«Теміртау қаласы № 3жалпы білім
беретін орта мектебі» КММ
Тақырыбы: Блум таксономиясына негізделіп құрылған сабақтар жоспары.
Орындаған: бастауыш сынып
мұғалімі Манапова Жанар Пулатовна
Тақырыбы: 2-сынып. «Атасы мен немересі».
Спандияр Көбеев.
Мақсаты: Мәтінді талдап, өмірдегі ситуациялық жағдаяттардан шыға білу, алған білімдерін өмірде қолдана білуге,яғни функционалды оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттерін жетілдіру, жылдам оқу, оқығанын түсіне білуге үйрету.
Оқушыларды үлкенді сыйлау, құрметтеу, ата-анасына мейіріммен қарауға, айнала қоршаған ортасында болып жатқан жағдаяттарға немқұрайлы қарамауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Блум таксономиясы негізінде құрылған аралас сабақ.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар орнынан тұрып, сабаққа келген қонақттармен сәлемдеседі. Сабақ тақырыбы, мақсаты хабарланады. Оқушылардың сабақта өдерін мектеп ережесіне сай ұстауы ескертіледі.
Треннинг: Қадірлі атам мен әкем, мерейлі әжем мен аяулы анам анам... – деген сөзден кейін «сіздерге» сөздерін жалғастырып оқушылар өз тілектерін білдіреді. Мысалы зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат т.б
Өткен сабақққа шолу: «Ата ақылы» тақпағын бір оқушы айтады , ал екі оқушы ақылдың мағынасын айтып береді.
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа,
Үлкен болған кезінде,
Сыйлы болмақ өзі де.
Жаңа сабақ: Оқушылар бүгінгі әңгіменің авторы Спандияр Көбеев туралы қысқаша мәліметті айтып береді.
Спандияр Көбеев 1878 жылы туып, 1956 жылы 78 жасқа қараған шағында өмірден өткен.Ол Қостанай облысында туған. Балаларға арналған «Үлгілі бала» атты кітабы бар.
Тапсырмалар:___Білу.'>Тапсырмалар:
Білу. Әкесі көріп: «Шырағым не ғып жатырсың?»- дейді.Сонда баласы «Аяқ істеп жатырмын, шешем екеуің атам құсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйыпберемін» ,-дейді.
1.Бұл үзінді қай әңгімеден алынған? ...................................................................
2.Әңгіменің авторы кім? .....................................................................................
3. «Аяқ» сөзі бұл жерде қандай мағына беріп тұр? .............................................
4. Осы әңгіменің тобықтай түйінін қандай мақалмен жеткізуге болады.
(Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.)
Түсіну. Мәтіннен қартаюдың белгілерін теріп жаз.
Сұраққа жауап бер. Әңгімеден үлкенді сыйламауды қандай әрекеттерден білуге болады?
1.Алдына жаман дастархан жайды.
2.Тамақты жаман ыдысқа құйып берді.
3.Бөлек отырғызатын болды.
Қолдану.Екі бала автобуста отыр.Келесі аялдамадан автобусқа қолында сөмкесі бар қарт әже кірді. Зейін орнынан атып тұрып, әжейге орынын берді.Ал Сұлтан терезеден сыртқа қарап, байқамаған болдып отыра берді.Әжей түсуге дайындала бастады, қолындағы сөмкесінен алма алып Зейінге, содан соң Сұлтанға да берді. Автобустан түсіп бара жатып, Зейінге «Балам, жасың ұзақ болсын! Үлкенді сыйлап орныңды бергеніңе рахмет!»-деді. Сұлтан өзінің әдепсіздік көрсеткеніне өкініп кетті. Қолындағы алманы не жерін, не жемерін білмей келе жатты. Зейін оған: -Алмаңды жесейші, өте тәтті екен,-деп қояды.
Қарттарға сый көрсетудің түрлерін жаз.
1.Үлкенге орын беру.
2.Тілін алу, жұмсаса айтқанын тез орындау.
3.Мерекелерде сыйлық жасау.
4.Үлкен кісінің алдын кесіп өтпеу.
5.Сәлем беру.
Талдау.
1.Баланың әке- шешесінің қателігі неде?
2. «Көрген көргенін істейді» деген мақалдың осы әңгімеге қатысы бар ма? Бар болса өз ойыңды жаз.
Жинақтау.
1.«Қарттар үйі» тақырыбына эссе жаз.
2.Қарттар үйін болдырмау үшін не істеу керек деп ойлайсың?
Қарттар үйін болдырмау жолдары
1.
Бағалау. Оқушылардың жұмыстарын жинап алып, тапсырмаларға жекелеме баға қойылады, жалпы бағаларды бір –біріне қосып , тапсырма санына бөлеміз, сонда қорытынды баға шығады.
Бағалау парағы
№
|
Оқушылардың аты -жөні
|
Тапсырмалар
|
|
Баға
|
№1
|
№2
|
№3
|
№4
|
№5
|
Жалпы балл
|
1
|
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5,0
|
5
|
Қорытынды: Слайд-фильм. «Қара шал немесе қарттар үйінде».
Үй тапсырмасы: «Қарттар үйі», «Қартттарым, аман жүрсіз бе?» тақырыптарында зерттеушілік жұмыстар беріледі.Оқушылар жергілікті жердегі қарттардың жағдайы, қарттар үйі жайлы мәліметтер жинақтайды.
Тақырыбы: «Жетім» әңгімесі.4-сынып.(Блум таксономиясына құрылған сабақ)
Өту барысы:
1.Оқушылардың алдында «Жетім» әңгімесінің мәтіні беріледі.
Тапсырмалар:
1. Табиғат балаға қатал,суық көрінді.Әрі салқын,әрі қорқынышты күйді есіңе түсіргендей болады.Жүрегін қорқыныш басып,жалғызсырап келе жатқан баланы не бастап келеді?Жеті түнде айдап шыққан айдаушы кім?Айдаушы сол баланың тағдыры еді...
Үзінді қай әңгімеден алынғанын есіңе түсір? Әңгіме авторы кім?
2.
Әжесі өлгеннен кейін Қасым жетімдіктің күйін қалай сезінді? Мәтіндегі сөздерді қолдан, өз сөзіңмен көркемдеп жеткіз. Жаңбыр тамшыларына жаз.
3.Егер Қасым осы заманда болса, оның жағдайы қалай болар еді? (қайта өзгерту) Мәтінмен байланыстыра отырып ,өз ойыңды жаз.
Балалар үйі
4.Мәтіннің 8-9 азат жолдарын (абзацтарын) оқығанда көз алдыңа елестеген қорқыныш кейпін иллюстрациялап және көркем сөздермен дәлелдеп көрсет. (қиялыңды пайдалан)
Суретін сал.
Жіктеп жаз
5.Әңгімені өз ойыңмен аяқтап жаз.
6. «Жетім көрсең, жебей жүр» деген сөздің мағынасын қалай түсінесің? Сенің пайымдауыңша «жетімдік» деген не?
7. Қорытынды: Осы әңгімеден кейін «Бақыт» деген не деп ойлайсың?
Қолданылған әдебиеттер:
1.2-4 сынытардың әдебиеттік оқу пәні.
2.Блум таксономиясы жайлы ақпараттар. Ғаламтор.
3.Әдістемелік нұсқау хат. 2015-2016 жыл.
npk-2016@mail.ru
Тапсырмалар.
Білу. Әкесі көріп: «Шырағым не ғып жатырсың?»- дейді.Сонда баласы «Аяқ істеп жатырмын, шешем екеуің атам құсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйыпберемін» ,-дейді.
1.Бұл үзінді қай әңгімеден алынған? ...................................................................
2.Әңгіменің авторы кім? .....................................................................................
3. «Аяқ» сөзі бұл жерде қандай мағына беріп тұр? .............................................
...................................................................................................................................
4. Осы әңгіменің тобықтай түйінін қандай мақалмен жеткізуге болады.
.....................................................................................................................................
Түсіну. Мәтіннен қартаюдың белгілерін теріп жаз.
Сұраққа жауап бер. Әңгімеден үлкенді сыйламауды қандай әрекеттерден білуге болады?
1.
2.
3.
Қолдану.Екі бала автобуста отыр.Келесі аялдамадан автобусқа қолында сөмкесі бар қарт әже кірді. Зейін орнынан атып тұрып, әжейге орнын берді.Ал Сұлтан терезеден сыртқа қарап, байқамаған болдып отыра берді.Әжей түсуге дайындала бастады, қолындағы сөмкесінен алма алып Зейінге, сосын Сұлтанға да берді. Автобустан түсіп бара жатып, Зейінге «Балам жасың ұзақ болсын! Үлкенді сыйлап орныңды бергеніңе рахмет!»-деді.
Ал Сұлтан өзінің әдепсіздік көрсеткеніне өкініп кетті. Қолындағы алманы не жерін, не жемерін білмей келе жатты. Зейін оған «Алмаңды жесейші, өте тәтті екен»-деп қояды.
Қарттарға сый көрсетудің түрлерін жаз.
1.
2.
3.
4.
5.
Талдау. 1.Баланың әке- шешесінің қателігі неде?
..............................................................................................................................
..............................................................................................................................
...............................................................................................................................
2. «Көрген көргенін істейді» деген мақалдың осы әңгімеге қатысы бар ма? Бар болса өз ойыңды жаз.
.................................................................................................................................
.................................................................................................................................
..................................................................................................................................
.................................................................................................................................
Жинақтау.
1.«Қарттар үйі» тақырыбына эссе жаз.
.....................................................................................................................................
..................................................................................................................................... .....................................................................................................................................
..................................................................................................................................... .....................................................................................................................................
.....................................................................................................................................
.....................................................................................................................................
2.Қарттар үйін болдырмау үшін не істеу керек деп ойлайсың?
Қарттар үйін болдырмау жолдары
1.
2.
3.
4.
Достарыңызбен бөлісу: |