Автоматты метеорологиялық станциялар
Метеостанция МЛ-102
МЛ-102 метеостанциясы (сурет.10.2) Ресей тұтынушылары үшін адапталған Вайсал – MAWS фирмасының кіші АМС-ның жаңа дәуір негізімен құрастырылған.
Сурет. 10.2 Метеостанция МЛ-102
Бұл метеостанция Вайсал (Финляндия) фирмасы шығарған бірыңғай корпустағы азгабаритті құралдың - WXT510 трансмиттері – метеорологиялық модулі негізінде құрастырылған. WXT510 модулі жел жылдамдығы мен бағытын, жауын-шашындарды, атмосфералық қысымды, ауа температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығын өлшейді.
Станция бақылауларды шұғыл ұйымдастыру үшін және нақты метеорологиялық мәліметтерді алу үшін берілген, бір винттің көмегімен жеңіл орналастырылады және өздігінен жұмыс жасайды. WXT510 автоматты метеостанциясының түрі Мемлекеттік өлшеу құралдары реестрінің 35668-07 нөміріне тіркелген және Ресей Федерациясының (куәлік FI..C.28.001.A нөмір 28938 04.09.2007 жылдан) территориясында қолдануға рұқсат етілген.
Достарыңызбен бөлісу: |