6. Бекіту сұрақтары - 5мин
( жаңа сабақты сұрақтар бере отырып,білімдерін тексеру.)
7.Рефлексия - 3 мин
8.Бағалау- 3мин
9.Үй тапсырмасы –2 мин Инфрадыбыс және ультрадыбыстың денсаулыққа әсері. Конспект жазу.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасы. Балалар, өткен сабақта біз сендермен «Жарықтың дисперсиясы,интерференциясы және дифракциясы» тақырыбы өтілген болатын.үйге сол тапсырмалардан слайдтар жасап,дайындалып келу берілген болатын.
ІІІ. Логикалық сұрақтар.
1.Шөп және ағаш жапырақтарының түсі жазда жасыл болып,күзде сары болатыны неліктен?
(Себебі,олар өздеріне түскен Күн сәулелерінің ішіне тек жасылдарын ғана шағылдырады, қалғандарын жұтып алады,күзде сары түсті шағылдырады.)
2. Кемпірқосақ неліктен пайда болады?
( Жарық жаңбыр тамшыларына түсіп, шағылып аспанда жарық шоқтарының жіктелуінен кемпірқосақ пайда болады.)
3. Су бетіне майдың, мұнайдың, бензиннің тамшысы тамғанда неге түрлі түске боялады? ( Майдың су бетіне жайылуы кезінде жұқа қабыршық түзіледі.Күн сәулесі қабыршыққа түскенде,оның жоғарғы және төменгі беттерінен шағыла отырып,оны интерференциялайды.)
ІҮ. Қазір біз сіздермен өтілген тақырыптарды әндетіп, «Музыкалық ноталар» арқылы еске түсіреміз. Слайд № 10-11
Слайдта көрсетіліп отырған 7 нотаның кез-келгенін таңдаймыз да, ондағы берілген сұрақтарға жауап береміз.
1. «ДО» нотасы. Толқындық қозғалыс және толқын дегеніміз не?
(Тербелістің ортада таралу процесін толқындық қозғалыс деп,ал өзара байланысып тербелетін материялық нүктелер жиынтығын толқын деп атайды.)
Достарыңызбен бөлісу: |