Барысы: Пікірлесу сұрақтары 1. «Ар»; «Намыс»; «Абырой» сөздерінің мағынасын ашу
2. Бейнебаян.(Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!)
3. «Ақылды болсаң, арыңды сақта,
Ар-ұждан керек әр уақытта» нақыл сөзі оқылады, мағынасы талданады.
4. Адамның іс-әрекетін ақиқат, шындық пен әділдік жөніндегі ұғымдарын талдау.
5. Адамның өз кемшілігін білуі не үшін қажет?
6. Ар-ұждан адамға табиғаттан берілетін қасиет пе?
7. Бейнебаян.(Мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлық пен қарсы іс-қимылдар туралы бейнеролик)
«Ұят-жасаған әрекетіңнің жөнсіздігін түсінушілік. Намысқа кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау – масқара болушылық. Бізде «ар» сөзіне ғылыми тұрғыдан қандай анықтама беріледі? «Шәкәрім» энциклопедиясында А.Тоқсамбаева: «Ар-адамгершілік сана, этика-философиялық категория. Адамгершілік (адамшылық, адамдық) қазақ халқында адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтық мағынасын білдіретін ұғым-өлшем болса, Ар оның шығу тегі, бұлақ бастауы. Арды адам бойындағы жақсы қисиеттердің өлшемі, адамгершілік санасы деуге негіз бар», - дейді. Адамдық пен ар-ождан, әдептілік пен сыпайылық – сатылмайтын қымбат асыл тас.
Т Тыныштық сәті: Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.
ТТіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті.Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте- бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады.
О Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге,тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын » Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет
! Сабақ барысын талдау: М.Қалдыбай «Көлеңке»үзіндісін оқып келу.
11.Әңгіме кім туралы?
22. Бауыржан Момышұлы неге өкінді?
3. Жастар туралы қандай ой айтты?
4. Көлеңкедегі темір сандықтың кілті неде?
5. Байыржан Момышұлы қазақтың дана сөзінен қандай адамды қөрді?
6. Дана адам қандай адам?
• Дәйексөз. «Адамдық борыш ар үшін.» Шәкәрім Құдайбердіұлы Дәптерге жазып алу. Барлығы бірге 2рет айтып шығады .
• Әңгімелеу. Бұл әйгілі ғұлама Абу Ханифаның әкесі Нұғман Сабиттің басынан өткен оқиғасы. Бір күні Нұғман Сабит өзен жағалап келе жатса , өзенде бір алма қалқып бара жатады, сол алманы алып жейді де, ойланып қалады. «Бұл алма менің алмам емес еді, бұны иесіне енді қалай қайтарам»- деп ойлап, ағысқа қарсы жүреді.Оның алдынан яхудидің бағы кездеседі, алманың сол бақтан екенін түсінеді де, яхудидің есігін қағады , есікті бақшаның иесі ашады. Нұғман Сабит «мен сіздің алмаңызды жеп қойып едім , енді мені кешіресіз бе?»- деп сұрайды . Сол кезде яхуди : «Сен маған үш жыл тегін қызмет қыласың, содан соң кешіремін»- дейді . Содан Нұғман Сабит үш жыл тегін қызмет жасап, тағы да яхудиге келеді . «Ал енді мені кешіресіз бе?»- дейді . Сонда яхуди « жоқ , бір жерде қыз бар, ол қыздың қол аяғы жоқ , көзі көрмейді , құлағы естімейді, сол қызды жұбайың етіп аласың, содан соң кешіремін»- деген екен .
Нұғман Сабит әлгі жерге барып, есігін қақса, ай десе ауызы , күн десе көзі бар бір сұлу қыз отырады . Сабит басқа үйге түсіп кеттім деп ойлап, қайтып яхудиге барып «Сіз айтқан қызды кездестірмедім, ол үйде он екі мүшесі түгел сұлу қыз отыр»- дейді. Сонда яхуди , « көзі көрмейтін дегенім жаман нәрсеге қарамайтын еді , құлағы естімейтін дегенім ғайбат cөзді тыңдамайтын еді , қол аяғы жоқ дегенім жаман әрекетке бармайтын еді , сол қызыма тек сен ғана лайықсың»- деген екен. (Ғалым Шамсуддин «Сияр аглам анну балай»атты кітабынан алынған)
1.Нұғман Сабит не себептен ойланып қалды?
2. Нұғман Сабит кімді іздеді?
3.Іздеген әйел адам қандай болып шықты?
1. Алманың иесін қандай оймен іздеді?
2. Алманы жеп қойған Нұғман Сабит нені тыя білді?
3. Тілек қалауын тыюға не себеп болды?
4. Берілген міндеттерді қалай орындады?
5. Болашақ жарының сұлулығын көргенде қызықтыма?
6. Яхуди неліктен Нұғман Сабитті ұнатты?
• Шығармашылық жұмыс. Үш топқа бөлу (Ой, Сөз,Әрекет) сөзі: Ш. Смаханұлы әні: Ә. Тыналиев «Анамның тілі – аяулы үні» ән шумағынан алынған сөздерді толықтыру. Өмірге келдім, Анамды көрдім деді ол маған.....,(Күндей болсың шуағың...)
((Ой тобы) Өмірге келдім атамды көрдім деді ол маған..., (Мейірім боп желпіп...) Өмірге келдім ұстазды көрдім деді ол маған..,(Тындадың сөзді жүректен шыққын...)
((Сөз тобы) Өмірге келдім даламды көрдім деді ол маған..,( Сүй деді мәңгі - өмірді думан ...) Өзіме қарадым дедім мен...,
((Әрекет тобы) Өзіне өзің есеп бер: Адамдар үшін адал қызмет етіп жүрмін бе?
Мінез-құлқым адамдарға жайлы ма?
Достарыммен қарым-қатынаста адалмын ба?
Маған үйреткенді қаталап айтып өнеге алып отырмын ба?
Мен кіммін өзім, «Менің» не дейді?
7.Топпен ән айту. Анамның тілі – аяулы үні сөзі: Ш. Смаханұлы әні: Ә. Тыналиев Сөзін өзгерткен Г.К. Нуржанова Өмірге келдім, Анамды көрдім, Деді ол:
Күндей болсың шуағың,
Гүл жарған бағым.
Мейірім боп желпіп,
Жырымен ертіп,
Үйретті тынбай
Бал тілін, әнін.
Анамның; тілі - айбыным менің,
Анамның; тілі - ай-күнім менің!
Сүйемін байтақ даламды туған,
Сүй деді мәңгі - өмірді думан.
Мектепке келдім, ұстазды көрдім,
Тыңдадым сөзін жүректен шыққан.
Анамның тілі, аяулы үні
Жүрекке нұрын тұрады құйып.
Анамның; тілі - айбыным менің,
Анамның; тілі - ай-күнім менің!
Сүйемін байтақ даламды туған,
Сүй деді мәңгі - өмірді думан.
• Үй тапсырмасы. №10 сабақ, І.Есеберлин «Махаббат мейрамы»үзінді 45-48 бетке дейін оқып келу. «Ар-ұжданыма саяхат» тақырыбына эссе жазып келу.
• Сабақтың соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Бүгінгі сабақтан алған жақсы сөздеріміз бен ойларымызды жүрегімізге орналастырайық.Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. Рақмет!
Қорытынды: Ар,намыс,абырой – бұл адамның қадір қасиеті.Әрдайым қадір қасиетімізді бағалап,қадірлей білуіміз керек.Өз бойымызға әділдік,адалдық,ар-намыс,ұят ,абырой,жомарттық қасиеттерін сіңіре білген ұл қыздарымыз иманды да,әдепті деп танылатыны сөзсіз.