Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы – кемеңгер қоғам қайраткері
Мақсаты: 1. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми
еңбектері туралы мағлұмат беру.
2. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның
көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу
3. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту
Ресурстар: Ахмет Байтұрсынұлының портреті, кітап көрмесі, ақынның қанатты сөздері, видеоролик, презентация.
Тәрбие сағатының өту барысы: Мұғалім: -Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық өмір жолына арналады.
Ахмет Байтұрсынұлы... Осы бір есім елге таныс болғалы «Мен-қазақпын» деген азаматтың бір селт етпейтіні жоқ та шығар.
-Ахмет Байтұрсынұлы өмірі туралы не білеміз, қане ортаға салайық. Ол кісі қай жылы, қай өңірде дүниеге келген? (Кластер құру)