«Қазақстан Тұтынушылар Одағы агробизнес және экономика колледжі» мекемесі
Тақырыбы:Балық аурулары
Семей қаласы, 2023 жыл
Аэромоноз (қызамық, геморрогиялық септицемия, шемен)
Балықтың терісі мен ішкі мүшелерінің қанталап қабынуымен, қабыршақтарының сыдырылып, құрсақ қуысына сұйықтық жинальш, көзі шарасынан шығып, кейде денесінде ойық жарақаттар пайда болумен сипатталатын жұқпалы ауру.
Қоздырушысы - Aeromonas punctata (Aeromonas hydrophila) бактериясы. Ол қысқаша келген (1,2-1,8x0,5-0,6 мкм), грам теріс, қозғалмалы, шеткері орналасқан жіпшелері бар таяқша.
Індеттік ерекшеліктері. Аэромонозбен тұқы балық, сазан және олардың будандары ауырады. Сонымен қатар, табан балық, қара балық және басқалары шалдығады, әсіресе, 2-3 жасар тұқы жиі ауырып, жаппай шалдығады да, зор шығынға ұшырайды.
Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 3-30 күн. Ауру бір мезгілде әртүрлі балықтарда жіті, жітіден төмен және созылмалы өтеді.Жіті өткенде жүзу қанатының, денесінің кей жері немесе тұтастай терісі қабынып, ошақтанып қанталайды; құрсағында және бүкіл денесінде сұйық іркіліп, көзі шарасынан шығып, қабыршақтары түсе бастайды.
Патологоанатомиялық өзгерістер. Ауру жіті өткенде тұкы балықтың терісінде серозды-қанталаған қабыну болады. Бұлшық еттері домбығып, кескенде суланып тұрады. Құрсақ қуысы мөлдір немесе қанды сұйыққа толы, кейде қоймалжың масса болады, іш пердесі мен ішкі ағзалары қанға кернеледі. Бауыр болбырап, сарғыш немесе сұрғылт, кейде жасыл түсті, кей жері
өлі еттенеді. Өт қабы өтке кернелген. Көк бауыр ұлғайып қара қошқыл түсті болады. Жүректе ноқатты қанталаулар кездеседі. Жүзу жарғағының қан тамырлары қанға толы. Бүйректері ісініп, ұлғаяды.
Емі. Емдік және дауалық мақсатта әртүрлі дәрі-дәрмектер қолданылады. Жемге қосып биомицин, левомицетин, синтомицин, фуразолидон, жемдік антибиотиктер мен метилен көгін береді. Аталық және өсірілетін балықтарға құрсақ қуысына инъекция арқылы 1 кг массасына 20-30 мг левомицитинді 3 рет: көктемде қыстамадан кейін және санақ кезінде, күзде қыстама алдында береді. Дибиомицинді 25мг/кг дозада экмолинмен қосып, 1 рет уылдырық шашардан 3 апта бұрын береді.Дауалық мақсатпен ваннада тоғыту үшін левомицетинді 300мг/л, экспозициясы 24 сағат, синтомицинді 600-1 000 мг/л, экспозициясы 16 сағат, пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |