Тақырыбы: Дәстүр мен ғұрып. Ұлттық дәстүрлер. Мақсаты



Дата10.06.2022
өлшемі113,54 Kb.
#146339
Байланысты:
Тақырыбы Дәстүр мен ғұрып. Ұлттық дәстүрлер. Мақсаты-melimde.com


Тақырыбы: Дәстүр мен ғұрып. Ұлттық дәстүрлер.
Мақсаты: Оқушыларға дәстүр мен ғұрып, ұлттық дәстүрлер туралы мағлұмат беру, ұлттық салт-дәстүрдің маңызын түсіндіру, ұлттық сананы, тіл байлығын, ой-өрісін дамыту, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Ата салтым-асыл мұрам, ардағым,


Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған
Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын,
Қазақ атты үлкен-кіші, балдырған.

Салт - адам өмірінің күнделікті тіршілігінде (отбасынан бастап қоғамдық өмірдегі қатынаста) жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас ережелері мен жол-жора, рәсім, заңдарының жиынтығы. Ол жеке адам өмірінде еңбек, іс-әрекет, адамгершілік, құқық, діни ережелермен байланысты көрініс береді де, біртіндеп ауыл-аймақ, ру-тайпаға ортақ рәсімге (ритуалға) айналады.
Дәстүр - қоғамдық сананың барлық салаларымен байланыста дамыған. Топтасқан қауымның қалыптасқан бірыңғай көзқарасын, әдет, заңын марапаттайтын рәсім. Сонымен қатар дәстүр - тарихи тұрақтанған. Қоғамдық қарым-қатынастың нормада бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасып жататын, көпшілік қоғам мүшелеріне ортақ әдет-ғұрыптардың жинақталған түрі.

Қазақ халқының салттары

Шілдехана - жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалған ойын-сауық тойы.

Кіндік кесер - нәресте туған сәтте оның кіндігін кесуге әйелдер (кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу - мәртебелі, абыройлы іс.

Бесікке салу - жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

Қырқынан шығару - баланың туғанына қырық күн толған соң, оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып, дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

Тұсау кесер - сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.

Қазақ халқының ғұрыптары

Ат қою - қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған.

Айдар - балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.

Кекіл - жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да, маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны «кекіл» дейді.

Қазақ халқының дәстүрлері

Базарлық - алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына әкелген сыйлығы.

Байғазы - балалардың жаңа киім үшін алатын ақшалай, заттай сыйы.

Тілашар - баласы жеті жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп, оқу жабдықтарын дайындап той жасайды.

Жеті ата - халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білдіруді міндеттеген. Олай болса жеті ата: Бала, Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.

Асату - ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.

Кері байланыс

«3 - 2 - 1»

  • Тәрбие сағатынан алған 3 маңызды ақпарат.

  • Тәрбие сағатында қиындық тудырған 2 аспект.


- Тәрбие сағатында ұнаған 1 іс-әрекет.

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет