Хор: «Әжемнің шәйі» Жарайсыңдар балалар,орындарыңа жайғасыңдар!
Балалар бүгін атап отырған тәрбие сағатымыз қарттар күніне арналмақ
Олай болса мен сендере жұмбақ жасырайын
Жұмбақ: 1.Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған.
Ол кім? (Ата)
2.Аймалайды "Күнім" деп,
Мейірімді жүзі кулімдеп.
"Тәтті-ақ" дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім? (Әже)
Жарайсыңдар,балалар,дұрыс таптыңдар. Осы атамызбен әжемізді бір сөзбен қалай атаймыз? (қарттар дейміз)
Дұрыс айтасыңдар,балалар.Ақылды қария-ағып жатқан дария" деп тегін айтылмаған. Осы қарттарымыз бәйтерек болса,біз соның жапырағымыз. Адам өміріндегі ең игі істің бірі-қарт кісілерге қамқорлық, мейірімділіқ, түсіністік, сүйіспеншілік, жанашырлық, сыйластық таныта біліуміз керек. Ал енді осы атамызбен әжемізге сендер кім боласыңдар? (немере)