«Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де,балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
Ермек Өтетілеуұлы.
Астана-ҚР-ның саяси,әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындарыПрезидент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жанарып қалам,жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды,
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
(Әнұран айтылады)
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім,дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Достарыңызбен бөлісу: |