Түрі: кездесу кеші
Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, ойталқы, ізденіс
Пәнаралық байланысы: тарих, дінтану, қоғам, география, әдебиет
Жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Кіріспе сөз
III. Ойталқы
IV. Ислам діні – Қазақтың рухани негізі
V. Пікірлесу, келген қонақпен сұхбат
VII. Қорытынды
Барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Кіріспе сөз
Қазақстан Республикасының Конституциясында «Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету – көрсетпеуге хақылы» делінген (бейне материал)
Олай болса, оқушыларымыздың дін жөніндегі білімдерін байқасақ.
III. Ойталқы
Дін дегеніміз не?
Қандай дүниежүзілік діндер бар?
Дін қазіргі қоғамда қандай орын алады?
Қазақстан Республикасының Конституциясында дін туралы не айтылған?
Діннің адамның рухани өміріндегі орны немен анықталады?
Діннің адам баласын біріктірудегі ролі.
1-оқушы: Дін дегеніміз - ежелден келе жатқан мәдениет түрінің бірі. Екінші сөзбен айтсақ, дін адамгершіліктің, қайырымдылықтың, ізгіліктің, мейірбандылықтың мықтап орнығуына көмектесуде. «Қиянат қылма, ұрлық істеме, кісі ақысын жеме, күштілір әлсіздерге үстемдік жасамасын, жетім жесірге, қаріп-қасірге қорған бол, ақ бол,а дал жүр», дейді дін.
Қосымша: Дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Діннің басты белгісі – адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс ретінде сену және оны мойындау. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдаймен байланысын орнат.
2-оқушы: Адам баласының тарихында көп тараған дүние жүзілік діндер: буддизм, христиан, ислам.
1. Буддизм – әлемдік діндердің ішіндегі ең ежелгісі (б.з.д VI ғ.) болғанымен бұл дінді ұстанушылардың саны христиандар мен мұсылмандарға қарағанда әлдеқайда аз.
2. Христиан діні – әлемдік діндер арасындағы саны жағынан басым. Бұл дінге сенушілер 2/5 бөлігін құрайды.
Католик
Х ристиан діні Протестант
Православие
3. Ислам – салыстырмалы түрде жаңа дін болса да, барлық дерлік дүние бөліктеріне таралған. Сүниттік, шииттік ағымдарынан тұрады. Дүниежүзінің 120 елінде мұсылман мешіттері мен қауымдастықтары бар.
Ислам дінінің негізі 610 жылы Арабия түбегінде қаланды. Исламның дүние жүзіне кең таралуына алғашқы кезде арабтардың жаулап алу соғыстары мен сауда қатынастары ықпал етті. VІ – VІІ ғасырдарда арабтар мәдениеті кіші Азия мен Үнді өзені бойына солтүстік Африкаға таралса X ғасырда ислам қазіргі Иран, Ирак, Орта Азия жерлеріне келіп жетті. Ислам дінінің қағидаларында мұсылмандардың білім алуға ұмтылысы жаңа жерлерге саяхат жасауы құпталады. Араб саяхатшылары сауда керуендерімен бірге көптеген алыс-алыс елдерге барып, ислам мәдениетінің кеңінен таралуына себепші болды. Мұсылмандар үшін Сауд Арабиясындағы Мекке (Мұхаммед Пайғамбардың дүниеге келген жері) және Мәдиненің (Пайғамбардың жерленген жері) орны ерекше. Осы қалаларға қажылық сапарға барып – келу мұсылманның парызы болып саналады.
Қосымша: Діндер халықты қамтуы жөнінен: халықтық – тайпалық, ұлтаралық, әлемдік болып та бөлінеді.
3-оқушы: 1985 жылы Америкасының Гэллап итститутының жүргізген зерттеуіне қарағанда, Африка тұрғындарының 95%-ы, Латын Америкасының 96%-ы, АҚШ-тың 94%-ы, Азияның 89%-ы, Батыс Еуропа халқының 78%-ы дінге сенушілер.
Алайда діннің кең тарағандығын білдіретін бұл көрсеткіштер қазіргі қоғамдағы діннің ролін анықтай алмайды. Дін адамның рухани өміріне, бірінші кезекте имандылығына әсер етеді. Әсіресе соңғы кезде діндер адамды имандылыққа шақыруда елеулі жұмыстар жүргізуде.
4-оқушы: Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататанын өзі анықтауға және оны көрсету – көрсетпеуге хақылы. Қазақстан Республикасының Конституциясының 19 бабы.
Қосымша: Имандылықты Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың да қолдайтыны көпке үлгі болатын жағдай.
– Сіз өзіңізді діншіл, Құдайға сенетін адаммын деп айта аласыз ба? Деген тілші сауалына Нұрсұлтан Әбішұлы былай деп жауап берген болатын: “Маған рухани күш және діни сенім бір-бірімен тығыз байланысып, қатар жүретін сияқты көрінеді де тұрады. Адам әуелі рухани жағынан кемелденуге қадам жасайды да, содан кейін Құдайды мойындап, оған жақындай түседі.
Мұсылман діні мен христиан діні – Қазақстанның қос қанаты. Қай діннің болса да өмір сүруге құқығы бар. Ал, адамдарды оларды таңдау құқығы, ождан бостандығы болуы тиісті... Бұл өнегелі сөздердің үлкен мәні барлығы айтпаса да түсінікті.
5-оқушы: Күнделікті өмірде өзімшіл, күншіл, пайдакүнем, менмен, тәкаппар, суайт адамды имансыз адам деп атайды. Сондықтан адамның асыл қасиетінің – адамгершілік, жақсылық, ерлік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, адамдық, әділдік шыншылдық ұяттылық жиынтығын имандылық дейміз.
Қосымша: «Адамзатты басқа бүкіл тіршілік иелерінен ажыратып тұрған нәрсе – руханият». Өнерге, білімге құштарлық, ғылымға талпыну, ата-ана алдында парызды түсіну, ерікті еңбексүйгіштік, туған топырақ – Жер Ананы, ана тілді қастерлеу, Отанды сүю сияқты тек азаматқа лайықты ізгі сипаттар әрбір кісінің руханиат белгілері болып табылады. Руханиат адамның бүкіл жан дүниесін, оның дүние танымын, білім деңгейін, ұлттық қадір – қасиет, құндылықтарды меңгеру биіктігін, жалпы адамдық мінез-құлық, іс-әрекеттері мен қоғамға үйлесімділігін қамтитын игі қасиеттер жиынтығы.
6-оқушы: Дүниежүзілік діндердің қайсысы болсын жаратуышыны насихаттайды, адамды имандылыққа баулыйды. Қазақстан көп ұлтты ғана емес, сондай-ақ көп дінді ел. Діннің орасан зор адамгершілік қуаты республиканың өмірінде біріктіруші рөл атқаруға тиіс және атқара алады.
Қосымша: Қазақстан Ислам Ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етті.
Достарыңызбен бөлісу: |