Тақырыбы: Қазақстан қорықтары.
Мақсаты: 1.Қазақстан қорықтары және оның маңызы,орналасқан жері туралы балаларға түсінік беру.
2.Қорықтарда атқарылатын жұмыс түрлері,қамқорлыққа алынған жануарлар мен құстар жөнінде әңгімелеу.
3.Табиғатты аялауға баулу.
Дамытушылық: сұрақ –жауап арқылы тіл байлығын , ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Жануарларды, құстарды, табиғатты қорғауға , қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қорықта кездестін жануарлар мен құстардың суреттері, слайд
Әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Ұйымдастыру кезеңі: Сезімді ояту: Қуаныш шеңберін ұйымдастыру.
Әдемі гүлді балалар бір-біріне күлімдеп беріп,жақсы тілектерін айтып, жылы сезімдерін білдіру. Балалар қуанып, күлімдеп амандасады.
Сабақтың эпиграфы:
Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
Табиғаттың тарылтпасын мөлдір кәусар тынысын,
Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың,
Ей, адамдар, қалай ғана қатыгездік жасайсың,
Ол анаң ғой, ал сен, кенже ұлысың!
Сабақтың барысы:
Сирек кездесетін хайуанаттар мен өсімдік түрлерін сақтап қалу үшін арнайы ұйымдастырылған орын « қорық» деп аталады. Азайып бара жатқан аңдарды, құстарды, қорғау, сақтау үшін ол жерде, ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Қорықтар әрбір табиғи аймақтардың өзіне тән ерекшеліктерін жан-жақты көрсете алатын барлық табиғи байлықтарын қорғауға алған алқаптарды қамтиды. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау.
Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік табиғи қорықтар саны 10 ға жетті. Олар:
1. АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ
2. АЛАКӨЛ
3. АЛМАТЫ
4. БАРСАКЕЛМЕС
5. БАТЫС АЛТАЙ
6. ҚАРАТАУ
7. ҚОРҒАЛЖЫН
8. МАРҚАКӨЛ
9. НАУРЫЗЫМ
10. ҮСТІРТ
1. АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ қорығы Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. 2. АЛАКӨЛ мемлекеттік табиғи қорығы Алматы облысы және Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. 3. АЛМАТЫ қорығы Алматы облысы, Іле өзенінің жағасындағы құмды шөлейті әйгілі Аққұм Қалқан (әнші «бархан») 4. БАРСАКЕЛМЕС қорығы Арал теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан. (Қызылорда қаласы) 5. БАТЫС АЛТАЙ мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. 6. ҚАРАТАУ мемлекеттік табиғи қорығы Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. 7. ҚОРҒАЛЖЫН Астана қаласынан 140 км жерде, тың далада, Қорғалжын мен Теңгіз көлінде. 8. МАРҚАКӨЛ мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. 9. НАУРЫЗЫМ мемлекеттік табиғи қорығы Қостанай облысы 10. ҮСТІРТ мемлекеттік табиғи қорығы Маңғыстау облысы
Сергіту жаттығуын өткізу.
Орнымыздан тұрайық,
Құстай қанат қағайық.
Бір отырып,бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
Дидактикалық ойын: «Балаларын ата»
Ойын шарты: Балалар допты бір – біріне беру арқылы жануарлардың баласының атын атайды:
Қоянның баласы – көжек,
Қасқырдың баласы – бөлтірік,
Аюдың баласы – қонжық,
Жылқының төлі – құлын,
Сиырдың төлі – бұзау,
Қойдың төлі – қозы.
Қатыгез - жануарларды рұқсатсыз қырып-жоятын адам.
Берілген суреттер бойынша балалар аң-құстардың түрлерін атап береді.
Тақтаға қорықтың және үйдің суреті ілінеді, балалар қорықта кездесетін жануарлар мен құстарды бір бөлек, үй жануарларының суретін бір бөлек жапсырады.
Суреттерді көрсетіп алған білімдерін пысықтау мақсатында сұрақтар қою. Балалар құстарға, аңдарға қамқор болуға келіседі.
Әліппе дәптердегі тапсырмаларды орындату.
а)Сен тұратын жерде қандай қорық бар,әңгімелеп бер.
ә)Берілген сурет бойынша қорықта кездесетін аңдар мен құстардың,өсімдіктердің аттарын атау. Балалар еліміздегі қорықтар жөнінде мағлұматтар алады,өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып,түсінуге талпынады.
Жойылып бара жатқан аңдарды,құстарды,өсімдіктерді суреттерге қарап әңгімелеп береді.
Қорықтағы жануарларды атап көрсетеді.
Қорытынды:
- Балалар бүгінгі сабағымызда не оттік?
- Қорықта қандай жануарлар, құстар кездеседі?
- Сендерге бүгінгі оқу іс – әрекетіміз ұнадыма?
Күтілетін нәтиже:
қорық туралы түсінгенін айтып, оны мекендейтін жануарларды атап білуі.
Білуі тиіс: Жойылып бара жатқан аңдарды, құстарды, өсімдіктерді білу.
Көрсете білу: Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін көрсету, қамқор болу.
Достарыңызбен бөлісу: |