Тақырыбы: «Аналар асыл қазына»


Флешмоб биі «Ай жігіттер,жігіттер,жігіттер!»



бет2/12
Дата02.02.2022
өлшемі80 Kb.
#117091
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
8 наурыз

Флешмоб биі «Ай жігіттер,жігіттер,жігіттер!»

Орындарына отырып, жайғасады.



Жүргізуші: балалар әлемдегі ең жақсы, ең мейірімді, ең жүрегі жұмсақ кім екен?

Балалар: Аяулы анамыз!

Жүргізуші: Балалар, айтыңдаршы?

Бізді жақсы көретін,

Бар жақсыны беретін.

Баласы үшін әрдайым

Мейірімін төгетін

Ол кім?


Балалар: Анашым!

Жүргізуші:

Жүрегіме жыр шашып,

Нұр төгетін сіз екен

Құтты болсын анашым

Құтты болсын мерекен!

Ән «Анам - әжем»

Әжелері немерелерімен бірге түскен слайтты қосып қою.

Жүргізуші: Біздің балаларымыз аналарына арнап көп тақпақтар жаттап келді. Балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Балалардың тақпақтары:

Амина:

Дүниеде ең кемеңгер дананы,

Ана табады, аялайды бағады,

Сол үшінде құдіретіне бас иіп

Құрметтейік қасиетті – ананы.

Диор:

Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған,

Шапақтарың бар әлемге таралған,

Гүлдеріне жаз күннің ұқсайсын

Орындалсын жүректегі бар арман.

Адия:

Естелік етем сыйымды,

Жаттатып жүрек жырымды,

Мейрамыңмен, сүйіктім

Бөліскен менің сырымды.

Ләйлә:

Өмірде әсем тілек көп

Жылуды жиған жүрек көп

Құтты болсын мейрамын,

Жақынға жүрші тірек боп.

Даяна:

Жұмақ – құшақ панам,

Күндей нұрлы санан.

Қызығын көр ұл – қыздың,

Еңбек сүйгіш Анам.

Диана:

Жыртылмастан жаған

Шарықтасын жаңа ән

Арманына жетші

О, періште Анам.

Жан:

Келді көктем күннің,

Күлімдейді гүлің,

Алтын ойлы анам

Мерекеңіз бүгін.

Ойын «Серуенге баланы жылдам киіндір»

Ойын шарты: Аналардың көздері орамалмен байлаулы әуенмен, киімдерді тез кигізу керек. Кім тез және жылдам кигізсе сол жеңімпаз атанады.

Музыка ойналып, ортаға майшелпек жүгіріп шығады.

Жүргізуші: Ой, майшелпек, сен мұнда қайдан жүрсің? Мұнда неге келдің?

Майшелпек: Мен, майшелпекпін, атамнанда қаштым, әжемнен де қаштым. Міне осында сендерге келдім. Құр келген жоқпын, сендерге хат әкелдім. Ол қайда кетті (іздейді)? А-а, міне, таптым (тәрбиешіге береді).

Балаларды, қонақтарды мерекемен құттықтап, қоштасып шығып кетеді.



Жүргізуші: Міне, қызық?… Мына хат кімнен келді екен? Кәне, оқып көрейік.

Сәлеметсіңдер ме, балақайлар! Мен көктемнің апасы қыс ханшайымымын. Сендер менімен бірге қыс мезгілінде қызықтап, қардан аққала жасап, шанамен сырғанап, көңіл көтердіңдер. Енді менің сібір жаққа кететін уақытым болды. Ал, менің сіңілім көктем аруы әлі ұйқыда жатыр. Сендер бүгінгі мерекеде көңіл көтеріп, ән салып, би билеңдер. Сонда көктем аруы, ұйқысынан оянып, сендерге келетін болады. Сол кезде айнала құлпырып, күн сәулесін шашып, ағаштар бүршік жарып, бәйшешектер гүлдеп, құстар келіп, ән салатын болады. Қош сау болыңдар, балалар!

Сәлеммен: Қыс ханшайымы.

Жүргізуші: Қыс ханшайымы көңіл көтеріңдер – деді ғой. Олай болса көңіл көтерейік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет