1–сауытты ұлпаны ампутациялағаннан кейін бірден түбірлік өзекке күштеп пульпоэкстракторды енгізеді, оны 1-2 айналдырып түбірлік ұлпаны алып тастайды.
2–ампутациядан соң түбірлік ұлпаны коагуляциялайды. Сосын өзекке пульпэкстрактор енгізіп, коагуляцияланған ұлпаны алып тастайды.
Витальды экстирпация әдісінің алгоритмі:
Витальды экстирпация әдісінің алгоритмі:
Уақытша жансыздандыру жүргізу, қажет болған жағдайда оған дейін премедикациялау шараларын қолдану.
Тісжегі қуысын түбір өзектеріне еркін енетіндей жағдай жасай отырып егеп-тазалау.
Зарарсыздандырлған бордың көмегімен сауыт қуысын тесу және ашу.
Тісжегі қуысын антисептикер ерітінділерімен жуу.
Сауытты ұлпаны зарарсыздандырылған шар тәрізді бормен немесе экскаватормен ампутациялау.
Өзек сағаларын кең ашу.
Түбірлік ұлпаға диатермокоагуляция жүргізу.
Антисептиктерден тұратын ванночкалар негізінде пульпэкстрактормен немесе жіңішке К-файлдың көмегімен түбірлік өзектерден ұлпаны экстирпациялау.
Түбір өзегінің ұзындығын анықтау(ол үшін арнаулы тереңдік өлшегіштер-глубиномерлер қолданылады, олар жоқ болған жағдайда түбір инесін пайдалануға болады).
Эндодонтиялық құралдармен түбірлік өзектерді , егер олар тар болса кеңейту. Ол үшін арнаулы өткіш, (дрильбор), кеңейткіш (корневой бурав, рашпиль) бұрғылар және тегістегіштер қолданылады.