Тырнақ ағарып кетеді, әлсіздену, тез шаршау пайда болады
Анемияның ауыр түрінде бет-аяқ ісініп, жүрек соғысы жиілейді, демігу пайда болуы мүмкін.
Топырақ, бор жеуге әуес балалар мен әйелдер әдетте анемия зардабын шегеді.
Жіктемесі
ТТА-ның жалпығатанылған жіктемесі жоқ.
Темірдің латенттік тапшылығы, темірдің функционалдық тапшылығы, созылмалы сырқаттардың анемиясы өзіндік нозологиялық формалар болып табылады, ТТА жіктемесіне қосылмайды. Ең жиі түрде ауырлық дәрежесі бойынша жіктеме және этиологиялық жіктеме пайдаланылады [1].