Тақырыбы: Балық аурулары


Патологоанатомиялық өзгерістер



бет5/8
Дата08.11.2023
өлшемі3,73 Mb.
#190397
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
балык аурулары

Патологоанатомиялық өзгерістер ішкі ағзаларында байқалмайды. Желбезектен гистологиялық препарат даярлап, микроскоппен карағанда саңырауқұлақтың жіпшелері мен споралары көрінеді.
Емі жоқ.
Дауалау және күресу шаралары. Бранхиомикоз байқалған жағдайда судың ағынын күшейтіп, оттегімен қанығуын молайтады., Ауырған, балықтарды ұстап, өлген балықтарды жинайды.
Сапролегниоз немесе дерматомикоз
Әртүрлі тұщы су балықтарының терісі, желбезектері және жүзу қанаттары зақымдалуымен сипатталатын жұқпалы ауру.
Қоздырушысы - фикомицеттер саңырауқұлақтарының Saprolegnia және Асһіуа туыстастығына жататын шартты түрде зардапты микроорганизмдер.
Індеттік ерекшеліктері. Сапролегниозбен балық кез келген жасында
ауырады. Ауру балық ашыққанда, жарақаттанғанда, судың газдық және тұздық кұрамы бұзылғанда жылдың кез келген маусымында байқалады.
Өтуі мен симптомдары. Балықтың терісінде, жүзу қанаттары мен желбезектерінде саңырауқүлақтың ұйысқан жіпшелерінен тұратын мақта тәрізді тозаңды қабат кездеседі. Теріні тесіп, жіпшелер бұлшық етке, тіпті ішкі ағзаларға өтіп кетеді. Күшті зақымданған балықтар өліп қалады.
Емі. Ауруға шалдыққан балықтарды емдік ванналарға салады. 2-5% ас тұзында 5 минут, 1:200 000 малахит жасылында 1 сағат ұстайды. Уылдырықты зарарсыздандыру үшін 1:500 - 1:1 000 формалин (экспорициясы 15 мин),1:200 000 тотыяйын (60 мин), 1:100 000 калий перманганаты (15 мин), 1:200 000 малахит жасыл (60 мин), 1:100 000 метилен көгі (30 мин) қолданылады.
Дауалау және күресу шаралары. Сапролегниоздың алдын алу үшін балықтың әлсіремеуіне және жарақаттанбауына жағдай жасайды. Уылдырықпен жұмыс істегенде, оны жинағанда және ұрықтандырғанда өте мұқият болып, судың тұнықтығын бақылап, инкубация жабдықтарын таза ұстау уылдырықты сапролегниозға шалдығудан сақтайды.
Жүзу жарғағының қабынуы (Воспаление плавательного пузыря)
Тұқы балықтың жүзу жарғағының қабынуымен сипатталатын жұқпалы ауру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет