Зерттеуші № 81 орта мектебінің “Ізденіс” тобының 11 сынып оқушылары осы мәселені зерттеуге үлес қосты.
Зерттеушілер ауылдағы көнекөз қариялар, мұғалімдермен байланыс жасаған.
Ауылдағы ақындықты арман еткен ұстаздар өмірін зерттеген журналистерден мәлімет алынды. Ауыл ақындарының баспа беттеріне жарияланған еңбектерін іздестіру, оларды жинақ етіп бүктеме жасау – “Ізденіс” тобының көрсеткіші.
“Тамшыдан теңіз құралады” демекші жергілікті жердің ақындарын топтастыру, материалдарын жинақтау, оларды баспаға беру – Қызылжардағы жас зерттеушілердің ұжымдық әрекеті үлкен іске қосқан қомақты үлес болары хақ.
Зерттеу көзі
Зерттеу пәні
Зерттеудің теория - әдістемелік негізі
Ақындықты арман еткен жерлестер тарихы
Жергілікті жердің ақын - термешілері
Зерттеуге байланысты ауылдағы өнер қонған азаматтардың шығармаларының аудан, облыс, республика көлемінде жарық көруі.
Зерттеу жұмысының жаңалығы
Іздестіру нәтижесінде Қызылжар ауылындағы ақын – ұстаздар нақтыланып, айқындалады
Баспа беттеріне жарияланған өлеңдерді, кітаптарды қарастыра отырып, “ақындар” ұғымына авторлық ұғымдық, мазмұндық және әдістемелік дәлелдемелер берілді, табиғатты жырлаудағы ақындардың алатын ролі анықталды.
Жүйелі түрде талдау жасау тұрғысынан ақындардың қоғамдағы орны мен ролі, жекелеген айырмашылықтары көрсетілді.
Ақын – термеші, жыраулардың жеке жинақтары электрондық оқулыққа арқау болды
Тұжырымдар:
Шымкент, Қызылорда облысындағы аудан көлеміндегі ауылдан шыққан ақындардың кешегісі м ен бүгінгісін топтастыру аспектілері
Ауыл мәдениетін аша түсетін түрлі тақырыптардың дамуына әсерін тигізетін ерекше факторлар айқындалса және оларды есепке алу қажеттілігі дәлелденсе;
Қазіргі кездегі кезек күттірмейтін мәселелерді тың шығарма ретінде қарастыратын ұсыныстар болса;
Заман талабына сай критерийлер ұсынылды
Ақындықты армандаған ұстаздардың қатарын жетілдірудің стратегиясы жасалынып, жүзеге асыру шаралар кешені белгіленді