2. Бастауыш мектепте тұрмыстық еңбектің мәні мен мазмұны, ұйымдастырылуы. Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру қоғамның бүгінгі таңдағы өзекті мәселесі және басты талаптарының бірі. Қоғамдағы әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғам байлығын еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал қатынасуы, қоғамның алғы шарттарының бірі болып табылады. Ол үшін адам еңбекке лайықты тәрбиеленуі керек. Осы заманғы ғылыми біліммен қаруланған белсенді және қоғамдық іс-әрекетке жан-жақты даярланған еңбек адамын қалыптастыру әлеуметтік тәрбие шарттарының негізгі-жалпы орта білім беретңн мектеп. Еңбекке тәрбиелеу мектепте тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Адамның жан-жақты жіне үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі.
Еңбек ету арқылы адамның дүниеге көзқарасы оң бағытта өзгеріп, этика, этикалық түсіну сезімдері артады.
Жалпы орта білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарда жүретін «Еңбекке баулу» пінінің тиімділігімен балаларды еңбекке тәрбиелеудегі маңызын арттыруда, егемен елімізде көптеген оң өрістер жүргізілуде. Мәселен халыққа білім беру заңы мен тұжырымдамасында жалпы адами құндылықтар капиталын бойына сіңірген, еңбекке жарамды және икемді тұлға қалыптастыру мәселесінің өзектілігі айтылған.
Жалпы бастауыш мектеп тәрбие мен білім беруде ең алғашқы және шешуші қоғам. Сондықтан да, бастауыш мектеп өқушыларына дұрыс еңбек тәрбиесін бере білу бүгінгі таңның кезек күттірмес мәселесі.
Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін еңбекке баулу сабағы жасөспірім оқушылардың еңбекке ынтасын, сабаққа ықыласын арттыруда, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда орасан зор негіз болып табылады. Осыған орай, оқушыларға берілетін білім мазмұнды, жүйелік, тәрбиелік мәні зор процесс болуы шарт. Осыған байланысты білім беру саласында «Еңбекке баулу» пәні бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының бұрынғымен салыстырғанда жетілдірілген нұсқасы 2002жылы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы мемтеп және мектепке дейінгі білім институтының бастауыш білім беру лабараториясында жарық көрген.
Бұл жаңа стандарт алдыңғы жарияланған білім стандартымен салыстырғанда «Еңбекке баулу» пәнінің базалық білім мазмұнының негіздері сақталғанымен елеулі өзгерістері арқылы ерекшеленеді.
Бұл білім стандарты құрылымында «Еңбекке баулу» пәнінде бастауыш сынып оқушылары еңбектің бастапқы әліппесімен танысып, олардың байқағыштығы, ой-өрісі, шығармашылық белсенділіктері артады және жас кезінен бастап жүйелі түрде еңбек тапсырмаларын орындауға, отбасындағы қажеттілікке көңіл бөлуге, төзімділікке үйренеді.
Стандартта «Еңбекке баулу» пәнінің базалық бағдарламасы бойынша мынадай бөлімдер қамтылған.
-техникалық еңбек;
-көркем еңбек;
-дизайн.
-тұрмыстық еңбек;
«Еңбекке баулу» пәнінің базалық білім мазмұнын жетілдіруде 1998 жылғы стандарт нұсқасындағы «Ауылшаруашылық еңбегі» бөлімі «Дизайн» бөлімімен ауыстырылса, бұрынғы «Өзіне өзі қызмет ету» бөлімі «Тұрмыстық еңбек» болып өзгертілген. Ол бүгінгі ауыл мектептерімен экономикалық-әлеуметтік жағдайын ескеруді, заман талабына сай еңбек түрлеріне баулуды көздейді. оқушылар;
-Техникалық еңбек бөлімінде түрлі материалдардың қасиеттері мен ерекшеліктерін біледі. Қарапайым бұйымдарды жасау технологиясын үйренеді.
-Көркем еңбек бөлімінде қолданбалы қолөнер негізінде түрлі ойыншық, тұрмыс бұйымдарын жасап, безендіреді. Бұйымдарды көркемдеп безендіру үшін ою-өрнек үлгілерін қолдана отырып, әшекейлеуді үйренеді.
Дизайн бөлімінің мазмұны бұйымдарды көркемдеп, оларды эстетикалық жүйеде безендіруге машықтанады.
-Тұрмыстық еңбек бөлімінде өзіне-өзі қызмет етудің іс-әрекеттерін біледі.
Бөлме өсімдіктерін күтіп-баптауды үйренеді.
Мектеп, сынып, жанұяда түрлі көмек көрсету бағытында ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысады. Бұл жаңа стандартқа сай бағдарлама мазмұнында бастауыш сынып оқушыларын халқымыздың ұлттық қол-өнеріне бейімдеу, тәрбиелеу мен бірге, әрбір ұлттық қолөнер үлгілері ұлттық нақышта дайындалуымен қатар оқушылардың өнерге деген қызығушылықтарын арттыру көзделген.
Елімізде бекітілген жаңа білім стандартының мазмұны бойынша «Еңбекке баулу» пәніне өту барысында әрбір сабақта бастауыш мектепте өтілетін кез-келген пәндермен байланыстырып өтуге болады. Бұндай процес «пән аралық байланыс» деп аталады. Бұл байланыстың мәні берілетін білім мазмұнын толық ашуға, оқушыларды сол білім мазмұнымен толық таныстыруға жіне логикалық ойлау қабілеттерін арттыруда өте зор.