Микробиологиялық диагноз қою: Риккетсияларды Здродовский бояу әдісімен бояйды. Риккетсиялар қызыл түске , ал жасушалық элементтер көкшіл түске боялады.
Емдеуі : Емханаға жатқызып емдейді. Тетрациклин, Левомицетин, Антигистаминді препараттармен емдеу жүргізіледі.
Цуцугамуши алғашқы қабыну ошағы теріде болатын, бөртпе шығатын, лимфа түйіндерінің ұлғаюымен сипатталатын Orientia tsutsugamushi тудыратын жұқпалы табиғи-ошақты ауру. Ауру қоздырғышын 1930 жылы жапон ғалымдары Нагайо мен Огата ашты.
Gracilicutes класына, Rickettsiaceae тұқымдастығына, Rickettsia
туыстастығына, Orientia tsutsugamushi түріне жатады.
Морфологиясы: Таяқша пішінді. Грам теріс. Романовский-Гимзе әдісімен бояғанда қара күлгін түске боялады және мононуклеарлы жасушалардың цитоплазмасында орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |