіп алу, нашарлату, бүлдіру, құнын төмендету арқылы келтірілген зиян түсініледі. Бұлардың нəтижесінде жұмыс беруші мүлікті немесе өзге де құндылықтарды сатып алу, қалпына келтіру үшін шығындарға батады немесе қызметкердің кінəсі бойынша басқа субъектіге (жеке немесе заңды тұлғаға) артық төлемдер төленеді.



Азаматтық құқыққа қарағанда еңбек құқығында тек тікелей шынайы зиян ғана өтелуге жатады. Қолданыстағы еңбек заңдары ұйым алуы мүмкін, алайда қызметкердің қате əрекеттері салдарынан ала алмаған табысты өтетуге тыйым салады. Мысалы,жұмысқа бүкіл жұмыс күнінде станоктың тоқтап тұруына байланысты дəлелсіз себептермен келмеген қызметкерді зиянды өтетуге тартуға болмайды. Мұндай қызметкерге тəртіптік немесе қоғамдық əсер ету шаралары қолданылуы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет