Тақырыбы: Қазақстан Республикасының саяси жүйесі Факультет: Заң Мамандық: құқықтану Тобы: 103 Орындаған: Асылбек Ерасыл Жандосұлы Тексерген: Жарболова А. Ж. Алматы 2022



бет1/3
Дата29.09.2022
өлшемі66,21 Kb.
#151169
  1   2   3
Байланысты:
Саяси режим


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі


Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті


СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының саяси жүйесі
Факультет:Заң
Мамандық: құқықтану
Тобы: 103
Орындаған: Асылбек Ерасыл Жандосұлы
Тексерген: Жарболова А.Ж.

Алматы 2022
Əлемде болып жатқан демократиялық үрдістерге жауап бере отырып, қазақ елі өзінің мемлекеттігін одан əрі қарай дамытудың ауадай қажет екендігін мойындайды. Еліміздегі демократиялану процестерінің əсерінен көп партиялық саяси жүйе пайда болып, қазіргі еліміздің заң шығарушы органы — Парламентте үш партия өкілдерінен тұрады. Бірақ бұл жеңіске біз бірден қол жеткізген жоқпыз, белгілі дəрежеде тəжірибе мектептерін бастан кештік. Сонымен қатар көп партиялы жүйенің кемшіліктерінің бірі — ұсақ, бір-бірін қайталайтын партиялардың да өмір сүре беретіндігі болса керек. Алайда жалпы партиялар саны қанша деген мəселе бірінші орында ешқашан тұрған емес, маңыздысы, мемлекеттік органдарды құруға шынайы қатыса алатын партиялардың саны қанша жəне олардың саяси бағыты қандай деген мəселе болмақ. Бұл мəселеде көп партиялы жүйе жəне партиялардың көптігі туралы екі мəселені бір-бірінен ажыратып қарағанда ғана белгілі бір нəтижеге қол жеткізуге болады. Қазақстан тəуелсіздігін алғалы бері бұрынғы кеңестік бір партиялы жүйеден эволюциялық жолмен көп партиялы жүйеге қарай даму жолына бет бұрды. Оған дəлел ретінде Елбасының 2000 ж. Қазақстан халқына Жолдауында айтылған: «Өткен он жылдың ішінде біз еркін сайлау өткізілетін, он алты саяси партия жұмыс істеп жатқан, оның төртеуі Парламентте өкілдік ететін қоғам құрдық. Екі жарым мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдары бар қоғам құрдық. Кəсіпқой екі палаталы Парламенті мен тəуелсіз сот жүйесі бар қоғам құрдық» деген сөз жолдарын келтірсек болады. Олай болса, біз қазір Қазақстанда демократиялық тұрпаттағы саяси жүйенің жағдайына қалай қараймыз? Ізденуші ретінде мемлекеттік биліктің жоғары органдарының қызмет саласын терең зерттеген сайын, шешімін таппаған көптеген мəселелер мазалап, соғұрлым өткір, қиын сұрақтар туындайды. Республиканың саяси жүйесі, мемлекеттің қазіргі даму сатысы əлі де өтпелі сипатқа ие болып отырғаны баршаға белгілі жағдай.
Осы мəселе жайлы академик М.Т.Баймаханов 1994 ж., партиялар енді қалыптасып келе жатқан кезеңде, мынадай ой білдірген екен: «Құқықтық мемлекетке өту бұрын өмір сүрген бір партиялық жүйеден міндетті түрде ажырауды жəне біртіндеп көп партиялы жүйені қалыптастыруды көздейді. Бір партиялық жүйе, əдетте, заң үстемдік құратын тəртіп құру мен сақтау мүмкіндігін жоққа шығарады. Өзінің сипатына орай, алдымен, ол жекелеген асыра пайдалануға алып келсе, уақыт өте келе — тəлкек пен заңсыздыққа алып келеді. Көп партиялы жүйенің бір партиялыққа қарағанда,сөзсіз, бір артықшылығы бар: əрбір партияның, əсіресе парламентте көпшілік орынға ие жəне үкіметті құратын партияның əрекеттері — қалған партиялардың қатаң қарауында болады жəне оның заңды кішігірім бұзуының өзі жария болып, сынға ұшырайды». Сонда партиялық жүйенің қаншалықты маңызға ие екендігін білу үшін мынадай бір анықтаманы айтып өткіміз келеді, заң саласында мемлекет нысанын сипаттау үшін «саяси режимнің мемлекеттік басқару амалдары мен тəсілдерінің жиынтығы тұрғысында тар мағынасы да, сонымен бірге жеке тұлғаның демократиялық құқықтары мен саяси бостандықтарының кепілді деңгейі, ресми конституциялық жəне құқықтық нысанның саяси шындыққа сəйкес келу дəрежесі, билік құрылымдарының мемлекеттік жəне қоғамдық өмірдің құқықтық негіздеріне қарым-қатынасы сипаты тұрғысынан алғандағы кең мағынасында да маңызы зор», дейді Ресейдің белгілі мемлекеттанушысы В.Лазарев. Ал, саясаттанушылар оны «бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыру əдістері мен құралдарының жиынтығы» деп түсіндіреді [4]. Жалпы, осы «саяси режим» термині мемлекет конституцияларында мүлдем дерліктей қолданылмайды жəне біздің еліміздің Негізгі Заңында да бұл термин көрсетілмеген. Оның орнына барлық конституцияларда саяси режимге қатысты мəселелерді реттейтін нормалар қарастырылады. Мұндай норма біздің қолданыстағы заңнамада да бар. Саяси режимге «билікті жүзеге асыру процесінде қалыптасатын жəне үстемдік құрушы саяси идеологияға жəне қоғамның саяси мəдениеті деңгейіне негізделетін қоғамдық қатынастардың жиынтығы» ретінде анықтама беруге болады. Кейде «мемлекеттік режим» ұғымы да қолданылады, ол мемлекеттік билікті жүзеге асыру нысандары мен əдістерінің жиынтығын жəне бұл процеске ел азаматтарының қатысуын білдіреді.

Негізі, елде орын алған саяси режимнің сипатын анықтау күрделі екені белгілі, өйткені əр түрлі саяси күштер мен саяси қозғалыстар оны түрлі түсіндіреді. Мұндай жағдайда партиялық жүйенің даму дəрежесі, мемлекеттік билік органдары арасындағы қарым-қатынас, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің халықпен байланысы, үстемдікті идеологияның сипаты немесе оның мүлдем болмауы, қоғамның саяси жəне құқықтық мəдениет деңгейі, ел басшысының жеке тұлғасы, діннің ықпалы сияқты көптеген факторлар маңызға ие болады. Сонда, президенттік басқару нысаны мен біртұтас мемлекеттік құрылыс нысанын Конституцияда бекіту Қазақстан мемлекеттілігінің сыртқы нысаны туралы көрініс бергенімен, мемлекеттің толық сипаттамасы үшін, оның ел өмірінің саяси билігіндегі қандайда бір институттарының, түрлі демократия институттарының рөлі мен адамның саяси процестегі орны жеткіліксіз болады. Аталған институттар «саяси режим» деген ұғымның аясына кіреді.


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев біздің қоғамдағы саяси жетілдіру сипаты мен демократияны орнықтыру жайында мынадай тұжырым жасайды: «Қазақстан ТМД-ның өзге елдері сияқты өтпелі кезеңдегі мемлекет болып табылады. Əлем мұндай жағдайда барлық институттар, ең алдымен, саяси институттар ұзақ эволюциялығымен сипатталатындығын түсінуі қажет. Біз жетілдірудің жалпы сипатта болуын мойындауымыз қажет, бұл орайда саяси трансформацияның қарқыны қоғамның экономикалық, əлеуметтік, мəдени, психологиялық салаларының трансформациялану мүмкіндігіне тəуелді. Тиісінше, саяси жаңарудың жылдамдығы мен ауқымы, ең алдымен, əрбір мемлекет пен қоғам үшін əр түрлі болып келетін тұрақтылық əлеуетіне қарай беріледі. Иə, өтпелі кезеңдегі қоғамда жағдай жылдам өзгеріске ұшырап отырады, тіпті алдыға қойылған мақсат-міндеттерді іске асыру тəсілдері бір-бірімен қайшылықта да болып жатады. Қоғамдағы саяси реформалар қазірде əлеуметтік-экономикалық жетілдіруден көш кейін келе жатқандығы да шындық. Еркіндік, теңдік, демократия идеалдары үшін күреспей тұрып, егер олар Конституцияда жария етілсе де, құқықтық мемлекет құру мүмкін емес. Сондықтан «күшті азаматтық қоғам — бұл саясиланбаған қоғам емес, ал саясатқа белсенді жəне ақылмен қатысу арқылы өзінің келешекте үйлесімді қалыптасуын қорғау мақсатында саяси процестердің тетіктерін толықтай бағындыратын қоғам». Құқықтық мемлекет, демократиялық режим қалыптастыру — қоғамның алдында бірінші кезектегі міндетті — қажетті құқықтар мен бостандықтармен қорғалған жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қояды. Саяси режимнің Қазақстан Республикасының Конституциясында реттелу мəселелерін қарастырар болсақ, оның Негізгі Заңда əр түрлі жақтары көрсетілгенін байқауға болады, атап айтқанда: биліктің халыққа тиесілі болуы — мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық (3-б. 1-т.); биліктің бөлінуі (3-б. 4-т.); саяси плюрализм (5-б. 1-т.); азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары, олардың саяси өмірге өз беттерінше қатысу мүмкіндіктері (23, 32, 33-б.). Осылайша, Конституцияда Қазақстан Республикасында демократиялық саяси режимнің белгілері жеткілікті бекітілген дей аламыз. Алайда, уақыт көрсетіп отырғанындай,
Қазақ ССР-інің 1977 ж. жəне 1978 ж. Конституцияларының мазмұны қағаз жүзінде демократиялы болғанымен, демократиялық институттар іс жүзінде орын ала бермейтін. Сондықтан саяси режимнің сипатын анықтаған кезде конституциялық нормалардың іс жүзінде қалай жүзеге асырылатынын да талдау қажет демекпіз.
Сайлау демократиялық нысанның орталық институты болып табылады. Сонда демократиялық сайлау дегеніміз не? Ол, ең алдымен, бəсекелі нысанда болуы тиіс. Демократиялық елдерде сайлау кезең-кезеңімен жүргізіледі, оларда президент өмір бойы басқаруға сайланбайды. Демократиялық сайлау — бұл өмір сүру үшін күрес емес, керісінше, халыққа қызмет ету құқығы үшін жарысу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет