6.3 Қысқа мерзімді есте сақтау және ой қорытындыларды анықтау тестері
Атынан байқалып тұрғандай, тест комбинациялық сипатта берілген. Ол бір оқу материалын екі немесе одан да көп өзара байланысқан, сапа жағынан түрлі қабілеттерді-қысқа мерзімді есте сақтау және логикалық ойлау түрлерін анықтауға бағытталуынан көрінеді. Соңғы қабілет ойқорытындының бір түрімен ұсынылған. Тестілеу тексерушінің балаға назарынан басталады:
-Әртүрлі әңгімелер тыңдауды ұнатасың ба? (Көбінесе бала нақты жауап береді)
Мен қазір қысқаша әңгіме айта бастаймын, ал сен оны нақты қайталау үшін, жақсылап есіңде сақта. Келістік пе? (Көбінесе бала келіседі).
Баяғыда үш бала болыпты: Қайрат, Қанат, Алмат.
Егер бала үш сөйлемді толығымен жаңғырта алмаса, тексеруші былай дейді: Ештеңке етпейді. Бұл бірден бола салмайды. Тағы бір рет қайталап көрейік. Мұхият тыңдап ал...
Хаттамада баланың тапсырманы орындау үшін қажетті болған қайталаулар саны тіркеледі. Бұл көрсеткіш зерттелуші баланың қысқа мерзімді мағыналы есте сақтау деңгейін бағалауға көмектеседі: қайталау саны азырақ болған сайын, оның деңгейі көеріледі. Бағалау үшін келесі кесте пайдаланылады:
Жасерекшелік топтары
|
Қысқа мерзімді мағыналы есте сақтау дамуының деңгейі
(қажет болған қайталау саны)
|
Алтыжасарлар
|
8
|
5-7
|
1-4
|
Жетіжасарлар
|
7
|
4-6
|
1-3
|
Бала дұрыс және толық жауап бере саласымен, тексеруші оның қарапайым ойқорытындыларды жасау қабілеттерін тексеруге көшеді:
-Жарайсың! Енді сен дұрыс қайталадың. Ал енді жақсылап ойланып балалардың ең ұзыны кім?
Егер бала дұрыс жауап беру жағдайында болмаса, тексеруші былай дейді:
-Кәне тағы да жақсылап ойланайық: Қайрат Қанаттан төмен. Қанат Алматтан төмен. Осылардың қайыссы ұзын? (Әгіменің тек қорытынды бөлігі-сұрақ қана қайталанады).
Бала дұрыс жауап беріп болғаннан кейін, оған тағы бір сұрақ беріледі:
-Балалардың қайыссының бойы төмен?
Баланың қарапайым ой-қорытынды жасау қабілетінің даму деңгейін анықтауды жүзеге асыруда тапсырманы орындау үшін қажет болған қайталаудың жалпы саны ескеріледі (есте сақтаудан басталады). Бағалау барысында келесі кесте қолданылады:
Жасерекшелік топтары
|
Қарапайым ой-қорытынды жасау қабілеттерінің даму деңгейі
(берілген тесті тұтас орындау үшін қажет болған қайталау саны)
|
төмен
|
Орташа
|
Жоғары
|
Алтыжасарлар
|
10
|
5-9
|
1-4
|
Жетіжасарлар
|
8
|
4-7
|
1-3
|
Жоғарыда сипатталған төрт тапсырманы баланың орындауын бақылау оның ақыл-ой белсенділігі деңгейі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді:
Төмен: бала тапсырманы тек қосымшалардан кейін орындай бастайды, ал жұмыс барысында зейіні бөлініп отырады; фонематикалық қабылдау тестін орындауда бала қызығушылығы тексерушінің артикуляциялық әрекеттеріндегі қателерді байқауға емес, сртқы реакциямүмкіндіктеріне бағытталады (мысалы, қол шапалақтау);
Орташа: бала жұмысқа белсенді ұмтылса да, ұсынылған тапсырмаларды орындауға қызығушылық танытпайды.
Мынадай болуы мүмкін, бала алғашында жұмысқа қызығушылық танытады, бірақ жылдам басылып қалады.
Сұрақтар салыстырмалы түрде азырақ қойылады, олардың өзі тапсырма маңыздылығына емес, қандай да бір қосымша сәттерге бағытталған: «Мынау әдемі әріптерді кім салды?», «Басқа планета адамы жақсы ма, әлде жаман ба? » және т.с.с Бала қарым-қатынасқа түспейді және тапсырманы белсенді орындауға кіріспейді; Жоғары: Бала әңгіме жүргізіліп отырған жағдайға, мұғалімге, ұсынылып отырған тапсырмаларға айқын қызығушылық көрсетеді. Әңгімені қолдайды, өзі сұрақтар қояды. Кідірместен тапсырманы орындауға кіріседі, кедергілерді жеңуге ұмтылады, кейде мұғаліммен қарым-қатынасты жалғастыруға ұмтылады. Сөздік қор тестін орындау барысында фантазиялау элементтерін енгізе отырып, ойын жағдайына қуана кіріседі.
Достарыңызбен бөлісу: |