Тақырыбы: «Қазақстан халқы ассамблеясы жылының ашылуы» Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт - дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт - саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу. Білімділігі: жас ұрпақты Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға,өзге ұлт өкілдерімен тату болуға,құрметтеуге тәрбиелеу. Дамытушылығы: танымдық ойлау қабілеттерін арттыру. Топта жұмыс жасай отырып, бірінің пікірін бірі тыңдай білуге үйрету. Ой - өрісін кеңейту, ауызша сөйлеу мәдениетін өрістету. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалау және білімдерін жетілдіру. Тәрбиелігі: елін, жерін, салт - дәстүрін құрметтейтін жаны таза, рухы мықты азамат тәрбиелеу. Тарихымызды құрметтеуге баулу. Сабақтың түрі: тәрбие сабағы. Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, ортақ мақсатқа бағыттау. Сабақтың көрнекілігі: «Ынтымақ галереясы», тақырыбы, слайд – суреттер, эмблема.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. II.Ұлттардың таныстыруы . III.Мақал-мәтел жарысы IV.Өз шығармашылығым. V.Ой толғау.Бұл қай ұлт? VI.Суреттер сөйлейді . VII.Қазақстан – ортақ үйіміз . VIII.Ұлт өкілдерінің тілектері ІХ. Видеоролик: Бірлік түбі – береке. IX.Қорытынды. Қазақстан Республикасының әнұраны ойнайды. Сәлеметсіздер ме, оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі біздің «Қазақстан халқы ассамблеясы жылы »- деп аталатын мәдени - мектеп ішілік тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Жаса елім, жаса достық бірлікпен, Көштен қалма, қалма және тірліктен. Елім менің – Қазақстан Отаным, Алға өрле үшінші мың жылдықпен Тек достықпен, өзгеде ел - халықпен - деп бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Қасиетті қазақ жерін тең бесік етіп бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл 20 жыл толды. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - ХХІ ғасырдың ең басты заңы – татулық дейді.Ал сіздер осы бейбітшілік,татулық жайлы өз ойларыңызды айтып көріңдерші. Бүгінгі біздің 5- сынып оқушыларымен бірге ұйымдастырып отырған тәрбие сағатымызда, оқушыларымыз қарай үш топқа бөлініп, үш түрлі ұлттың өнерімен, халқымен, салтымен, ұлттық тағамымен өнер көрсете отырып, сайысқа түспекші. Тапсырмалардың барлығы да тақырыпқа қатысты беріледі.Әр тапсырмамен сайыс кезінде танысып отырасыздар. Бүгінгі сайыстың 1 - ші кезеңінде ортадағы халықтар өздерін таныстырып өтсін. Алғашқы топ: Мінезі бар салмақты, Алғашқы топ «Қазақты» Қарсы аламыз бәріміз, «Қазақ» деген халықты. Ортада «Қазақтар» тобы өздерінің таныстыруларымен. Жүргізуші: Көршімізді сыйлаймыз, Қонақ келсе қимаймыз, Қасымызға алып - ап, 100 күндетіп тойлаймыз,- дей келе ортағы «Орыстар» тобының таныстыруын тыңдайық. Жүргізуші: Ортада «Татарлар» өздерінің таныстыруларымен. 1-топ. «Достық» Орыстар 2-топ. «Ынтымақ» Татарлар 3-топ. «Бірлік» Қазақтар 2. -Балалар, әрбір ұлт өзінің тілін, мәдениетін, әдеп- ғұрпын, салт- дәстүрін жоғалтпауы керек. Осы мақсатта Қазақстанда өмір сүріп жатқа барлық халықтардың Ассамблеясы құрылған болатын. Ассамблея- ұйым, мәдени орталық деген сөз. Ондай мәдени орталықта ұлттар өздерінің озық дәстүрлерін, мерекелерін, ұлттық киімдерін, ұлттық тағамдарын насихаттап отырады. Енді Қазақстандағы кейбір халықтардың ұлттық мерекелерімен,тағамдарымен,дәстүрлерімен танысайық. 3.Мақал – мәтел жарысы. «Мақал айтсаң – жол көрсеттің, мәтел айтсаң – жанымды жайландырдың» демекші, мақал – мәтел айтып жарысайық. Үш топқа үш тақырып беріледі. 1. Достық, татулық. 2. Отан, туған жер. 3. Еңбек, еңбексүйгіштік. Осы үш тақырыпқа қатысты мақал - мәтелдер айтып жарысады. 4.Өз шығармашылығым.Бұл сайыста үш топ өз ойларынан шығарған татулыққа бірлікке байланысты өз өлеңдерін оқып жарысады. 5. Ой толғау ! Бұл қай ұлт ? Әр топқа әр 4 ұлт өкілінен көрсетіледі . 6.Суреттер бойынша өз ойларын айтады . 7.Қазақстан – ортақ үйіміз. Үнтаспада баяу музыка қойылады. Мұғалімнің айтқан сөздерін көз алдына елестетіп және әңгіме барысын сезінуге тырысады. - Біз барлығымыз ыңғайланып отырайық. Көзімізді жұмсақ та болады. Өзімізді «Достық пен бірліктің» елінде жүрміз деп елестетейік. Бұл елде үлкендерді құрметтеп, кішілерге қамқорлық жасайтын, Отанын сүйетін, жүректері мейірім мен сүйіспеншілікке толы, денсаулығы мықты, ер жүрек адамдар мекен етеді. Солардың ішіндегі ең қадірлі адамдар әрине біздің әрқайсымыздың ата – анамыз, ең сүйкімді де қылықтысы әрине біздің кішкентай бауырларымыз. Олар қашан да бір – біріне көмек көрсетуден, қамқорлық жасаудан шаршамайды. Біз барлығымыз осындай достық пен бірлік елінде өмір сүріп жатқанымызға қуануымыз керек. Енді бұрынғы қалпымызға түсіп, көзімізді ашайық. Тақтада Қазақстан картасы тұрады. - Бұл қандай ел ? Ол біздің Қазақстан. 8 .Ұлт өкілдерінің тілектері.
-Енді, балалар, Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің атынан ұлттық киім киген балалар ортаға шығып Қазақстан жайында пікірлерін, лебіздерін айтсын. Алдымен Орыс мәдени орталығының өкілдерін ортаға шақырайық.
- Наше государство- Республика Казахстан занимает огромную территорию. Повсюду в нашей стране дружно живут и работают люди разных национальностей: казахи, русские, уйгуры, корейцы, украинцы, немцы, татары, узбеки и другие. Мы гордимся , что Казахстан обьединил нации и народности в единое братской семье. -Келесі сөз татар мәдени орталығына беріледі. - Мүмкіндікті пайдалана отырып бәрімізге айтарым: қашанда жүзіміз жарқын, көңіліміз шат болып тұру үшін ұлтаралық достықты нығайту, жалған айтпай берген уәдені орындау басты парызымыз екенін ұмытпайық. Жасасын достықты жақтаған Қазақ елі! - Соңғы сөзді Қазақстан мәдени орталығына берейік. - Егемен ел жыл сайын еңсесін биіктетіп келеді.Мемлекетімізде жүргізіліп жатқан игілікті істеріміздің барлығы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты. Елбасымыздың есімі тәуелсіз Қазақстан атымен бірге өрлеп, үндесіп тұр. Жасасын Қазақстан! Видеоролик: «Бірлік» 9.Қорытынды : Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызда халықтар достығы туралы, бірлік туралы әңгіме қозғадық. Қазақстанда барлық ұлт өкілдері тату-тәтті , достықта өмір сүріп жатыр екен. Отан, достық, бейбітшілік деген киелі ұғымдарды тек біздер ғана емес, басқа да халықтар өз тілінде айтып бейбіт өмір сүруге шақырады. Балалар "Отан, достық, бейбітшілік" деген сөздерді әр ұлт өз тілінде айтып, шар, гүлдермен ортаға шығады. Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз.. Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.