Тақырыбы: Бастауыш сынып


) жаңа әдеттен тыс нәрсені белгілі нәрседен айыра білу



бет5/6
Дата09.06.2023
өлшемі460 Kb.
#178527
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
doc1572525447

1) жаңа әдеттен тыс нәрсені белгілі нәрседен айыра білу;
2) бұл жаңа және бейтаныс нәрсені тануға:
түсінуге, сырын ашуға ұмтылу.
Ойлау процесіні пайда болуында адамның қоршаған дүниеден байқаған жаңа, белгісіз нәрселерге қызығуының да елеулі маңызы бар.
Күтпеген, бейтаныс жағдайлармен кездескенде адам алдына міндет қоя білуі керек. Ойы жоғары дәрежеде дамыған, жеткілікті мөлшерде мол өмір тәжірибесі бар ересек адамдар әдетте өздері-ақ міндетті аңғарады және мәселе қоя біледі. Сөйтіп, олар үшін нені танып білу керектігі, яғни ой нысанасы мен ой процесінің бағыты айқын болады. Ой әрекетінің міндетті атқару және қоя білу сияқты бірінші кезеңі осылай аяқталады.
Ойлау процесінің келесі кезеңі қойылған мәселені шешу.
Анализ-синтез формасы әр түрлі формада болады, әр дәрежеде өтеді, бірақ адам қандай ой міндетін атқарса да ол ылғи анализ-синтезді қолдайды.
Анализ – бүтінді бөлшектеп майдалау, мүшелеу, қайсыбір жақтардан, жеке бөлшектерден, белгілерден бөліп қарау, ажырату, абстракиялау. Синтез - бөлшектерді, жақтарды, белгілерді біріктіру, жалпылау, топтау, бүтін құрау.
Анализ бен синтез ешуақытта бір-бірінен оқшау тұрмайды, біртұтас ой процесінің екі жағын құрайды. Атап айтқанда, анализ бен синтездің өзара байланысы мен өзара тәуелділігі ой процесінің мәнін, ядросын құрайды.
Анализ бен синтездің өзара қатынасы мынандай тәуелділіктерден көрінеді:
1.Анализ бүтіннің бөлшектерін, жақтарын, белгілерін ажыратуға ғана емес, сонымен бірге бүтіннің осы бөлшектері арасында болатын байланыстарды, тәуелділіктерді қатынастарды ашуға бағытталатындықтан бүтінді талдаудық өзі әрі синтездеу болады.
2. Анализдік - синтездік процестің тұтастығы талдауға түпкі негіз бағыт беретіндігінен және жасалынған жұмыс нәтижесінде тереңірек және толығырақ танылатын сол негізді танудың құралы, жолы, тәсілі болатындығынан көрінеді.
3. Ой процесінің сәтті болуы яғни қойылған мәселені шешуге әкелуі оның осы үш буыны бір-біріне сайма-сай болған жағдайда жүзеге асады.
4. Ойлау процесі, яғни талдау-синтездеу әр дәрежеде өтеді – ол не заттарды қолға ұстап әрекет ету, оларды практика жүзінде мүшелеу және біріктіру түріне жүзеге асады, немесе міндет көрнекі түрде қойылады.
Талдау – синтездеу ой процесінің негізі бола отырып, жеке сипатқа не әр түрлі операцияларында көрініс береді. Ол операциялар мыналар:
Салыстыру – бұл қаншада салыстырылатын заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.
Салыстыру жолымен оқушылар әр түрліліктің жалпылығы және ұқсастықтың әр түрлілігін оңай табады.
Салыстыру – зат, құбылыс, оқиғаларды ойша топтаудың негізі.
Топтау – бұл салыстырудан барып шығатын күрделірек операция. Басты және қосалқы ұқсас белгілер негізінде заттар класс, тек, түр сияқты топтарға бөлінеді.
Жүйелеу – заттар мен құбылыстарды топтастыру, осы топтың ішінен одан кіші топтар мен бөліктерді саралайды. Бұл – кішкене топтар да ортақ белгілер негізінде құрылады, бірақ ол белгілер бұл түр, класс өкілдерінің бәрінде кездесе бермейтін жеке белгілер болып келеді.
Жалпылау жалпылардың ең қарапайым түрі ұқсас заттарды олардың кездейсоқ ортақ белгісіне қарай біріктіру болып табылады.
Нақтылау дегеніміз – жалпыланған білімді нақтылы жеке жағдайда қолдану, бұл үшін осы жеке жағдайды тағыда талап, оның белгілі ереже, ұғым, заңға сай келетін белгілерін айрықшалау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет