Тақырыбы: «Алаш» қозғалысы және Ә. Бөкейхан»


). Шакирова А. 9-сынып оқушысы



бет2/3
Дата13.11.2016
өлшемі1,17 Mb.
#1620
1   2   3

3). Шакирова А. 9-сынып оқушысы:

Қоғамдық- саяси әрекеттері

Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә. Бөкейхан Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады.

«Народная свобода» (Халық бостандығы) партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.

1905 жылдан бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған.

1905 жылы Әлихан Бөкейхан Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені Ә.Н. Бөкейхан өз жұмысын бастаған кезде Дала өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырды.

Абақтыдан шығып Санкт-Петербургға жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кездегі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә.Н. Бөкейхан да солардың артынан аттанып Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт-Петербург сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды.

Әлихан Бөкейхан портреті, 1915 ж.

1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омич» және «Иртыш» газеттерінде

1908 жылы Санкт-Петербургда жарық көрген меньшевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды.

1909-17 жж. «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді.

1911-14 «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді.

20 ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді.

Бар күш қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылып, онда тек ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысуға ғана мәжбүр болды.

1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынборға келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады.

Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IVМемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі болды.

Теміржанов А. 9-сынып оқушысы:

Ғылыми еңбектері

XIX ғасырдың соңында Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқытушылық қызмет атқарып, ғылыми жұмыстармен айналысады.Ол 1896 ж. көрнекті ғалымдардың кепілдемесімен Орыс географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесінің толық мүшесі болып сайланды.Әлихан «Ресей. Жалпы географиялық сипаттама» атты көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18 томына автор ретінде қатынасқан. Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік саяси қызметтерге де белсене араласа бастайды.1904 жылы қазақ даласына қоныс аудару қозғалысын даярлап берген Ф.А. Шербина экспедициясының құрамында болды.1911-14 жж. Әлихан Бөкейхан «Жаңа энциклопедиялық сөздіктің» 4-21 томдарына автор ретінде қатысты.

Әлихан Бөкейхан — ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.[2][3] Ә.Бөкейханұлының әдебиеттану тұрғысынан жазылған еңбектері ғалым Д.Қамзабекұлы тарапынан жан-жақты қарастырылады. Бұл зерттеуде Ә.Бөкейханұлының алғашқы еңбектерінің бірі ретінде «Женщина в киргизкой былине Кобланды» атты мақаласы сарапталған. «Туркестанские ведомости» газетінің бірнеше санында жарияланған. Ә.Бөкейхановтың әйгілі «Қобыланды» жырындағы әйел бейнесі» деп аталған мақаласы белгілі ғалым С.Қасқабасов тарапынан жан-жақты талданып, сол кездегі қазақ фольклористикасы үшін аса маңызды бірнеше мәселе көтерілгенін жеріне жеткізе айтылып: «Бұлар эпостың тарихилығы, «Қобыланды» жырының шығу мезгілі, қазақ фольклорының түрлері, жыршы және оның шеберлігі, қоғамдық ой-санасының жырда көрініс табуы, «Қобыланды» жырындағы әйелдер бейнесі, олардың атқарып отырған идеялық қызметі. Осындай ғылыми мәнді проблемаларды автор сол кездегі әлеуметтік, моральдық мәселелермен ұштастыра қарастырған»,- делінген.

4). Кітап көрмесі «Алаштың» негізін қалаушы Әлихан Бөкейхан»

Кітапханашы Нургалиева З.К. кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.



5) Шапиков Н.М. тарих пәні мұғалімі.

Қарқаралы петициясы1905 жылдан бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі болады. Осы жылы Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жақып Ақбаевпен бірге Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болды. Петицияға 14 500 адам қол қойған.

Тұтқындалған депутат1905 жылдың күз айында ғалым-публицист Семей облысы қазақтарының атынан Ресей патшалығына 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланады. Алайда ол дума жұмысына қатыса алмады. Себебі, дала өлкесінің генерал-губернаторының негізсіз айыптауымен 3 ай Павлодар абақтасына жабылады.

Шетелдегі қызметіАбақтыдан шыққан Әлихан Бөкейханов сол кезде тарап кеткен дума мүшелерінің артынан Финляндияның Выборг қаласына келеді. Выборг үндеуіне қол қояды. Сол үшін жазаланып, 3 айға Семей түрмесіне жабылады.

Шығармашылық жұмыстары

Әлихан Бөкейхановтың мұрасы әр салаға арналған мыңдаған очерктер мен мақалалардан тұрады. Олар Ресей мен қазақ елінің барлық басылымдарында жарық көрді. Зерттеуші ғалымның, көрнекті публицист Әлиханның экономика, әдебиеттану, ормантану, ауылшаруашылық салаларына арналған көптеген жазбалары сақталған.



Толқынды 1917 жыл

1917 жылы Әлихан қазақ тарихындағы алғашқы саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі, артынша желтоқсан айында Алаш автономиясын жариялайды. Оның үкіметі болып Алашорда құрылады. Қазақ даласындағы тұңғыш үкіметтің төрағасы болып Әлихан Бөкейханов тағайындалады.



20 жылдардағы тұтқындау

1920 жылы Алаш автономиясы тарих сахнасынан біржолата жоғалып, оның мүшелері қудаланады. Әлихан Бөкейханов Мәскеуге жер аударылып, сонда 10 жыл бойы үй қамақта отырады.



Ату жазасы

Бутырка абақтысына қамалған Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов 1937 жылы 67 жасында Мәскеуде ату жазасына кесіледі. Әлиханның қабірнің қайда екені жайлы мағлұмат тек 2007 жылы жария етілді. Ол Мәскеудегі Дон бауырластар зиратына көмілген.



Отбасы

Әлихан Бөкейханов Яков Севостьяновтың қызы Ольгаға үйленген. 1903 жылы қызы Елизавета, ал 1910 жылы ұлы Өкітай дүниеге келеді. Бөкейхановтың қызы Смағұл Сәдуақасовқа күйеуге шыққан. 1957 жылы ұлы Өкітай жұмбақ жағдайдаІІІ. Қорытынды. Кулшариева Б.С. ӘБЖ жетекшісі:



Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі, 
Демейді қандай қазақ оны оң көзі. 
Семей тұрсын, жеті облыс - бар қазақтан, 
Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі, – 
деп С.Торайғыров айтқандай, Әлекең әрқашан да қазақ жүрегінде жеке дара тұлға болып қала бермек. 

«Алаш» қозғалысы және Ә.Бөкейхан»

(Ә.Бөкейханның 150 жылдығына оқырмандар конференциясы)

















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет