Тақырыбы: Бәрін білгім келеді Мақсаты



Дата11.02.2018
өлшемі49,29 Kb.
#37505
Тақырыбы: Бәрін білгім келеді

Мақсаты: Топ оқушыларының білімі мен алғырлығын анықтау мақсатында пәндер бойынша викториналық сұрақтарға жауап алу арқылы білімді, алғыр және үздік топты анықтау.



Түрі, типі: Дәстүрлі емес, сайыс сабағы

Қолданатын әдіс - тәсілдері: баяндау, талдау, сұрақ - жауап, интерактивтік тақта

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар

Өту барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар, қонақтар. Бүгінгі тілдер онкүндігіне арналған «Бәрін білгім келеді» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер!

К. Э. Циолковскийдің сөзімен бастағым келеді, «Мен адамға өзіңе сен деймін! Сенің қолыңнан бәрі келеді!...»

Ана тілі қазағымның қаймағы,

Тілің сенің өміріңнің айғағы.

Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,

Әр топтың білгірлері шығады.

Ақты ақ деп, аққа жақ боп баға берер

Әділқазы алқасы – кемеңгерлер.

Беріңіздер әділ бидей әділ баға,

Шындықты ұрпақтарың сонда көрер – дей отырып әділқазылар алқасы мүшелерімен таныстырып өтейік

1.

2.

1-кезең.Таныстыру/әр топ өзінің тобының атын,топбасшысы,топ мүшелерімен таныстырады/

2 - кезең. «Бинго». Қазақ тілі, әдебиет пәндері бойынша сұрақтарға жауап беру.

1. «Көксерек» әңгімесінің авторы және басты кейіпкерлері? (Мұхтар Әуезов, Құрмаш, Көксерек)

2. Сын есімнің мағынасына қарай қандай түрлері бар? (сапалық, қатыстық)

3 Абай Құнанбаевтың неше қара сөзі бар? /45/



4. Күрделі сөздердің қандай түрлері бар? (қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз, тіркесті сөз)

5. Шоқан Уәлихановтың шын аты кім? /Мұхамедханафия/



6. Тіл білімінің салаларын ата. Олар нені зерттейді? (лексика, фонетика, морфология, синтаксис).

7. Әлкей Марғұлан кім? /атақты ғалым/

8. Сын есімнің қандай түрлері бар? Мысал келтіріңіз

9. «Қамар сұлу» романының авторы кім? /С.Торайғыров/



10. Өткен шақтың түрлері мен жасалу жолдарын айтыңыз (жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ)

11. Абай айтқан бес асыл іс./өтірік,өсек,мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ/

12. Көшіп келген көршіге берілетін қонақ асы./ерулік/

3 - кезең. «Жекпе - жек» (капитандар сайысы)

Орысша берілген мақалдың қазақша баламасын табу.

1. Доброе слово – половина блага/ Жақсы сөз жарым ырыс

2. Сказанное слово – вылетевшая пуля/ Айтылған сөз атылған оқ

3. Даже говоря в шутку - подумай/ Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле

4. Начало искусства красноречие/ Өнер алды – қызыл тіл

5. Человек без Родины, как соловей без леса/ отансыз адам, ормансыз бұлбұлмен тең

6. Язык острее клинка/ тіл – қылыштан да өткір

7. Кто слов не ценит, сам себя не ценит / сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді

8. То что не поднимет слон, поднимет язык / піл көтермегенді, тіл көтереді

9. Много видевший станет предводителем, много говорящий станет оратором / көре - көре көсем боларсың, сөйлей - сөйлей шешен боларсың

4 - кезең. «Сиқырлы ұяшықтар»

Тақырыптар бойынша ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру, тапсырмаларды орындау.

«Ереже – білім бастауы» (қазақ тілі)

10 балл. Зат есім қалай түрленеді? (көптеледі, жіктеледі, септеледі, тәуелденеді)

20 балл. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? /9/



30 балл. Тамаша сөзінің синонимі. /керемет/

«Бұл кім?» (әдебиет)

10 балл. Бес Арысты ата?



20 балл. Сыңарын тап

Абай Құнанбаев -------- Абай жолы

Мұхтар Әуезов ---------- Өзім туралы

Сәкен Сейфуллин Көшпенділер

Ілияс- Есенберлин ------ Әсемпаз болма әрнеге

Қасым Аманжолов ------- Аққудың айырылуы



30 балл. 1900 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданында дүниеге келген. «Сұлушаш» поэмасы, «Мөлдір махаббат», «Аққан жұлдыз» романдарының авторы. (Сәбит Мұқанов)

«Салт – дәстүр»

10 балл. Бөлек шыққан балаға берілетін сый?(енші)



20 балл.Тұсау кесу ол не?

30 балл. Асар дегеніміз не?

5 - кезең. «Мақал – сөздің мәйегі»



Берілген сұрақтарға мақалмен жауап беру.

1. Жыланды қалай інінен шығарамыз?

(Жылы - жылы сөйлесе, жылан інінен шығады)

2. Инемен құдық қазуға бола ма?

(Білім инемен құдық қазғандай)

3. Аппақ қарға бола ма?

(Қарға баласын аппағым дейді)

4. Ең тәтті не?

(Ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті)

5. Қар жана ма?

(Қалауын тапса, қар жанады)

6. Не оттан да ыстық?

(Отан оттан да ыстық)

7. Тауық түс көре ме?

(Тауықтың түсіне тары кіреді)

8. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай?

(Шашу оңай, жинау қиын)

9. Білгенің қанша, білмегенің қанша?

(Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз)

10. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?

(Көз қорқақ, қол батыр)

11. Отқа түсіп күймеуге бола ма?

(Отан үшін отқа түс, күймейсің)

12. Ер қаруы неше?

(Ер қаруы бес қару)

6 - кезең. «Ойлы болсаң –озып көр». Суретпен жұмыс(Сөйлем құрастыру) 1-топқа -ұлттық киім,2-топқа –ұлттық тағамдар.

7 - кезең. «Бірлігіміз жарасқан». Ән айту

Осымен сайыс кезеңдері аяқталды. Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

Жеңімпаз топты жеңісімен құттықтаймыз! Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Бағалау парағы

-- Топтың аты

1.«Сәлем – сөздің анасы»

2.«Бинго»

3.«Жекпе - жек»

4.«Сиқырлы ұяшықтар»

5.«Мақал – сөздің мәйегі»

6 - кезең. «Зерек болсаң, тауып көр». Бейнежұмбақ шешу.

7 - кезең. «Бірлігіміз жарасқан». Ән айту «Балдәурен»



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет