Мақал-мәтелдер: 1-топ 1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).
2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).
3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).
4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).
5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ).
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ).
8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар).
9. Бас кеспек болса да, ... (тілкеспек жоқ).
10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең).
2-топ 1. Бал тамған тілден ... (у тамған).
2. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар).
3. Жақсы сөз ... (жарым ырыс).
4. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер).
5. Тіл қылыштан ... (өткір).
6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді).
7. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінді).
8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың).
9. Тілден артық ... (қазына жоқ).
10. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес).
Жұмбақтар шешу 1. Жағалай-жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым. (тіс, тіл)
2. Отыз екісі диірмен тартып,
Бір қапқа салады. (тіс, тіл)
3. Екі әскер соғысып жатыр,
Ортасында бір елші. (тіс, тіл)
4. Әрі сүйексіз,
Әрі тиексіз. (тіл)
5. Ақ тоғайдық ішінде
Кісінейді күрең тай. (тіл)
Викториналық сұрақтар:
1. Күй атасы кім? (Құрманғазы).
2. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).
3. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).
4. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан).
5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А. Байтұрсынов).
6. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай).
7. Алғашқы романист жазушы кім? (М. Дулатов «Бақытсыз Жамал»).
Слайдпен жұмыс «Төмендегі орыс тіліндегі сөздердің аудармасы қандай қазақ есімдерін білдіреді?» деп аталады.
1. Верблюжий глаз (БОТАГӨЗ)
2. Мечта (АРМАН)
3. Надежда (ҮМІТ)
4. Лев (АРЫСТАН)
5. Лунный цветок (АЙГҮЛ)
6. Счастье (БАҚЫТ)
7. Жемчуг (ГАУХАР)
8. Щедрость (ДАРХАН)
9. Яблочный цветок (АЛМАГҮЛ)
10. Cвобода (ЕРКІН)
11. Оленёнок (ҚҰРАЛАЙ)
12. Вершина (АСҚАР
Аударма: Ұлан-байтақ – широкий
ұлт – национальность
Тілдер күні – день языков
жариялау – объевлять
тойлау – праздновать
ұйымдастыру – организовать
білгір – всезнающий
жүлделі – призовой
сайыс – состязание
мереке - праздник
қызықты – интересный
Осымен тілдер мерекесіне арналған тәрбие сағаты аяқталды.