Ақмола облысының ішкі істер Басқармасы жариялаған.
1930 жылы ұлт зиялыларының ІІ тобы тұтқындалды, оның 15-і Орталық Ресейге жер аударылды.
1936-1938 жж. Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне "халық жаулары" немесе " халық жауларының сыбайластары" секілді айыптар тағылды💥
Танымал қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері түгелге жуық қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың отбасы мүшелері де жазықсыз қудалау көрді.
Соңғы зерттеулер бойынша 1931 жылдан бері 1954 жылдың 1 ақпанына дейінгі кезеңде КСРО-да 3 млн 777 мың адамды ату жазасына соттап, оның 643 мыңына үкім орындалса, 2 млн 369 мың адам 25 жылға дейінгі мерзімде түрмелерге қамалып, лагерьлерге айдалған.
Халық жауларымен күрес концлагерьлердің құрылуына жағдай жасады (Карлаг, Степлаг, АЛЖИР)
Лагерьлердің мақсаты: социализм құрудың сталиндік бағдарламасын жүзеге асыру үшін тұтқындардың еңбегін жаппай пайдалану еді. Сол миллиондаған тұтқынның дені " халық жауы" деген айыппен сотталғандар немесе солардың отбасы мүшелері ретінде бас бостандығынан айырылғандар.