Тақырыбы: Босану жасындағы әйелдер үшін медициналық және әлеуметтік кеңес беру

бет2/5
Дата12.12.2023
өлшемі64,49 Kb.
#196534
1   2   3   4   5
Байланысты:
№6 сим сабақ 2
Мақпал, ОТЧЕТ Абу Қанағат 1.0, бетон, №9 ауд сабақ, №6 сим сабақ, №4 сим сабақ, №4 сим сабақ 2, python

Әрбір әйел өзінің денсаулығына бей-жай қарамай, ұқыпты күтінсе болды. Яғни, әйел баласы бала көтерердің алдында өз денсаулығы туралы толық мәліметі болуы керек. Дәрігерге бір тексеріліп барып және босану алдындағы дайындықтан өтуі керек. Қазір біздің дәуір техниканың алға жылжып, жаңа инновациялық технологиялардың жетілген заманы. Солардың көмегімен қанның анализі, бүйректің және асқазан-ішек жолдарының қызметін білу үшін барлық тексеруден мұқият өтсе болғаны. Негізі босану жасындағы әйел денсаулығына қатысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 3 шілдедегі № 452 бұйрығы бар, бұл «жүкті, босанатын, босанған әйелдерге және ұрпақты болу жасындағы әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру шаралары» деп аталады. Осы бұйрықтың негізінде әлгінде айтылған әйел баласы егер бала көтеремін десе, ол жүкті болар алдындағы дайындықтан өту керек. Ол жерде әйел міндетті түрде жылына бір рет өзінің аймақтық терапевтіне келіп тексерілуі қажет. Мұнда ол қанның, зәрдің жалпы анализі, індетті ауруларға тексеріліп, одан кейін бір рет гинекологтың қарауына барады.

бұйрықта «интергенетикалық интервал» деген бар, яғни екі баланың арасындағы бала көтеру уақытын сақтану ережесі. Табиғатта әйел баласы босанғаннан кейін оның жалпы ішкі ағзалары бір жылда орнына қалыптасып келе бастайды. Ал, барлық жүйелері толық екі жылда орнына келеді. Өйткені, жүктілік кезде эндокриндік жүйеге салмақ түседі. Әсіресе ағзада гармональды өзгеріс міндетті түрде болады. Гармональды өзгеріс қайтадан орнына барып қалыптасамын дегенше бір жылдай уақыт өтеді екен. Одан кейін барлық жүйелер бұрынғы физиологиялық қалпына келіп жұмыс істеуі үшін тағы бір жыл өтеді. Сондықтан әйел екі жыл өткеннен кейін құрсақ көтеріп, үшінші жыл дегенде жүкті бола жүріп, төртінші жылға қарағанда босанса құба-құп болар еді. Неғұрлым әйел ағзасының қалыптасып барып бала көтергені өзіне де, балаға да жақсы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет