ІV бөлім «Қазағым, қанша айтсам да, таусылмайды ғажабың» мақал- мәтел жалғастыру
1. Тура биде (туған жоқ)
2. Қылмыскер кісіден қорықпайды (ісінен қорқады)
3. Дау мұраты біту (Жол мұраты жету)
4.Сөз шынына тоқтайды (пышақ қынына тоқтайды)
5. Атаның баласы болма (Адамның баласы бол)
6. Малым жанымның садағасы, (Жаным арымның садағасы)
V – бөлім «Тамсантып тілін, тұлпарым, білімге ұмтыл ұрпағым» бөлімі бойынша жағдаяттық сұрақтарға жауап беру керек
І Қарт адам Париж қаласындағы ҚР елшілігіне келіп, оған ҚР азаматтығын беруді өтінді, бірақ ол кісі жасырынып жүрген халықаралық соттың шешімімен өмір бойы темір тордың ар жағында отыру керек қылмыскер болатын. Оған азаматтық беріле ме
(берілмейді)
ІІ Ирина мен Қайрат ҚР азаматтары, бірақ олар Украйнада келісім бойынша жұмыс істейді. Олардың отбасында ұл бала дүниеге келді,балаға қай елдің азаматтығы беріледі
( ҚР азаматтығы беріледі )
ІІІ «Алтын сақа» ертегісінде сақасын алуға келген баланы жалмауыз кемпір ұстап алып, өлтірмекші болып, баланың өміріне қауіп төндіреді, балалар бұл туралы қайyдай пікірде
ІV «Керқұла атты Кендебай» ертегісінде Кендебай ата анасынан айрылып қалған Мергенбай батырдың баласына болысып, Мергенбай батырды, қолға түскен басқа да адамдарын зынданнан шығарады, бұл жерде қандай балалар құқығын көрсетер едіңдер
(бала құқығы бұзылды ма ия)
Сахналық көрініс «Тіл»
Қорытынды :
Міне, балалар! Ө з міндеттеріміз бен құқықтарымызды біліп, оны дұрыс орындап, бірлік пен ынтымақта жұмыс жасап, Қазақстан елінің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы үшін үлесімізді қосайық дегім келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |