Бұқар жырау Абылай бейнесіне әр қырынан келіп,оның шындыққы сай бейнесін өрнектемек болды. Бұл бағытта туған жырларының бәрі дерлік Абылай ханның сол бір жауапты кезеңдегі әр алуна саяси қызметі мен саналы өмірін оның жас мерзіміне орай кезең-кезеңг бөліп,ой таразысымен екшеп саралау,жинақтап қорыту үлгісінде келді. Мұның бәрі бір ғана талап: ертеңгі ел болашағы, тәуелсіз бақытты өмірді орнату мақсатымен терең ұштасып жатыр.
Жыраудың жырларының «Ал,айтамын,айтамын» атты толғауларын бөліп атауға болады. Бұл үш бөліктен тұрады.Біріншісінде Абылай мінген жүйрік сәйгүліктің тұр-тұлға,сын-сипты сөз болса, екіншісінде сол атқа лайық оның иесі де елдік биік талаптар тұрғысынан сипатталады. Ал үшінші бөлім түгелдей Абылай бейнесін бірыңғай бөліп алып жеке сомдауға арналған.
Ай,айтамын,айтамын, Мінген атың айтамын. Құлынды емген,тайды емген, Құнанында арда емген. Дөненінде үйреткен, Жібектен арқан сүйреткен. Бестігінде белгі күшті ьолсын деп, Бес байталға салдырған. Алтысындай аттай мұрнын танатқан, Жетісінде жетіп құлан шалдырған. Сегізінде серке сан деп атанған. Тоғызында тола семірген. Онында оқ жыландай қырғыған,
Ойнай басқан аяқтым, От орнындай тұяқтым.
Қиғаш қамыс құлақтым. Саптыаяқтай еріндім. Сарымсақтай азулым. Сауырсын кере жараған, Кекілін қыздай тараған. Тостаған көзді торыны Топ тарқамай мінсене, Еліңнің қамын жесене. Есіліп кеңес айтсана, Айтса да айта кетсін жұртына Мұздар да мұздар қатсын мұртыңа. Еш келмеді қыртыңа, Кең Абылай,кең аям. Шұбар ағаш, құба жөн. Мекен еткен шөлде,аям. Тілі менен тентегің Иіліп алдыңа келді аям!
Достарыңызбен бөлісу: |