Пайдаланушылардың ақпараты Банк Сервистерін пайдалану барысында Пайдаланушының қауіпсіздігін арттыру, жедел қорғау деңгейін арттыру, ақпаратты қорғау, Банк Сервистерін техникалық басқаруды жүзеге асыру мақсатында, Пайдаланушылардың ақша аудару операцияларын жасауын жеңілдету үшін, сондай-ақ Банк Сервистерінің жұмысын талдау және жақсарту үшін; Пайдаланушыларға Банк көрсететін қызметтер мен банк ұсынатын өнімдер туралы ақпаратты ұсыну үшін; маркетингтік мақсаттарда; осы Құпиялылық саясатында немесе Банктің жекелеген Сервистерін пайдалану келісімшарттарында көрсетілген өзге де мақсаттарда жиналады. Осы Құпиялылық саясатында Пайдаланушының ақпараты деп түсініледі: есепке алу жазбасын жасау, тіркеу кезінде Пайдаланушы Банкке дербес түрде мәлімдейтін жеке ақпарат, сондай-ақ Банк Сервистерін пайдалану барысында автоматты түрде берілетін деректер, оның ішінде IP-мекен-жайы да бар, бірақ онымен шектелмейді, қолжеткізілетін және т. б. әрекеттер жүзеге асырылатын ұялы құрылғы туралы мәліметтер. Банк Сервистерін пайдалану барысында мынадай ақпараттардың сұратылуы және алынуы мүмкін: