Тақырыбы: Асық – ұлттық ойын


Түйіндеме ( Аннотация )



бет2/12
Дата05.08.2020
өлшемі44,72 Kb.
#76050
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Asy - ltty oyyn 1427968195

1

Түйіндеме ( Аннотация )

Жұмыстың мақсаты:Асық ойнының ұмытылып, мүлде ойналмай, ережелерінің сақталмай, ойнаудың өзіндік сырларының ( техникасының) жоғалып бара жатқандығын басты назарда ұстау, ұлттық байлығымызға лайықты деңгейде көңіл бөлу керектігін дәріптеу. Өткенді зерделеп, келешек ұрпаққа насихаттау.

Жұмыстың міндеті:Қазақтың ұлттық ойынын меңгерту.Асықты үй жануарларынан алатынымызды дәлелдеу.Ұлттық ойынның қажет екеніне көз жеткізу.

Жұмыстың өзектілігі: Қазақтың ұлттық ойыны- асық,ол туралы оқып білу.

Жұмыстың нәтижесі: Егер қазақтың ұлттық ойындарында асықтың түрлерін дұрыс қолдана білсек, асықпен ойнауға деген қызығушылықпен сұраныс артар еді.

3

Кіріспе бөлім

Барлық халықты бір ғана арнаға салуға бағытталған өктем билік орнаған заманда қазақтың ұлттық әдебиеті де, мәдениеті де, салт-дәстүрі де қатты қысымға ұшырап,өрісі тарылғаны мәлім.Ұлтқа тән барлық қайнарлардың көзі тығындалып,бірте-бірте ізі өше бастады.Сондай саланың бірі –қазақтың ұлттық ойындары.Сол өктем билік орнаған заманда ұлт ойындарының ұлттық өнермен астасып жататынына мән бермеді. Кейіннен қазақ халқы тарихи кезеңге қадам басты.Өзінің Тәуелсіз мемлекетіне ие болды. Кешегі күндей күркіреген кеңес үкіметі санамыздан сызып тастауға тырысқан ұлттық ойындар ел Тәуелсіздігімен тірге төрге озды.Паң даланың төсінде патшалық құрған қазақ ұрпағына өркениет жауһарларын мұра етті. Оның әрбір әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, ұлттық ойыны ата-бабаның мәйекті мәдениетімен астасып тұр.Ендігі міндет сол мемлектіміздің экономикалық қазынасын арттыруға есе қосумен бірге ұлттық бейнесін де танытуға барлығымызды күш-қайрат жұмсауға жетелейді.Ұлттық қасиетті,салт-сананы,дәстүрді қалпына келтіре отырып,ұлттық сипатты да мықтап қалыптастыру –жүрегінде жалыны бар жастардың борышы.Киіміміз қара төел жұпыны болса да, ойынға бай едік. Ойынның неше түрі біздің халықта.Дегенмен де, қазақ жастары ұлттық ойындардан алыстап кетті.Махмуд Қашқаридің «Түркі тілдері сөздігінде» көне түркілердің: «Інген ыңыранса,бота боздайды» деген мақалы бар. Мынау қайта жаңғыру кезеңінде ұлт ойындарымыз да қажетке жарап қалар... Салт – ұлттың ғұмыр бойы жиған мәдениеті,ұлттың ұлт екенін әлем халықтары мойындаудағы төрт белгінің бірі.Біз асылы бар, жасығы бар,құдайға шүкір,салтқа бай халықпыз.Асық –ойынысол бай салтымыздың



4

бір дәстүрі.Кезінде қазақ шаруашылықпен жаппай шұғылданған тұсында асық –әр үйдің, әр ауыл балаларының, жастарының да бас қосуының негізі.

Ертеде қазақхалқы асықты бала кезінде қолына алып,жас кезінен бастап ойнай бастайды.Тіпті сәби дүниеге келмей жатып,жас нәрестеге арнап асық жинайтындар да болған. Асық тұла бойы құдіретке тұнған күш іспетті. Сол себептен де бақсы-балгерлер асық арқылы болашаққа болжам жасаған. Ол әу баста ежелгі түріктердің арасында кеңінен тараған. Сондай-ақ асықты «Астралаг» деп ежелгі Грецияда, «Талус» деп ежелгі Римде салт-дәстүріне нақышталған ойын ретінде санап әрі насихаттаған. Алайда, асықты қазақтың ұлттық ойыны деп санағанмен, мұны Орта Азия халықтары, оның ішінде өзбек, қырғыз, тәжік т.б. ұлттар да әлі күнге дейін ойнап келеді.Асық ойындарының тәрбиелік мәні зор.Асық ойыны ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке баулиды. Асық ойыны – өзінің түрлеріне қарай баланыңкүш-жігерін арттырып,мергендігін,шапшаңдығын,ептілігі мен қырағылығын жетілдіреді.Бір мезгілде бірнеше бала ойнайтын асық ойынының түрлері жас баланың намысын жанып, «қатарымнан озсам» деген талпынысты бойға қасиет қылып сіңіреді.Асықтың атып ойнайтын түрлері үнемі қимыл-қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымын жақсартады.Үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай бүгу, жиырылу, ширығу жас балалардың денесін шынықтырып,аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алады.Қазағымның кең пейіліндей сары арқа даласында көсіле жазықта ойнаңанға не жетсін. Үлкен мен кіші бір-біріне қамқор болып ойнасаң да, құрдас пен құрдас бір-біріңе бәсекелесіп ойнасаң да, үлкен мен кіші бір-біріңді сынай ойнасаң да әбден болады. Жүгіресің, секіресің, көздейсің, тигізесің, ерегесесің, жеңесің, жеңілесің, ұтасың, ұтыласың, асыққа бай боласың, жоқ боласың.Таза бәсеке, таза тәрбие.Өтірігі,арамдығы, жалғандығы жоқ. Болмайды да. Міне, асық ойнының кереметі деп осыны айт.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет