Тақырыбы: «Ана тілім – ардақтым»
Тәрбиеші: Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Өнердің түскен жолына,
Жас досым саған мың сәлем.
Құрметті балалар, қонақтар бүгін сіздер тіл апталығына арналған ертеңгілікке қош келіпсіздер!
Ертеңгілігімізді әнұраннан бастайық.
Әнұран: барлық балалардың орындауында.
Қонақ (Германиядан келген)
- Гутэн таг! Мен Германиядан келдім! Кешіріңіз мен қазақша сөйлей алмаймын. Қазақша үйренуге келдім.
Тәрбиеші:Балалар, амандасайық қонақпен!
Тәрбиеші: Сіз бізге өзіңіздің туған жеріңіз туралы айтып беріңізші?
Қонақ: Германия өте әдемі, шағын мемлекет. Бас қала – Берлин деп аталады.
Табиғаты өте әдемі. Мен өзімнің туған жерімді сүйемін.
Тәрбиеші: Рахмет, Сіз қазақ тілін үйреніп жүрсеңіз бізде тіл мерекесі өтіп жатыр. Қонақ болыңыз! Біздің балалар Қазақстан туралы сізге айтып береді.
Жүргізуші: Балалар, біз қай Республикада тұрамыз?
- Бас қала қай қала?
- Біздің қаламыз қалай аталады?
- Қай балабақшаға барамыз?
- Нешінші топқа барамыз?
Жүргізуші: Балалар, адамға тіл не үшін керек?
(Балалардың жауабы)
- Дұрыс, тіл адам бір-бірімен тілдесуге керек. Адамдар сөйлеу үшін керек.
Тәрбиеші: Біздің Республикамызда көп ұлттар тұрады. 150 ден астам әртүрлі ұлттар тұрады.
-Балалар қандай ұлттарды білесіңдер?
(Балалардың жауабы.)
Тәрбиеші:
- Дұрыс. Осы халықтар өз тілдерінде еркін сөйлесе алады. Бірақ біз Қазақстан Республикасында тұрғаннан кейін, біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып есептеледі. Осы тілді біз білуіміз, құрметтеуіміз керек.
Тәрбиеші: Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,
Бірақ оған адам аз бас иетін.
Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,
Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды,
Орыс тілі сіңген ғой санамызға.
Неге олар «тілім» деп қуынбайды,
Шынымен-ақ басқа боп барамыз ба?
Бұл менің ұлтты сүйген өздік ойым.
Өз тілімде керемет ақыл –ойым.
Қасиетті қазақ тіл – бабам тілі,
Ол тарих, сенің, менің абыройым!
Тәрбиеші: Ал қазір, балалар, тіл туралы, біздің Отанымыз туралы тақпақтарды, мақалдарды тыңдайық.
Ана тілім – менің
Әлдилеген әнім.
Ана тілім – демім,
Ана тілім жаным.
Отан – жерім,
Отан – суым.
Отан қуат, нәр береді.
Отан – ұран
Отан – туым
Отан – мәңгі гүлденеді.
Тәрбиеші: Қазақстанда көп ұлттар турады, олар барлығы тату-тәтті өмір сүріде деп айттық. Ал, қазір өзіміздің балабақша туралы бір ән тыңдайық.
Өлең: « Біздің балабақшада» Орындаушы қазақ тобының балалары.
Отан – сенің ата-ананаң,
Отан – досың бауырың.
Отан - өлкең астанаң
Отан – аудан, ауылың
Ана тілің, арың бұл.
Ұяттың боп тұр бетте.
Өзге тілдің, бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте.
Тәрбиеші: Балалар, біз кішкене бойымызды жазып ойын ойнайық.
Қазақтың ұлттық ойыны: «Қыз қуу».
Тәрбиеші: Мерекемізді жалғастырайық. Өздерінің тақпақтарын оқып береді:
Ана тілім – елім,
Қажыр, қайрат, күшім.
Ана тілім – менің,
Баста бақыт құсым.
Жанымнан да қымбат,
Ана тілім маған.
Ана сөзін тыңдап,
Үлгі, өнеге алам.
Ана тілім – анам,
Аппақ қардай арым.
Мұра еткен бабам,
Жарқыраған шамым.
Елтаңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Мұнда да бар ерлігім,
Мұнда да бар жер күнім.
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Тәрбиеші: Тілді дамыту үшін біз әрдайым мақал-мәтелдерді жаттаймыз.
Мақал мәтелдерді қазақ ортаңғы тобының балалары дайындап келді.
Талаптыға нұр жауар
Ақыл - азбайды, білім - тозбайды.
Оқу білім бұлағы, Білім - өмір шырағы.
Туған жер – алтын бесік
Тәрбиеші:
Әр ұлттың өзінің билері бар. Ал біз бүгін өзіміздің қазақ биін тамашалаймыз!
Қыздар тобы. Қазақ биі
Қонақ: Маған өте ұнады. Жарайсыңдар балалар! Сендердің өнерлеріңді көрдім. Ал, балалар, келіңдер мен сендерге неміс ойынын үйретемін.
Тәрбиеші: Мерекеміздің соңында балалар «Мектеп ана» деген бір өлең айтады.
Тәрбиеші: Осымен біздің мереке аяқталды. Қонақпен қоштасайық! Сау болыңыз!
Достарыңызбен бөлісу: |