Тақырыбы: Білім көзі-кітапта



Дата29.01.2018
өлшемі40,95 Kb.
#35774
Тақырыбы: Білім көзі-кітапта.

Кіріспе


Кітап-рухани байлығымыз.

Кітап – білім бұлағы (оқыған кітап жөнінде мазмұнын айту)

Мақал-сөз мәйегі (мақалды жалғастыру)

Өлең-сөздің патшасы (ақын-жазушылардың білім,кітап жөнінде өлеңдерін мәнерлеп оқу )

Жұмбақтарды шешу.

Білім көзі-кітапта ( сұрақтарға жауап беру )

Кез келген жанрдан көрініс (әңгіме, аңыз, ертегі)

Ойлан, тап (кітапхана сөзіне сөз құрау )

Қортынды. Екі сыныпты марапаттау

«Тапқыр оқырман сыныбы», «Белсенді оқырман сыныбы» номинациясы бойынша.


Жүргізуші: Бүгінгі «Білім көзі — кітапта» танымдық сағатымыздың мақсаты оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттырып, білімділікке тәрбиелеу. Кітапты сүйе білуге және қадірлеуге баулу.

Кіріспе: Кітап-адам баласының ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап,оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын,білім және тәрбие беретін құрал.

Ол - адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі.Халқымыз кітапты аса құрметтейді.Сондықтанда «кітапсыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ», «кітап- білім бұлағы,білім-өмір шырағы» дейді.

Жүргізуші: Армысыздар, оқушылар, ұстаздар!

Бүгінгі «білім көзі –кітапта» танымдық сағатын Ахмет Байтұрсын ұлының өздеріңе таныс өлеңімен бастайын.

Балалар,бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер, түсіп байқап,қаралық та,

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп.

Соларды көре тұра,қалалық па?!

Даналық-өшпес жарық,кетпес байлық,

Жүріңдер,іздеп тауып алалық та?

(Осы кезде кітап бейнесін мойнына ілген оқушы кіреді )

Кітап: ( Қуанышбек) Бәрекелді! Мың рахмет Ахмет атамызға. Балалар,мен сіздерге үлкен қуанышпен келдім және дос болып қайтатыныма сенімдімін!

Жүргізуші: Қош келдіңіз, қымбатты досымыз-кітап.Жоғары шығыңыз.

(кітапты төрге отырғызу)

Жүргізуші: Балалар, мен бүгінгі танымдық сағатымызды жұмбақ айтудан бастаймын.

Үндемес серік,ақылы берік.( кітап)

Қабат-қабат қаттама,ақылың болса аттама.( кітап)

Бір ғажап бар,тілі жоқ,сөйлесем десең міні жоқ.( кітап)

( Оқушылар жұмбақты шешеді)

Жүргізуші: Құрметті балалар,мен жұмбақпен тегін бастап тұрған жоқпын.Бүгінгі әңгімеміздің өзі кітап жөнінде болмақ.Кім біледі,балалар! «Кітап» деген сөз қайдан шыққан.Қандай мағына береді.

Кітап: Мен өзім жауап берейін бе?

Жүргізущі: Жоқ,балалар жауап берсін.

1-оқушы:Кітап-арабтың « жазу» деген сөзі.Кітап рухани қазына,өмір айнасы,замана сыры,тарих шежіресі,оқу-тәрбие құралы.Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар ғана білген.Сондықтан дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар еврей тілінде «Таурат»,қытай тілінде «Конфуция», парсы тілінде «Авеста», грек тілінде «Інжіл», араб тілінде «Құран» шыққан.

2-Оқушы: Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды.Ксилография қалыбы ХІ ғасырда пайда болған.Европада тұңғыш рет ХV ғасырда неміс өнер тапқышы Гутенберг баспа станогын жасап шығарды.Русте тұңғыш басылымды 1564 жылы Мәскеуде Иван Федоров пен Петр Мстиславец басып шығарды.

3-Оқушы: Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты.Бірақ араб тілінде ІХ ғасырда жазылған « Оғызнама», ХІ ғасырда Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» кітаптары болды. 1800 жылы қазақша кітаптар шығарыла бастады.

( Балалар,кітаптың пайда болу тарихын айтады)

Кітап. Ой,бәрекелді! Өздерің менің тарихымды жақсы біледі екенсіңдер.Міне ,мен осылай өмірге келдім. Мнеің атыма сай ішкі мәнімде өзгерді.Мен сендерге ақын аға-апаларыңның көңіл күйін, ішкі сезімін жеткіземін.

Жүргізуші: Оқушылар кітап жөнінде тақпақ айтады.

Оқушы : Кітап!

Сен адамзаттың жақын досы!

Келмейді сені оқымай көңіл хошы.

Ел мұңы,өмір сыры,ақын жыры

Басылған таңба болып өзіңде осы.

2-оқушы: Кітап-менің рухани астанам,

Қолыма алғаш «әліппе» алып бастағам

Кітап оқып, жан дүнием байыды

Шабытты жыр тудыратын,жас қалам!

Кітап-менің асыл,жақұт сырласым,

Бір өзіңе айтатұғын жыр басым

Жалықпаймын,жалықпаймын оқуға

Түндер келіп, тәтті ұйқымды ұрласын.

3-оқушы: Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы

Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы

Ашқанда өткен күнмен беттеріңді,

Келер күн көз алдыма кеп тұрады.

Дана халқымыздың көне де,көркем мәдени мұрасы мақал мен мәтел сөздер.Мақал-сөз мәйегі бөлімі. ( екі оқушы 5а,5б класынан шығады) Мен сендерге мақалдың бірінші жартысын айтамын,сендер мақалды аяқтауларың керек.

Еңбектің наны тәтті (жалқаудың жаны тәтті)

Ерте тұрған жігіттің ырысы артық.(ерте әйелдің бір ісі артық)

Оқу-білім азығы ( білім- ырыс қазығы)

Оқу-инемен (құдық қазғандай)

Бірлік болмай (тірлік болмас)

Кітап. Бәрекелді балалар! Барша әлемді ұлан- ғайыр білімімен таңқалдырған ғұламалар балалық балғын шағынан, өмірінің соңына дейін кітаппен дос болған.Мені басқа елдердегі жанашыр достарым күтіп жатыр. Енді соларға бет алмақпын.

Балалар! Ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына- кітаппен достықтарың үзілмесін. Әрқашан жүздеріңіз жарқын болсын, жолдарыңыз даңғыл болсын! Ал,жақсы балалар. ( Кітап кетіп қалады )



Жүргізуші: Қымбатты оқушылар!

Кітап сендерді мәңгі сенімді достарың, серіктерің болсын. Кітап қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсін. Ал, енді бүгінгі тәрбие сағатымыздың қорытынды сөзін мектебіміздің бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары Ержанова Сарқыт апайға береміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет