Дос қандай болу керек?
Жомарт, адамгершілігі мол, қарапайымды, мейірімді, кешірімді, адал, төзімді, ақылды
сабырлы, салмақты, кек сақтамайтын
Сұрақ жауаптар
1)Дос деген кім?
2)Досың бар ма? Ол қандай?
3)Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
4)Досыңыздың басына қиындық түсті, не істейсіз?
5)Достық жасқа байланысты ма?
6)Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
7)Досыңды неге теңер едің?
8)Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?
9) Сіз үшін ең маңызды мәселе? 10)Менің достарым көп болу үшін не істеуім керек? Жүргізуші: Ал ұлы Абай атамыз - Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас деген екен. Итальян жазушысы, драматург, ақын Александр Мандзони Достық - өмірдің ең зор қуаныштарының бірі, онан да зор қуаныш – сырыңды айтатын адамның болуы деген екен.Қай кезде де, қай жаста да адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау керек. Достық – әншейін дос тапқысы, дос болғысы келгендіктің нәтижесі емес. Бір - біріне пейілі ықыласы түскен, жан жүрегі қалаған, көзқарасы мен ой - ниеті үйлескен, мінездері сыйымды адам ғана дос бола алады.
«Сенің досың кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтып беремін»деген екен ғой бір дана кісі жаңа танысқан адамына. Бұл ақылды сөздің мағынасы «Достар жан дүниесі, ой өрісі, талғамы мен әлеуметтік көзқарасы жағынан жақын болады» дегенге меңзейді.
Жүргізуші: Достықтың өміршеңдігі екі жақтың ешқашан әділдіктен аттамауында. Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» дейді халық даналығында. Көңіліңнен шыққан, сынақтан өткен адам дос болатыны белгілі. Тегі кез - келген екі аяқты, жұмыр басты пенденің бәрі бірдей болмаса керек. Ниеті таза, жөні түзу, жан дүниесі сау адамдар ғана дос болуға жарайтыны - шындық.
Әбунасыр әл - Фараби айтқан
«Өрге жүзген өнегелі ісімен Адал дос тап тең құрбыңның ішінен» деген.
Ата – бабамыз дос жайлы өнегелік өсиеттер, мақал – мәтелдер қалдырған.Олардың мағыналары өте тереңде жатыр
Нақылды білмеген - үлкен қателік. Кезекті мақал-мәтелдерге береміз 1. Білімдімен дос болсаң, Сасқанда ақылын айтар. Білімсізбен дос болсаң, Топ ішінде бетін қайтар. 2. Дұшпан біреу болса да көптік етер, Досың мың болса да аздық етер. 3. Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең. 4. Заттың жаңасы жақсы, Достың ескісі жақсы. Жүргізуші: Халықта Досыңнан тап!» деген қарғысқа жақын сөз бар. Бұл - достың бәрінің бірдей еместігі, адамға ең ауыры - досыңның арамдығы, екіжүзді опасыздығы екені еске салатын сөз. Шынында да ішек - қарнына дейін түгел білетін адамыңның қасына айналуынан, қарсыласың жаққа шығып кетуінен қауіпті, өкінішті, не бар?!, Бұдан дос- дұшпаныңды айыра білудің қаншалықты маңызды екені көрінеді. Әйтпесе опық жеп, бармақ тістеп қалуың оңай. Сондықтан достықтың белгісі – достың сырын өз сырыңдай сақтау. Даналар айтқан ғой – Сыр сақтау - тіліңнің астына шоқ салып алғаннан да қиын деп. Тіліне ие бола алмайтын жеңілтек пәтуасыз жандарға «Досым ғой» деп сыр ашу жамандыққа апарып соқтыруы мүмкін. Ендігі кезекті көрніске береміз «Тақтайға қағылған шеге» Ролдерде әкесі: Қуандыков Н, баласы: Жаумитбаев Н
Жүргізуші: «Мінезі нашарлау, бұзақы бір бала болыпты. Әкесі: Баламау үстің неге шаң-шаң, бүгінде төбелесіп келдіңбе дейді? Баласы: Мен емес әке өздері ғой тиіскен Әкесі: бұған шара қолданбасам болмайды дейді Жүргізуші: Күндердің күнінде әкесі оған бір дорба толы шеге беріпті. Әкесі: Баласына «Жолдастарыңмен әрбір керіскен, төбелескен кезіңде тақтайға бір шеге қағып отыр.»- депті.
Баласы: Бала бірінші күні тақтайға 10 шеге қағыпты. Жүргізуші: Содан кейінгі күндері өздерін тежей жүріп, күн сайын шегені аз қағуға тырысыпты. Сөйтіп, әйтеуір бір шеге қақпаған күнге де жетіпті. Әкесі: тақтайдың жанына келіп баласының шеге қаққан тақтайына қарап:
Әкесі: Бүгіннен бастап керіспеген, төбелеспеген әрбір күніңде бір шегеден суырып отыр,- депті.
Жүргізуші: Бірнеше күн өткеннен кейін тақтайда шеге қалмапты.
Әкесі: Демек нәтиже шыға бастады. Балам тақтайға дұрыстап қарашы. Көптеген тесіктер пайда болды, енді бұрынғыдай біртегіс болмайды. Жолдастарыңмен керісіп, төбелескен кезде былапыт, жаман сөздер айтылады. Әр жаман сөз жанға бір жарақат салады. Соңынан жолдасыңнан мың рет кешірім сұрасаң да, ол тесіктер бітелмейді. Дос асыл тас тәрізді. Сенің қуанышыңа ортақтасады. Көңілің жабырқаса, көмекшің болып, қайғыңды басады.
Тапсырма: Бағандағы сөздерден адал достыққа тән қасиеттерді тауып айтыңдар. Қуаныш, Күлкі Өзара сыйластық, Оқу Еңбек, Өзара көмек Шыншылдық, Сұлулық Сүйіспеншілік, Түсіністік Мейірімділік, Қамқорлық Кешірімділік, Адалдық Жауапкершілік, Әдептілік
Жүргізуші: Дос ақылшы, көмекші, сырлас, жақын, адал, шыншыл деген ұғымды білдіреді. Өмір адамға бір - ақ рет беріледі, сондықтан да дос өмірдегі қиыншылық пен қызық кезеңдерді бөлісу үшін қажет. Достықтың екі түрі болады: адал дос, амал дос.
Достасу, серік табу адамның бақытына бақыт қосады. Достасудан бірлік, бірліктен тірлік, тірліктен жеңіс, жеміс, қуаныш, бақыт туады.
Дос болу – киелі ұғым. Достық аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гауһар тас. Жұлдыз да, асыл тас та кіршіксіз мөлдір. Бұл екеуін ешкім де, еш құдірет те кірлете алмайды.
Ендігі кезекті ситуациялық сұрақтарға берейік
1) Досыңның көп өтірік сөйлеп, бір затты жымқырып кету әдеті бар екенін байқап жүрдің. Бірақ оны айта алмай жүрген болатынсың. Бір күні екеуіңе ортақ басқа ешкім білмейтін затың жоғалып кетті. Не істер едің?
2) Сенің досыңның мінезі өте шәлкес. Үлкенмен де, кішімен де болмайтын нәрсеге ілінісіп қала береді. Өзінен кішкентайларға көп әлімжеттік жасайды. Сенің іс - әрекетің? 3) Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің? 4) Досың қатты ауырып ауруханада жатыр. Өте қымбат дәрілер керек.Оның жағдайы жоқ. Сен не істер едің? 5) Сенің ең жақын досың жағымсыз қылық істеді. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің? 6) Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің? 7) Анаң сабақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді. Сені үйдегілер күтіп отыр. Түскі тамаққа нан келеді деп. Досың да анасы нан ала кел деген ақшасын жоғалтып алып не істерін білмей тұр. Не істейсің?
Жүргізуші: Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:
- Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
- Достықтықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық.
«Енді оны қалай ажырата аламыз» дегендерге:
- Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достық өмірі қысқа болады, – деп жауап берген екен.
Жүргізуші: Өтеді өмір дөңгелеп
Жөні бөлек, жөн бөлек Менің де жаным шөлдейді
Досы жоқ көңіл бір бөлек Десе де тірлік базарлы
Достың жөні бір бөлек Қас - қағым мынау жалғанда Сағынатын дос керек.
Достықтың негізі – достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі.
Мақалды жалғастыр
1. «Кемшіліксіз.... іздеген адам.... қалады». 2. «Дұшпан.... айтады, дос.... айтады».
3. «Жаңылмайтын... жоқ, сүрінбейтін тұяқ.......». 4. «.... жаңасы жақсы,... көнесі жақсы.».
5. «.......... ақшаң болғанша, көп досың...». 6. «Досы көппен...., Досы жоқпен...».
7. «Досы..., өзі де жақсы». 8. «.... басқа қарайды,... аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз.... ақылды дұшпан....». 10. « Досың мың....,... біреу болса да көп».
11. «... адам тамыры жоқ... тең» 12. «... дос болсаң, сасқанда ақылын айтар.... дос болсаң, Топ ішінде бетің қайтар». Жауаптары
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады». 2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын». 6. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас».
7. «Досы жақсының - өзі де жақсы».
8. «Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».
10. «Досың мың болса да - аз, дұшпаның біреу болса да - көп».
11. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»
12. «Білімдімен дос болсаң, сасқанда ақылын айтар,білімсізбен дос болсаң, Топ ішінде бетіңді қайтарар». Өлең шумақтары: Оқитындар Бисенбаев А, Абеншеева Ж, Төлешова Р Жүргізуші:
Жақсымен дос болсаң Алдыңнан шығар елпектеп
Жаманмен дос болсаң Сыртыңнан жүрер өсектеп Махамбет Өтемісұлы
Көңіліңе қарай дос таңда Күшіңе қарай жүк таңда Жүсіп Баласұғын
Досым саған сенемін, сеніп өтем Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен Достық деген адамның көрігі екен Достық деген ақылдың серігі екен
Мұқағали Мақатаев
Достық деген ізгіліктің алаңы Оған куә ғасырлар мен замандар
Отанында сатып кете алады Қиын шақта досын сатқан адамдар
Мұхтар Шаханов
Достық шеңбер құраймыз (айнала оқушылар тұрып, бір –біріне достық
тілек айтады )
Ән: «Іздегенде табылатын қасыңнан...»
Орындайтын: Жолдасбаева А, Тасқынбаева А
Қорытынды: ДОСТЫҚ ТУРАЛЫ Мұқтар Шаханов Айқындалмас жақының мен алысың, Доссыз жүру мүмкін емес сол үшін.
Өз көңілінен сенім таба білмеген, Досқа досша ұсына алмас қол ұшын.
Доссыз менің өмірімде бар ма сән, Досым барда арманға асам, алға асам,
Мақтау күтпен, адамшылық арыңды Көкірегімді оққа төсеп қорғасам.
Адам деме жалған күліп алдасам, Не берсем де сеніп бере алмасам.
Тар кезінде талшық етер жаныма, Жарты құртты бөліп бере алмасам.
Дос құшақтан босамасын қолдарым, Осы менің, осы менің арманым.
Достығыма сенетін жан аз болса, Онда, құрбым, менің әлсіз болғаным. Достық - адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет. Достықтың алғашқы белгілері мектептен, сыныптан басталады. Сондықтан барлық уақытта да достығымызғы адал да берік болып оны мәңгілік сақтай білейік.
Маңғыстау , Бейнеу ауданы,-
Манашы орта мектебі биология пәні мұғалімі
Ильясова Анар , 8-сын жетекшісі
Сәтті жол Әйгерім!
Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған «Қазақстан -
2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі
3 –бағытта жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:
1 – бағыт. «Темекі шегуді тоқтату»
2 – бағыт. «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»
3 – бағыт. «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес»
Елбасының осы бағдарламасы аясында ауданымызда 18-қыркүйек күні Дарын
орталығында ауданымыздың мектептері арасында өткен «Еірткі біздің болашағымыз
емес» деп аталатын зертеу жұмыс қорғалды. Бұл зерттеу жұмыс бірнеше бағыттан тұрады.
1. Оқушылар зиянды заттар жайлы өздері жазған өлеңдерін оқу.
2. Зиянды заттар жайлы көрніс көрсету.
3. Үш түрлі тақырып берілді
а) Есірткі құралдары және есірткі бизнесі.
ә) Есірткіге кімдер құмар және неліктен?
б) Есірткіні таңдағандар қайда барады?
Бұл зерттеу жұмысқа ауданымыздың барлық мектебінен дарынды оқушылар
қатыстырылды. Біздің мектебімізден 8 «В» сыныбының оқушысы Тасқынбаева Айгерім
«Есірткіге кімдер құмар және неліктен?» деп аталатын тақырыбы бойынша қатысты. Бұл
оқушы сабақта үлгілі үздік оқушыларымыздың бірі. Сондықтан болар, бұл зерттеу
жұмыста өзінің жақсы дайындығын, білгірлігін көрсетіп І орынға ие болды. Сөйтіп
қарашаның 24-25 күні Ақтауда облыстық «Есірткі біздің тақырыбымыз емес» атты
форум №3 орта мектепте өтті. Бұл форумға облыстың бірнеше аудандарынан 100 –ге
жуық оқушы қатыстырылды. Барлық оқушылар өздерінің үлкен дайындық пен
келгендерін көрсетті. Бұл екі күнге созылған форумда біздің мектебіміздің оқушысы
Тасқынбаева Айгерім өз тақырыбын қорғап ІІ орынға ие болды. Сөйтіп облыстан
жүлдемен оралды. Бұл оқушымыздың жеңісі мектебіміздің үлкен жетістігі деп білемін.
Барлық уақытта да оқушыма биіктерге самғай бер деймін.
Жазған: Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Манашы орта мектебінің
биология пәнінің мұғалімі жетекшісі
Ильясова Анар
Ұрпағым сау болсын десең, арақ ішпе
Достарыңызбен бөлісу: |