Диагностика критерилері ӨАТЭ айқын кардиореспираторлы бұзылыстармен жүреді, ал майда тармақтар окклюзиясы кезінде өкпе инфаркты деп аталатын өкпелік паренхиманың геморрагиямен тығыздалуы (жиі келесі некрозданумен). ӨАТЭ кезінде байқалады: - кенеттен ентігу (ортопноэ тəн емес); - қорқу; - күрт əлсіздік, бас айналу. Өкпелік инфаркттың дамуында – жөтел, кеудеде ауыру сезімі (тыныс алу актісінде көбінесе фибринозды плеврит пайда болғанда), қантүкіру. Қарап тексергенде анықталады: Қарап тексергенде анықталады: - Мойын веналарының пульсациясы мен ісінуі; - Жүрек шекарасының оңға ұлғаюы; - Эпигастральді пульсация, тыныс алу кезінде күшейеді; - Өкпелік артерияда II тонның акценті жəне екі еселенуі; - Əлсіреген тыныс жəне /немесе шектелген аймақтарда майда көпіршікті сырылдар,құрғақ сырылдар болуы мүмкін; - Плевраның үйкеліс шуы;
Достарыңызбен бөлісу: |