Тақырыбы: Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының қолданысы



Дата29.01.2018
өлшемі192,01 Kb.
#36235



Тақырыбы: Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының

қолданысы.















«Қазақ тілі

сөздерінде «ң» дыбысының

қолданысы» атты зерттеу

жұмысына
Пікір
Қайрат Аяна «Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының қолданысы» атты зерттеу жұмысында ол алдына қойған мақсаттарын толығымен орындаған. Ізденуші жай ғана материалдарды қарастырып қана қоймай өзіндік көзқарасын танытып отырған.

Оқушы тақырыбы өзекті, зерттеу жұмысында зерттеуге түсіп отырған нысан жөнінде мағлұмат беріліп, зерттеу жұмысының мақсаты және ол мақсатқа жету үшін қандай міндеттерді орындау керектігі көрсетілген.

Қайрат Аяна Жанатқызы зерттеу жұмысын жазу барысында Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының айтылу, жазылу ерекшелігіне байланысты нәтиже жасаған, «ң» дыбысын айтуды үйретудің әдіс-тәсілдері мен балаларға арналған Қазақ ертегілерінен мысалдар теріліп көрсеткен.

Ізденуші тек зерттеумен ғана шектелмей, «ң» дыбысының қалай айтылып жүргеніне нақты тоқталған. Зерттеу жұмысы талапкердің зерттеу жұмысқа қабілеттілігін, өзінді ізденіс, түйін жасай алатын, пікір тұжырымдарының тиянақтылығын көрсетеді. Сонымен қатар зерттеу жұмысының мазмұнын теориялық жағынан маңызды мәліметтерге сүйене отырып, оның тәрбиелі мәнін қоғам талабына сай анық аша білген.

Зерттеу жұмысын, Кіші ғылым академиясына ұсынуға болады.

АҢДАТПА


Ғылыми жоба кіріспе және негізгі мәселені қамтитын екі тарау мен қорытындыдан тұрады.

Кіріспеде зерттеуге түсіп отырған тақырыптың өзектілігі, қарастырылып отырған нысан жөнінде мағлұмат беріліп, зерттеу жұмысының мақсаты және ол мақсатқа жету үшін қандай міндеттерді орындау керектігіміз көрсетілді. Зерттеу жұмысын сәтті жазып шығу үшін қандай әдіс-тәсілдер қолданыл-ғандығы айтылды. Сонымен қатар зерттеу жұмысының теориялық және практикалық мәні қандай, жұмыс құрылымы қандай екендігі де сөз болды.

Негізгі бөлім екі тараудан тұрады: «Қазақ тілі фонетикасы туралы жалпы түсінік» деп аталатын бірінші тарау және «ң» дыбысының қолданысы» деп аталатын екінші тарау.

Бірінші тарауда екі мәселе қарастырылғандықтан, оны іштей екі тараушаға бөлуді жөн көрдім:

1) Қазақ тілі тарихи даму жолы;

2) Қазіргі Қазақ тілінің фонетикалық жүйесі.

Бірінші тараудың «Қазақ тілі тарихи даму жолы» деп аталатын бірінші бөлімінде Қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, Қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы ғылыми зерттеулер жайында, қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметтер бойынша дыбыстардың жіктелуі, сондай-ақ фонетикалық құбылыстар жайынан қысқаша мәлімет берілген.

Бірінші тараудың екінші бөлімін «Қазіргі Қазақ тілінің фонетикалық жүйесі» деп атап, осы бөлімде фонетика тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін сала екендігі, тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда, фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.

Осыған байланысты қазіргі фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.

Екінші тарау толығымен Қазақ тілі сөздерінде кездесетін «ң» дыбысын қарастыруға арналды.

Қорытынды бөлімде зерттеу жұмысын жазу барысында «ң» дыбысының айтылу, жазылу ерекшелігіне байланысты нәтиже жасалды.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе.............................................................................................................3

І ТАРАУ. Қазақ тілі фонетикасы туралы жалпы түснік.............................5

1.1. Қазақ тілінің тарихи даму жолы

1.2. Қазіргі Қазақ тілінің фонетикалық жүйесі...........................................6

ІІ ТАРАУ. «Ң» дыбысының қолданысы.....................................................8 Қорытынды....................................................................................................13

Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................14



Зерттеу жұмысының кіріспесі.

Зерттеу жұмысының өзектілігі.

«Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының қолданысы» атты зерттеу жұмысына Қазақ тілі сабақтарында және сабақтан тыс уақытта «ң» дыбысы кездесетін сөздердің дұрыс айтылу, жасалу, жазылу жолын меңгерту мен жалпы қолданысының жолдарын көрсету жатады.

Қазіргі Қазақ тіл білімінде тілдік құбылыстардың бірқатары терең зерттелгенімен зерттеуді одан әрі қажет ететін құбылыстар немесе зерттелген құбылыстардың зерттей түсетін тұстары да баршылық. Сол құбылыстардың бірі – «ң» дыбысының дұрыс айтылу, жазылу, қолдану ерекшеліктері. Әрине, «ң» дыбысы мүлдем қарастырылмаған, не зерттелмеген құбылыс деп айта алмаймыз, бірақ оның толық зерттелмеген және әлі де болса қанағаттандыра алмай жатқан жақтары барлығын айқындай кеткім келеді.



Мақсаты мен міндеттері.

Зерттеу жұмысымның негізгі мақсаты – Қазақ тіл біліміндегі «ң» дыбысының айтылу, жазылу құбылыстарын анықтау, оларға толық түсініктеме беру, меңгерту және жалпы қолданысының жолдарын көрсету жатады.

Алға қойған мақсатымызға жету үшін мынандай мәселелерді жүйелі түрде дәлелдеуді міндет етіп қойдым:

- фонетика жүйесін зерттеу;

- «ң» дыбысының айтылуы мен жазылуындағы ерекшелігін қалыптастыру;

- сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;

- көркем шығармалардан және күнделікті тілдік қарым-қатынастан «ң»

дыбысы кездесетін мысалдар теріп, талдау;



Зерттеу нысаны.

Бұл зерттеу жұмысым Қазақ тіл біліміндегі «ң» дыбысының құбылыстарын айқындауға арналады.

Мұндай құбылыстарды көрсету үшін мен көркем әдебиетке, атап айтсақ, ертегілерге жүгіндім. Мәселен, балаларға арналған «Ер Төстік», «Қаңбақ шал», «Алдар көсе мен Шығайбай» ертегілерінен мысалдар теріліп алынды. Зерттеу жұмысының құрылымы.

Зерттеу жұмысым кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


3
Зерттеудің әдістері.

Зерттеу жұмысының мақсатына орай сипаттама, салыстырмалы әдістер басшылыққа алынды. Жиналған материалдарды іріктеу, талдау және жүйелеу әдістері қолданылды.



Зерттеудің жаңалығы: «ң» қатардағы көп дыбыстың бірі емес, Қазақ тілін әлемдік тілдерден, тіпті, туыс түркі тілдерінен де даралап, өзіндік сипатын көрсететін ерекше дыбыс.

4
І ТАРАУ



Қазақ тілі фонетикасы туралы жалпы түсінік

1.1. Қазақ тілінің тарихи даму жолы.

Қазақ тілі – сан ғасырдан бері ата-бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол халықтың алтыннан да қымбат кені. Тіл – адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімнің, идеясының, дүниетанымының көрінісі. Тілде Қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу – қажеттілік.

Алғашқы зерттелулерде Қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, Қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Нағыз ғылыми зерттеу Ахмет Байтұрсынұлы пен Құдайберген Жұбанов еңбектерінен басталады деп білеміз.

Оқу-ағарту идеясы Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхановтар бастаған шоқ жұлдыздай боп жарқырап шыққан қазақ зиялыларын нақты

іс-әрекеттерге алып келді. Сауат ашатын таңбалар (графика) түзілді, енді осы әліпбиді мектепте оқытып, жазғызып үйрету қолға алынды. 1910 жылдан бастап Ахмет Байтұрсынұлы балалардың сауатын аштыратын «Оқу құралы, қазақша алифба» (әліппе) атты еңбектерді ұсынды. Сауат ашқан балалар әрі қарай ана тілдерін пән ретінде оқып тануларына арнап Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл-құрал» атты атақты тұңғыш ұлттық оқулық жазды. Үш сатылап оқытатын бұл құралдың алғашқысы қазақ тілінің фонетикалық жүйесін танытуға арналған. Оны автор «дыбыс жүйесі» деп атайды. Осы дыбыс сөзінен бастап Ахмет Байтұрсынұлы қаламынан қазақ тілінің фонетика, морфология, синтаксис салаларының барлық терминдері дүниеге келді.

А.Байтұрсынұлы оқулықтары негізінен мектеп оқушыларына арналып 1912-1929 жылдар аралығында бірнеше рет басылып шығып отырған. А.Байтұрсынұлы еңбектерінде және ғалымды өзіне ұстаз тұтқан Т.Шонанов, Қ.Кемеңгерұлы, Қ.Жұбанов т.с.с. ізбасарларының еңбектерінде функцио-налды грамматиканың нышандары байқалады. Ахмет Байтұрсынұлы еңбек-терінде, яғни ХХ ғасырдың басында ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кездің өзінде-ақ ғалымның функционалды грамматиканың көптеген мәселе-лерін терең зерделеп, түсінгені байқалады. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н.И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз.

5

1.2. Қазіргі Қазақ тілінің фонетикалық жүйесі.

Фонетика – тіл дыбыстары туралы ғылым. Ол бұл ғылымды дыбыстау мүшелері, дыбыстардың құрамы мен түрлері, дыбыстардың үндесуі және екпін, буын мәселелері деген салаларға бөліп зерттейді. Фонетика (гректің phônçtіkуs – «дыбыс мағынасы» дегеннен шыққан) тіл дыбыстарын зерттейді, оның негізгі объектісі тіл дыбыстары.

Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.Осыған байланысты қазіргі фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.

Сөз дыбыстардан тұрады, ол – тіл дыбыстары.

Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек:

1) дыбыс шығаратын дене;

2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш;

3) ауа толқырлық кеңістік.

Сөйлеу тілінің дыбыстарының пайда болуына да осындай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене – сөйлеу мүшелері;

2) қозғалысқа келтіретін күш - өкпеден шығатын ауа;

3)кеңістік – тыныс мүшелері,тамақ, ауыз қуысы мүшелері.

Тілдің барлығында да дыбыстар дауыстылар мен дауыссыздар деп екі топқа бөлінеді. Негізгі ортақ белгісі олардың буын құрау қызметі. Дауысты-ларда үн басым болады. Дауыссыздарда салдыр басым.

Қазақ тілінде 9 жалаң дауысты (монофтонг) (а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і) және екі дифтонг дауысты дыбыс (и,у) бар. Сонда қазақ тілінің дауыстылары – 11. Орыс тілінен енген э, ё, ю, я дауыстыларын қосқанда, небары 15 дауысты болады.



Дауысты дыбыстардың жіктелуі

Еріннің қызметіне қарай

Иектің (жақтың) қызметіне қарай

Тілдің қызметіне

қарай


Еріндік дауыстылар:

о,ө,у,ұ,ү

Езулік дауыстылар:

а,ә,э,е,ы,і


Ашық дауыстылар:

а,ә,е,э


Қысаң дауыстылар:

ы,і,ұ,ү,и


Жуан дауыстылар:

а,о,ы,ұ

(и), (у)

Жіңішке дауыстылар:

ә,ө,ү,і,е, (и), (у)

6

Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар. Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар жүйесін мына дыбыстар құрайды: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, (у), ф, х, һ, ц, ч, ш, щ. Сонымен бірге в, ф, ц, ч, щ – қазақ тіліне орыс тілінің әсерімен енген дауыссыздар.

Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі. Дауыссыз дыбыстар негізінен үн мен салдырдан жасалады.


Салдырдан тұратындар

Салдыр мен үннен тұратындар

к,қ,п,с,т,х,ф,ц,ч,ш,щ

й,л,м,н,ң,р, (у), б,в,г,ғ,д,ж,з,ъ




Үннен салдыры басым дыбыстар

Салдырдан үні басым дыбыстар

б,в,г,ғ,д,ж,з,һ

й,л,м,н,ң,р, (у)


Фонетикада тек қана салдырдан тұратын дыбыстарды - қатаң, үннен салдыры басым дыбыстарды – ұяң, ал салдырдан гөрі үні басым дыбыстарды - үнді деп атайды.


Қатаң дауыссыздар

Ұяң дауыссыздар

Үнді дауыссыздар

к,қ,п,с,т,х,ф,ц,ч,ш,щ

б,в,г,ғ,д,ж,з,һ

й,л,м,н,ң,р, (у)

Дауыссыздар жасалу орнына қарай төмендегінше жіктеледі:

1. Ерін дауыссыздары: п,б,м, (у) (билабиаль);

2. Тіс пен ерін дауыссыздары: ф,в (лабиалденталь);

3. Тіс дауыссыздары: т,д,ц,с,з (денталь)

4. Тіл ұшы дауыссыздары: ч,ж,н,л (альвеоляр)

5. Тіл алды дауыссыздары: ш,р,и,щ (палаталь);

6. Тіл ортасы дауыссыздары: к,г (препалаталь);

7. Тіл арты дауыссыздары: қ,ң,х,ғ (веляр):

8. Көмей дауыссызы: һ.

Сонымен бірге айтылу жолына қарай шұғыл (эксплозив): п,б,т,к,г,д,ч,ң, ызың (фрикатив): ф,в,с,ғ,ш,х,з,ж,һ болып екіге бөлінеді.

Бұл екі дыбыстау мүшелерінің бірде жымдасып, бірде аралығында саңылау қалып, дыбыстардың кенет (шұғыл) немесе саңылаудан сүзіліп өтуімен байланысты.




7

ІІ ТАРАУ.

«Ң» дыбысының қолданысы

Әр тілдің өзіне ғана тән төл дыбыстары болады. Қазақи дыбыстар: ә,і,ң,ғ,ү,ұ,қ,ө,һ. Әр дыбыстың артикуляциялық, акустикалық, генетикалық сипаттамасы болады.

Мысалы, Қазақ тіліндегі дыбыстардың барлығы дерлік ауыз қуысынан шығады. Тіліміздегі кез келген дыбысты айту кезінде өкпеден шыққан ауаны ауыз қуысында еш кедергіге ұшыратпай, не мұрын жолымен айтып көріңізші.

Тілдегі әр дыбыстың айтылуы құлаққа жағымды саздылыққа ие болуы да тілдің ұзақ даму жолын көрсетеді. Дыбыстардың саздылығынан тіліміздегі кез-келген сөзді бағындырып тұрған буын үндестігі мен дыбыс үндестігі келіп шығады.

Қазіргі Қазақ тіл білімінде тілдік құбылыстардың бір қатары терең зерттелінгенімен зерттеуді одан әрі қажет ететін құбылыстар немесе зерттелген құбылыстардың зерттей түсетін тұстары да баршылық.

Сол құбылыстардың бірі – «ң» дыбысының дұрыс айтылу, қолдану ерекшеліктері. Әрине, «ң» дыбысы мүлдем қарастырылмаған, не зерт-телінбеген құбылыстар деп айта алмаймыз, бірақ оның толық зерттелінбегенін және әлі де болса қанағаттандыра алмай жатқан жақтары барлығын айқындай кеткім келеді.

Мемлекеттік ұлттық тіліміздің баршаға ортақтығы белгілі бір заңдылықтардың, нормалардың болуын талап етеді. Ол нормалардың тіл білімінің барлық салаларында болатыны анық. Тілдің дыбыстық және мағыналық табиғаты мен таңбалануы, сандық ерекшеліктерінің үйлесімді болып келуі. Сауатты жазудың кепілі орфографиялық ережелерді мұқият сақтап отыруда.

Ендеше, Қазақ тілінің төл «ң» дыбысына назар аударайық:



«ң» -үнді (мұрын жолды), тіл арты, шұғыл дауыссыз.

Біріншіден, «ң» дыбысы қазақ тілінде сөз басында кездеспейді деп айтады (алайда,1-сыныпта «Әліппе» оқулығындағы әріптермен танысқан кезде «ң» әрпінің бас әрпі неліктен көрсетіліп тұрғаны түсініксіз), екіншіден, «ң» дыбысы жабық буында анық естіледі.

8

«Ң» әрпінің жазылуында да, айтылуында да қиындық бар. Жеке сөздердің соңындағы «ң» дыбысы естілуі бойынша ғана жазылады. Ал қалған жағдайда жіктік жалғауының, тәуелдік жалғауының ІІ жағынан кейін келетіні үнемі ескерілуі керек. Сондай-ақ, ілік септігінің жалғаулары «ң» дыбысына аяқталатындарын естен шығармаған жөн.



Атап айтсақ, «н» дыбысын созып айту, ұқсас дыбыстармен кезекпен буын айтқызу арқылы «ң» дыбысын айтқызуға дағдыландыру.

Мысалы: ан-аң, он-оң, ын-ың, өн-өң, ін-ің, ұн-ұң. Ұқсас буындарды кезекпен айтқызу әдісімен басқа да дыбыстарды айтуға болады.

Түбірдің соңғы н дыбысы к, қ, г, ғ дыбыстарының алдынан келсе, айтуды н дыбысы өзгеріп, «ң» дыбысына айналады, бірақ жазуда оны елемейміз.

Мысалы: бір күн-гі (бір күңгі), Аман-күл (Амаңкүл), сән-қой (сәңқой), Дүйсен-қали (Дүйсеңқали) т.б..

Сөз ішінде немесе сөз аралығында н дыбысы мен қ дыбысы қатар келсе, айтуда н дыбысы ң-ға, қ дыбысы ғ дыбысына айналады.

Мысалы: Қазан-қап (Қазаңғап), Жылан-қарағы (Жылаңқарағы), Есен-келді (Есеңгелді). Тілдің тірегі―сөз. Ал тілдің сөз байлығын танытатын―көркем шығарма. Көркем шығарма тіл байлығын танытумен ғана шектелмейді, сондай-ақ, тілді байытатын, дамытатын негізгі арналардың бірі болып табылады. Сол себептен балаларға арналған ертегілерінен біраз мысалдар келтірсек.

Мәселен, «ң» дыбысы сөздің бірінші буынында кездесетінін көруге болады: «Кемпір-шалға аң мен құстың етін қақтап үйіп береді де, Төстік жолға шығады.»( «Ер Төстік» ертегісінен) ; «Қысқасы өзің - күң, балаң - құл болады. Ойымдағыдай жақсы істемесеңдер бастарың алынады, - депті.» («Сыбызғы сыры» ертегісінен) ; «Бұрын, бұрын, бұрында Қаң-бақ шал деген шал болыпты.» («Қаңбақ шал» ертегісінен ). Екінші және үшінші буында да кездеседі: «Та-ңер-тең Шығайбай жолға кетпек, болып, бәйбішесіне қонаққа көрсетпей маған нан беріп жібер,—дейді.» («Алдар көсе мен Шығайбай» ертегісінен) немесе «Тұруға мұршасы келмей жатқан шал ша-ңы-раққа қараса, ша-ңырақ-тың күлдіруішінде керулі тұрған кер бие-нің төстігі көзіне түседі» ( «Ер Төстік» ертегісінен).

Әділін айту керек, «ң» қатардағы көп дыбыстың бірі емес, Қазақ тілін әлемдік тілдерден, тіпті, туыс түркі тілдерінен де даралап, өзіндік сипатын көрсететін ерекше қасиетінің бірі – осы «ң».


9

«Жанағы, ертен, танертен» деп сөйлейтін, «ң»-ның орнына «н»-ны айтатын балалар көп бүгінде. Бір қызығы, «ң»-ды дыбыстай алмайтын-дардың көпшілігі мұнысын кемшілік деп мойындамайды.

Республикалық психотерапиялық ғылыми орталықтың дефектолог-логопед маманы Жанна Жұмабайқызы балалардың «ң»-ды айта алмауының себебін фонематикалық есту-түсінуі дұрыс қалыптаспағанынан дейді.

«Ң»-ды дыбыстай алмау бірнеше себепке байланысты. Біріншіден, баланың сөйлеу мүшелерінің құрылысы дұрыс қалыптаспағаннан болады. Яғни, баланың тістерінің қисық шығуы, таңдайының биік орналасуы, жағының дұрыс жұмыс жасамауы, ерніннің қалың болуы, тағысын тағылар. Бұл кедергілер баланың әріптерді дұрыс дыбыстауына әсер етеді. Екінші себебі, сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалысының дұрыс болмауынан. Сөйлегенде еріннің, тілдің қозғалысы қалыпты болмауы, қозғалыстың шектеулі болуы әріптерді дұрыс дыбыстауға кедергі келтіреді. Сөйлегенде тіл бір қалыптан екінші қозғалысқа тынымсыз ауысып, жұмыс істейді. Тілдің белгілі қалыпты ұстап тұруы қиындық көрсе, тілдің қалпы, қызметі баяу, нашар болса баланың сөйлеу тілі анық болмайды. «Ң»-ды дыбыстай алмау көбіне тілшіктің қызметіне байланысты. Тілшіктің толық көлемде қимылдамауынан дыбыс мұрын арқылы шығады.

Мысалы, «н» мен «ң»-ды дыбыстағанда тілдің қалпын балаға ұғындыруымыз керек. «Ң» дегенде тіл ұшы жоғары қарайды, үн мұрыннан шығады. «Н» дегенде тілдің ұшы жоғарғы тістің артына тоқталады. Осыны балаға түсіндіру қажет. Сосын сөздің мағынасын түсіндіреміз. «Мың» деген сан есімді «мын» деп, «мең» деген зат есімді «мен» деп айтудан мағынасы бұзылатынын ұғындырамыз. Осы жұмыстардан кейін бала «н» мен «ң»-ды, жалпы ұқсас дыбыстарды айыра алатын болады.

Қазіргі мына заманда «ң» -ға тілі келмейтіндер көбейді. Теледидарды тыңдап, қарап отырсаң «жанағы, жанағы» деп сөз қосып сөйлейтіндер жиіледі. «Женістен женіске жете берейік» дейтіндер де бар.  

Қазақ тіліндегі 42 алфавиттің ішіндегі нағыз қазақылығымызды танытар «ң» деген әдемі әріпті айтуға ұяламыз. «Ң» әрпін қай жерде айту керек, керек еместігін білмей, шешілмес жұмбақтай өздері шатасып жатады. 

10

Қазақ тілінде «ң» әрпінен басталатын «Ңөң» деген жалғыз ғана сөз бар. Оны да әдебиет майталманы, белгілі сықақшы Оспанхан Әубәкіров «Айсберг» сөзінің баламасы деп ұсынды. Алайда бұл сөзді әркім өз түсінігі бойынша қабылдайды екен.



«Ң» -ды айта алмайтындар, айтқысы келмейтіндер немесе қай жерде «н», қай жерде «ң» айтылу керектігін білмейтіндер күнделікті «ң» дыбысына байланысты өлеңдер оқып, жаңылтпаштар жаттап «ң»-ға біткен кез келген сөзді айтып, жаттығайық, тіл сындырайық.

«Ң»-ды айта алмайтын балаларға Оспанхан Әубәкіровтің «Ңөңін» күнделікті қайталап оқып шықса да, көмек еді…

Ңөң

Оспанхан ӘУБӘКІРОВ

Бір басымда санасаң,


Өнер, білім
Тегіс бар.
Болмайтұғын Бас әріп
Қай жерімде кеміс бар?!
– Бола алмайсың Бас әріп,
Түспе текке азапқа.
«Ң» әрпінен басталар
Бір сөз жоқ қой қазақта.
Деді осында біреулер,
Дәлел айтып бұлжытпас.
(Дәлелді сөз – әлді сөз,
Әлді сөзге кір жұқпас).
– Солай, – десті қалғаны,
Оңай көніп, ойланбай.
«Көне сал», – деп, біреулер
Тамақ беріп қойғандай.
– «Ң» әрпінен басталар,
Сөз бар, – деді «Ң».
Көнбеді.
– Білмесеңдер айтайын,
Оның аты – «Ңөң», – деді.
Айсберг дегенді,
Арғы қазақ «ңөң» деген.
Көктемде көшетін
11

Өзен мұзын «Сең» деген.


Айтқан сөзім айғақты,
Керегі не мазақтың?!
Өмір бойы зерттедім,
Ана тілін қазақтың.
Зілдей ауыр зілдерді,
«Ңөң» дейді екен бұрындар.
Ал «сең» деген сөзінде
«Жеңіл» деген ұғым бар.
Өң,
Дөң,
Жең,
Мең,
Сең дейді.
Тең,
Таң,
Тоң,
Көң,
Кең дейді.
Ал енді Айсбергті
Бас алсаң да, «нөң», – дейді!
Ойда жоқта осылай,
«Ң» ашты бір жаңалық.
41 әріп бас шайқап,
Тұрып қалды қамалып.
«Ңөң» деген сөз қазақта
Жоқ десең де еркіңде.
Қарыз сұрап тұрғам жоқ,
Бар десең де еркіңде.
«Ңөң» деген сөз қазақта
Жоқ десең де еркіңде.
Бар десең де дәл содан
Бұзылмайды көркің де!

12

ҚОРЫТЫНДЫ



Мемлекеттік ұлттық тіліміздің баршаға ортақтығы белгілі бір заңдылықтардың, нормалардың болуын талап етеді. Ол нормалардың тіл білімінің барлық салаларында болатыны анық. Тілдің дыбыстық және мағыналық табиғаты мен таңбалануы, сандық ерекшеліктерінің үйлесімді болып келуі. Сауатты жазудың кепілі орфографиялық ережелерді мұқият сақтап отыруда. Қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты мәселелерді жылдар бойы ғалымдар мен әдебиеттанушылар қауымы зерттеп, халыққа үздіксіз қызмет етуде. Дегенмен де қазіргі Қазақ тіл білімінде тілдік құбылыстардың бірқатары терең зерттелінгенімен зерттеуді одан әрі қажет ететін құбылыстар немесе зерттелген құбылыстардың зерттей түсетін тұстары да баршылық. Қазақ тілі түркі тілдес халықтардың ішіндегі сөздік қоры жағынан өте бай, дамуы жағынан да көш озық тұрған тіл.

Кезінде түрколог В.Радлов «Әлем тілдерінің ішінде мен үш тілді ұлы деп білемін. Ол―орыс, француз, Қазақ тілдері»―деп баға берсе, тағы бір әйгілі түрколог С.Е.Малов: «Түркі халықтары ішіндегі ең суретшіл образды тіл―қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен де, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты»―деген болатын.

Қорыта келгенде , Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының қолданысы атты зерттеу жұмысымда «ң» дыбысының айтылу, жазылу ерекшелігіне байланысты нәтиже жасалды, «ң» дыбысын айтуды үйретудің әдіс-тәсілдері мен балаларға арналған Қазақ ертегілерінен мысалдар теріліп көрсетілді.

Алайда, сауат ашу әдістемесінде «ң» дыбысының артикуляциясының көрсетілмегендігі және Ш.К.Бектұровтың «Қазақ тілі» оқулығында фонетикалық және грамматикалық талдау үлгелерінде нағыз қазақылығымызды танытар «ң» дыбысының фонетикалық талдау үлгісі көрсетілмегені мен үшін әлі де болса ойланарлық жағдай.

13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Ш.К.Бектұров. Қазақ тілі: лексика, фонетика, морфология, синтаксис.

- Алматы: Атамұра, 2006.

2. А.Байтұрсынұлы және терминология мәселелері

А.Байтұрсынұлы және қазақ тілінің дыбыс құрамы.

А.Байтұрсынұлы еңбектеріндегі функционалды грамматика мәселелері.

/«Жалын» , №6, 2009/

3. Аралбаев Ж.А. «Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі жайында»// Кітап: Фонетика казахского языка.

– Алматы, 1969. – 27-42 б.

4.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж

5.Қазақ ертегілері

6.Ә.Наурызбаева, Р.Ізғұттынова,А.Құлажанова Әліппе, Алматы, «Атамұра», 2008 .-74 б 8. «Ана тілі» газеті «ң»-сыз сөйлейтін кімсіз?! 10-ақпан, 2009



14

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет