Білім беруді технологиялық жолмен ұйымдастырудың мақсаты – жаңа бағыттағы ұстаздардың кәсіби шеберлігін шыңдауға, өз білімін көтеруге үйретеді. Әрбір жаңашыл ұстаз ақпараттық технологиялардың ғылыми-теориялық негізін меңгеріп, жұмысында қолдануға тырысуы керек. Сол жаңа озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің міндеті – оқушылардың білімді үйреніп қана қоймай, алған білімін үздіксіз дамытып, оны бойына сіңіріп, тәрбиелі, әдепті, интеллектуалды болуын қамтамасыз ету. Танымдық белсенділікті қалыптастыру көрсеткіштеріне интеллектуалдық, эмоционалдық, жігерлілік іс-әрекетке оқушылардың белсене қатысуы жатады. Осындай нәтижеге жету үшін сабақ мазмұнының түрлерін, оқытудың амал-тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет. Қазір жалпылама баяндау, сұрақ-жауап, лекция тәрізді сабақ әдістері өз нәтижелерін бере алмауда. Сондықтан, жаңашылдықпен сабақ өту – заман талабы. Әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып өткізген сабақтар бойынша байқағаным, оқушыларды «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөле алмайсың. Өзгерістерді атап көрсетер болсам, оқушының өз қабілетіне, болашағына нық сеніммен қарай бастауы; оқушы мен оқытушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орын ала бастауы; оқушының өз білімін өзі бағалай алуы; баға әділдігіне; білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік беруі; оқушыларда сәтсіздік, қорқыныш, мазасыздық сезімінің жойылуы; дарынды оқушылар дер кезінде анықталып, оларды дамытуға жағдай жасалуы; «Әрбір ұстаз – білікті маман, әрбір оқушы – ойшыл тұлға» деген қағидаларды ұстана отырып, білім беру үрдісінде кез келген ұстаз білім сапасын жақсарту мақсатында оқытудың озық технологияларын пайдаланса деймін. Себебі, біз тәрбиелеген ұрпақ өз біліміне, күшіне сенетін, алдына нақты мақсаттар қойып, оны жүзеге асыруда солқылдақтық танытпайтын болуы тиіс. Ұстаз деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кеткелі көңілдегі арман толастамай, толқу мен қуаныш қатар орын алып, мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатырмыз. Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай сілкіністер бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол білгеніңді іске қолдана білу» дейді. «Әркім қолда барын ұсынады» деп немқұрайлылыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар едік. «Не ексең, соны орасың» демекші бүгінгі ұрпақ бойына не сепсек, ертең соның жемісін көретініміз рас.Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Мақсатымыз – алдымызда тұрған өзекті мәселелер айналасында сөз қозғау. Соның ішінде ең бастысы – әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы алғашқы қадамдар. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың әдет-салты, көзқарасы шыққан түп тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзат өз ұрпағын тәрбиелеуге қолданып келеді. Армансыз адам алысқа бара алмайды. Арман бар жерде оған жетер жол даңғыл десек, қателесеміз. Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шығарда жоғалып кететініне, өз қиялындағы әлем оқушы алдында быт-шыты шыққанына талай мұғалім куә. Білім жетерлік, бірақ оны оқушыға жеткізу үлкен шеберлікті қажет етеді. Саңқылдап айтқан үніңді оқушылар салғырт тыңдап, бейжайлық танытқанда, ішкі дүниең қаусап қалғандай күй кешесің. Өлі тыныштық. Осындай сабақтың пайдасы бар ма? Немесе материалдың қызықты жеріне өзі көбірек мәз болған ұстаздың әрекетінен не ұтасың? Оқушының дара тұлға ретінде жан-жақты дамуына осы сабақта жағдай бар ма?! Міне, арманға жетер жол даңғыл емес. Тынымсыз іс қажет. Заман шала білімді ұстаздарды керек қылмайды, керісінше, қайта даярлау арқылы ұстаз мәртебесін көтеруді мақсат тұтып отыр. Біздің бар еңбегіміз оқушы арқылы көрінетіндіктен, тынбай еңбектенуіміз керек. Уақыт бір орында тұрмайтыны сияқты, кешегі оқыту мен бүгінгі талапты салыстыруға келмейді. Молда алдында дәріс алған бала мен дәстүрлі оқытуды салыстырып алатын болсақ, әрине дәстүрлі оқытудың тиімділігі таразы басын басады. Ал, ендігі талап тек білім беріліп қана қоймай, әрбір тұлғаның сабақта бейтарап қалмауы да назардан тыс қалмауы тиіс. Ол үшін сіз, құрметті әріптес, сабаққа өзіңіз тыңғылықты дайындықпен келуіңіз, өз мүмкіндігіңізді көрсете алуыңыз керек.