Тақырыбы: §48. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар. Мақсаты



Дата17.12.2019
өлшемі0,88 Mb.
#53694
Байланысты:
000fd430-84707835

Биология. 9 сынып айы, күні: 01.03.16

Тақырыбы: §48.Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар.

Мақсаты:қазіргі кездегі жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы туралы қөзқарастарды салыстырмалы түрде меңгеру.

Түрі: аралас сипатта

Әдісі: түсіндірмелі – көрнекілік.Көрнекілік: интерактивті тақта, суреттер

Жоспар:



I.Ұйымдастыру: сәлемдесу, түгендеу және оқушылардың құрал – жабдықтарын тексеру.

II. Үй тапсырмасы: Сұлтан тақтаға шығып теориялардың анықтамасын бір – бірінен ажыратады?

  • Жер бетінде тіршілік қалай пайда болды?

  • Креационизм теориясы бойынша ...

  • Стационарлық жағдай теориясында ..

  • Панспермия теориясы бойынша ...

  • Биогенез ...

  • Абиогенез ...

Жауаптары:

  1. Жер бетінде тіршіліктің мәңгілік болуы, әрі оны жаратушы күш жаратуы.
    креационизм


  2. Метеориттер мен ғарыштық шаң – тозаңдар арқылы жерге басқа ғаламшарлық тірі организмдердің келіп түсуі.
    Панспермия


  3. Жер еш уақытта жаңадан пайда болған жоқ, ол әуел бастан мәңгі, олай болса, жер бетіндегі тіршілік те мәңгі”
    Стационарлық жағдай


  4. Тіршіліктің өлі табиғаттан өздігінен пайда болуы.
    Абиогенез


  5. Барлық тірі атаулылардың тек тіріден пайда болуы.
    Биогенез


Жер бетінде тіршіліктің пайда болуын Ф.Реди мен Л.Пастер қандай тәжірибелер арқылы дәлелдеді. Бір –екі оқушы жауап береді.

1.Франческо Реди тәжірибе жасай отырып, “Тіршілік өздігінен пайда болды” деген теорияға қалай қарсы шықты?

2.Луи Пастер тәжірибе жүзінде: “Тірі организмдер дәл өзіндей басқа тірі организмдерден дамып жетіледі”, - дегенді қалай түсіндірді?

3.“Тірі организмдер өздігінен пайда болмай, басқа тірі организмдерден дамып жетілген болса, онда ең алғашқы тірі организм қайдан шықты?”



Өткен сабақта біз, жерде тіршіліктің пайда болуы, жер тарихының қандай да бір кезеңінде бейорганикалық заттардан тірі денеге тән органикалық қосылыстардың түзілуі арқылы, яғни абиогендік синтез жүрген дедік, міне осыны біз жаңа сабақта қарастырамыз.

III. Жаңа тақырып. §48.Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар. (Жаңа тақырыпты жазамыз дәптерге барлығымыз)

Сабақтың мақсаты: Қазіргі кездегі жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы туралы қөзқарастарды салыстырмалы түрде меңгеру.

Түрі: аралас сипатта

Әдісі: түсіндірмелі – көрнекілік.Көрнекілік: интерактивті тақта, суреттер

Сабақ құрылымы. Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы 20 ғасырдан айтылып келе жатқан биохимиялық болжамды 1924 жылы Опарин және 1929 жылы Холдейн ұсынды. 1924 жылы шыққан “Тіршіліктің пайда болуы” деген еңбегінде Опарин:“Тіршілік біздің ғаламшарымыздың миллиардтаған жылдар бұрынғы жағдайларында өлі материядан абиогендік жолмен пайда болды ” – деп жазған.

Балалар жер бетінде тіршілік қашан пайда болды? 4-4,5 млрд жыл бұрын.Осыдан 4-4,5 млд жыл бұрын ғаламшарымыз қазіргіден өзгеше болған, яғни температура жоғары болған және жер қойнауындағы қатты жыныстар балқып, бір – бірімен реакцияға түскен. Нәтижесінде газ жерді жарып шығып, жердің айналасында атмосфера түзілген.Атмосферада су буы, көміртек диоксиді, аммиак, метан т.б. болған. Біраз уақыт аралығанда жер беті салқындап онда, күндіз – түні, айлап, жылдап ыстық жаңбыр жауған. Соның нәтижесінде мұхиттар пайда болған.Атмосфера қабатында озон мен оттек болмағандықтан онда ультракүлгін сәулелері мол болған. Осылардың нәтижесінде тіршіліктің пайда болуының екі кезеңі жүзеге асады.

Жерде тіршіліктің пайда болу тарихындағы 3 химиялық эволюция заманын және биологиялық эволюция заманынын талдап тақтадағы ватманға жеке- жеке шығып жазады. Оқушыларды толықтырып отырдым. Барлық оқушылар қатысып отырады, арасында сұрақтар қойдым.

  • Алғашқы атмосфераның құрамы қандай?

  • Климат жағдайлары қандай болды, нәтижелерінде нелер түзілді?

  • Миллер тәжірибесінде нелерді қолданды?

  • Коацерват тамшылары дегеніміз не? т.б.

Жерде тіршіліктің пайда болу тарихындағы химиялық эволюция заманы.



С.Л.Миллер өзі қондырғы ойлап тауып онда аммиак, су буы, метан, сутек арқылы электр тоғын жіберіп, тәжірибесінің нәтижесінде:қарапайым май қышқылын, несепнәр, сірке және құмырсқа қышқылдарын, бірнеше амин қышқылдарын алды.

Миллердің тәжірибесінен кейін орыс және жапон ғалымдары тәжірибе жасайды олар органикалық қосылыстар алады.Мұның бәрі ертедегі жер бетінде тірі организмдердің қатысуынсыз – ақ органикалық заттардың түзілу мүмкіндігін дәлелдейді.



Коацерват тамшыларын орта сұйықтығынан бөліп тұратын, жұқа сулы қабықша қоршаған. Айналасындағы ерітіндіден химиялық қосылыстар еніп, реакция жүреді. Коацерваттарда келе-келе көлемін ұлғайтып,өсу және қоршаған ортамен зат алмасуы байқалады. Бұл химиялық эволюцияның үшінші кезеңі.





  • С.Фокс: “Ертедегі жер бетінде су қайтудан кейін немесе су буланудан соң қалған шалшық суларда амин қышқылдарынан шар тәрізді құрылымдар – микросфералар түзілген” – дейді. Олар сыртынан нәруыздармен қапталып, нақты химиялық реакцияларды синтездейтін ферменттер тәрізді қызмет атқарады.

  • Протеиноидтер

Болжам бойынша, алғашқы тірі организмдер – дайын органикалық заттармен қоректенетін гетеротрофтар болған. Кейін олардан күрделі құрылысты, органикалық зат түзе алатын автотрофтар шықты.Автотрофтардың ішінде фотосинтездеуші жасыл өсімдіктердің рөлі өте зор.Өйткені фотосинтез нәтижесінде атмосфераға бөлініп шыққан оттектің біразы озан қабатын түзіп, жер бетінде тірі организмдерді ультракүлгін сәуленің зиянды әсерінен қорғайды. Озан қабатының түзілуі тіршіліктің судан құрлыққа шығуына жол ашты.



“Қазіргі көзқарас бойынша “тірі немесе тіршілік” химиялық эволюцияның нәтижесінде пайда болды, яғни абиогенді жолмен түзіледі. Ал оның күрделенуі жер бетінде тіршіліктің сан алуан формаларының дамып жетілуі биологиялық эволюцияның нәтижесінде, биогенді жолмен жүреді”



Тіршіліктің өздігінен пайда болуы мүмкін бе?”

Қарапайым органикалық қосылыстардан тірі организмдердің пайда болуы – өте ұзақ уақыт аралығында және ерекше табиғат жағдайларында өтетін процесс. Сонымен қатар қандай да болсын, жаңадан түзілген органикалық қосылыстарды гетеротрофтар бірден қорек ретінде пайданар еді.



Сабақты бекіту сұрақтары?

  • Алғашқы атмосфераның құрамында болды?

а) сірке қышқылы в)метан с)оттек

  • Миллер тәжірибе жүзінде нелерді алды.

а) аммиак, сутек в) су буы, метан с) май қышқылы, құмырсқа қышқылы.

  • Сыртында су қабықшасы бар көп молекулалы нәруызды жиынтық.

а) коацерваттар в)көміртек диоксиді с) альдегидтер

  • Дайын органикалық затпен қоректенетін тірі организмдер

а)автотрофтар в)гетеротрофтар с) фотосинтездесуші жасыл өсімдіктер

2. Жерде тіршіліктің пайда болу тарихындағы химиялық , биологиялық эволюция нәтижелерінде жер бетінде нелер түзіледі?

Рефлекция: Оқушылар, мен таратқан қағаздарға ойларын жазады.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет