Теріде, оның терең қабаттарында (шаш қалтасында, май және тер бездерінде), аэробтарға қарағанда анаэробтар 2-10 есе көп болады. Теріде грам оң бактериялар (пропионибактериялар, коринеформды бактериялар, эпидермалді стафилококтар және басқа да коагулаза - теріс стафилококтар, микрококтар , пептострептококтар, стрептококтар, Dermabacter hominis), Pityrosporum туыстастығының (жаңа аты-Malassezia) ашытқытәрізді саңырауқұлақтары, сирек жағдайда транзиторлы микрофлора ( Staphylococcus aureus, Streptococcus pyogenesжәне т.б.) колонияланады.Организм әлсірегенде теріде грам теріс бактериялар саны өседі. Қалыпты жағдайда 1 см2 теріде 80000 микроорганизм болады, бұл сан бактерицидті стерильдеуші фактор әсер етуінен артпайды. Мысалы: терлегенде теріде Jg A және Jg G, трансферрин, лизоцим, органикалық қышқылдар және басқа микробқа қарсы заттар табылған. Терінің төменгі дейгейдегі рН-ы (5,5) және дене температурасы –микроорганизмдер көбеюін шектейді. Терінің өзін-өзі тазарту процесі, таза жуылған теріде күшейеді. Терінің ылғалдығы жоғары аймақтарында мысалы, шат қатпарында, саусақ аралығында, қолтықасты ойысында микроорганизмдер саны жоғары (1 см2-106) болады. Микроорганизмдердің көбеюі тері ластанғанда болады; организм әлсірегенде өсіп-өнетін микробтар адам денесінің иісін қалыптастырады Кір қол арқылы дәрілік заттар микроорганизмдермен ластанып, әрі қарай олардың бұзылуына әкеледі. Ауада микроорганизмдердің таралуында тері микрофлорасының үлкен маңызы бар. Тері десквамациясы (түлеуі) нәтижесінде мыңдаған микроорганизмдер қоршаған ортаны ластайды.